О признании утратившими силу некоторых решений Кызылординского областного маслихата Қолданыста
Басқа 0
Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Қызылорда облыстық мәслихатының
2025 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 210
шешіміне қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6851 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 436 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне толықтыру енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8225 болып тіркелген);
Тармақ 4
4. «Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8462-11 болып тіркелген).