Об определении мест, в которых запрещен выгул домашних животных либо нахождение с животными с иной целью Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау туралы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 357 қаулысына қосымша Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының аумақтарында.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдарының аумақтарында.
Тармақ 3
3. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының аумақтарында.
Тармақ 4
4. Медициналық ұйымдарының аумақтарында.
Тармақ 5
5. Емдеу ұйымдарының аумақтарында.
Тармақ 6
6. Мәдениет ұйымдарының аумақтарында.
Тармақ 7
7. Балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтарында.