Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Қолданыста
Басқа 0
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық
мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
«Қазақстан Республикасының Салық Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 577 - бабына, 581 - бабының 3 - тармағына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
Тармақ 2
2. Риддер қаласы салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Риддер қалалық маслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/17-VІ «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5558 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
Риддер қалалық мәслихаттың
2025 жылғы «19» желтоқсандағы
№ 33/7-VIII шешіміне
1-қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№
Автотұрақтар (паркингтер) түрлері
Санаттар
1
Жер үсті шатырмен жабылған автотұрақтар, шатырмен жабылмаған автотұрақтар.
1-санат
2
Басқа мақсатқа арналған ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар, басқа мақсаттарға салынған ғимараттарға ішкери салынған автотұрақтар.
2-санат
3
Ғимараттардың жер асты, жертөле, цокольды немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар.
3-санат
Басқа 6. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
Риддер қалалық мәслихаттың
2025 жылғы «19» желтоқсандағы
№ 33/7-VIII шешіміне
2-қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
№
Автотұрақтар санаттары
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы
1
1-санат
8,2025
10 есе
2
2-санат
8,2025
9 есе
3
3-санат
8,2025
8 есе