Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Шымкент Қолданыста
Басқа 0
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасының 10%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден артық емес мөлшерді құрайды деп айқындалсын.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Шымкент қаласы мәслихатының
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 31/283-VIII шешіміне
қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
Тармақша 3
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
Тармақша 4
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 6
6) асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар);
Тармақша 7
7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 8
8) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 9
9) толық емес отбасылар;
Тармақша 10
10) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.