О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 309 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6767 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 16 шілдедегі № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23604 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.