О некоторых вопросах остродефицитных медицинских специальностей в сельских населенных пунктах области Абай Қолданыста
Басқа 0
Абай облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 14-8) және 14-9) тармақшаларына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерге жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалықының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуді камтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Абай облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Басқа 6. Абай облысының ауылдық елді мекендерінде
аса тапшы медициналық мамандықтар
Абай облысы әкімдігінің
2025 жылғы «19» желтоқсандағы
№ 220 қаулысына
қосымша
Абай облысының ауылдық елді мекендерінде
аса тапшы медициналық мамандықтар
р/с
№
Аса тапшы медициналық мамандықтар атауы
1.
Жалпы дәрігерлік практика
2.
Терапия
3.
Педиатрия
4.
Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)
5.
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
6.
Неврология (ересектер, балалар)
7.
Неонатология
8.
Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)
9.
Жалпы хирургия
10.
Травматология-ортопедия (ересектер, балалар
11.
Радиология
12.
Пульмонология (ересектер, балалар)
13.
Кардиология (ересектер, балалар)
14.
Балалар хирургиясы