Об утверждении формы и Правил выдачи удостоверений рыбака и егеря Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидаларын және нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-82) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 1. Балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 480 бұйрығына 1-қосымша Балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-82) тармақшасына сәйкес әзірленді және балықшы және қорықшы куәлігін беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды өзінің еңбек міндеттемелеріне байланысты жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері (бұдан әрі – балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері);
Тармақша 2
2) балықшы куәлігі – балық шаруашылығы субъектісі берген, жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 3
3) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
Тармақша 4
4) қорықшы – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорық қызметінің арнайы уәкілетті адамы (бұдан әрі – қорық қызметінің арнайы уәкілетті адамы);
Тармақша 5
5) қорықшы куәлігі – қорықшының құқығын куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат.
Тарау 2. 2-тарау. Балықшы және қорықшы куәлігін беру тәртібі
2-тарау. Балықшы және қорықшы куәлігін беру тәртібі
Тармақ 3
3. Балық шаруашылығы субъектісі балықшының куәлігін және қорықшы куәлігін қорық қызметінің арнайы уәкілетті тұлғаларына немесе балық шаруашылығы субъектісінің қызметкерлеріне еңбек шартының қолданылу мерзіміне сәйкес береді.
Тармақ 4
4. Балық шаруашылығы субъектісі қағаз түрінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балықшылар куәліктерінің тізілімін, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорықшылар куәліктерінің тізілімін жүргізеді.
Тармақ 5
5. Балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері балықшы куәлігінің сақталуын және оның үнемі өзімен бірге болуын және қорық қызметінің арнайы уәкілетті адамы қорықшы куәлігінің сақталуын және еңбек міндеттерін орындау кезінде оның үнемі өзімен бірге болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Куәлік жоғалған, бүлінген не аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайда, балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері балық шаруашылығы субъектісіне Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Тармақ 7
7. Ескі куәлік тиісті акт жасала отырып есептен шығару және жою үшін балық шаруашылығы субъектісіне қайтарылуға тиіс.
Тармақ 8
8. Жаңа куәлікті ресімдеу кезеңінде балық шаруашылығы субъектісі балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскеріне және қорық қызметінің арнайы уәкілетті адамына жаңа куәлік алғанға дейін, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге жарамды анықтама береді.
Тармақ 9
9. Куәлік жоғалған жағдайда, балық шаруашылығы субъектісі өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында куәлікті жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жариялау жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 10
10. Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда балық шаруашылығы субъектісі өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде жаңа куәлікті рәсімдейді және береді.
Тармақ 11
11. Жарамсыз деп танылған куәліктер, сондай-ақ жарамсыз болған (бүлінген) куәліктер еркін нысанда жою туралы акт жасала отырып, жойылуға тиіс.
Басқа 1.1. Балықшылар куәлiктерінің тізілімі
Балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидаларына 1-қосымша Нысан Балықшылар куәлiктерінің тізілімі № Балықшының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы Балықшы куәлiгiнiң нөмiрi Балықшы куәлігін балықшы куәлігінің төлнұсқасын беру / ауыстыру Балықшы куәлігінің немесе балықшы куәлігінің төлнұсқасының берілген/ауыстырылған күні 1 2 3 4 5 6
Басқа 1.2. Қорықшылар куәлiктерінің тізілімі
Балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Қорықшылар куәлiктерінің тізілімі № Қорықшының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы Қорықшы куәлiгiнiң нөмiрi Қорықшы куәлігін немесе төлнұсқасын беру / ауыстыру Қорықшы куәлігін немесе төлнұсқасы берілген/ауыстырылған күні 1 2 3 4 5 6
Басқа 1.3. Өтініш жоғалған, бүлінген, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген кезде
Балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидаларына 3-қосымша Нысан _______________________басшысына (балық шаруашылығы субъектісінің атауы) Өтініш жоғалған, бүлінген, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген кезде Тегі ____________________________ Аты ________________ Әкесінің аты (бар болса) ___________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________ Тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефоны ______________________________ Маған _______________________________________ берген №________ (берілген күні және балық шаруашылығы субъектісінің атауы) балықшы/қорықшы куәлігінің төлнұсқасын беруіңізді сұраймын ______________________________________________ / ________________/ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 2. Балықшы куәлігінің нысаны
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 480 бұйрығына 2-қосымша Нысан Балықшы куәлігінің нысаны Балықшы куәлiгiнiң мұқабасы (өлшемі 105х80 миллиметр, түсi көк, қою сары түстi жазу қысып басу әдiсiмен жасалады) Қазақстан Республикасы Республика Казахстан Балықшы куәлігі Удостоверение рыбака Балықшы куәлігінің ішкі беті ________________________________________ балық шаруашылығы субъектісінің атауы/ наименование субъекта рыбного хозяйства № ____ балықшы куәлiгi/Удостоверение рыбака № _______________________________ (балықшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/ (фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Туған күні жылғы «___» ________ / Дата рождения «__» _________ года Балықшы өтiлi _____ жылдан бастап _____ жыл /Стаж рыбака ___ лет, с ________ года Куәлiктi берген/Удостоверение выдано__________________________ (балық шаруашылығы субъектісінің атауы)/ (наименование субъекта рыбного хозяйства) ________________________________ (куәлiктi берген адамның қолы, тегі, аты-жөні)(бар болса)/(подпись лица, выдавшего удостоверение, фамилия, инициалы) Берілген күні 20__жылғы «__»____________. 20__жылғы «__»__________ дейiн жарамды / Дата выдачи «__» ______ 20__года. Действительно до «__»______ 20__ года
Басқа 3. Қорықшы куәлігінің нысаны
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 480 бұйрығына 3-қосымша Нысан Қорықшы куәлігінің нысаны Қорықшы куәлiгiнiң мұқабасы (өлшемі 95х66 миллиметр, түсi қызыл, жазуы алтын түстес, ішкі жағының тысы көгілдір түсті, баспаханалық тәсілмен жасалады) Қазақстан Республикасы Республика Казахстан Қорықшы куәлігі Удостоверение егеря Қорықшы куәлігінің iшкi бетi ________________________________________ балық шаруашылығы субъектісінің атауы/ наименование субъекта рыбного хозяйства № ____ қорықшы куәлiгi/Удостоверение егеря № _______________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/ (фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Туған күні жылғы «__»_________ жылғы/ Дата рождения «___» _________ года Куәлiктi берген /Удостоверение выдано________________________ (балық шаруашылығы субъектісінің атауы)/(наименование субъекта рыбного хозяйства) ________________________________ (куәлiктi берген адамның қолы, тегі, аты-жөні)(бар болса)/(подпись лица, выдавшего удостоверение, фамилия, инициалы) Берілген күні 20__жылғы «__»____________. 20__жылғы «__»__________ дейiн жарамды / Дата выдачи «__» ______ 20__года. Действительно до «__»______ 20__ года
Басқа 4. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 480 бұйрығына 4-қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16463 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 18 маусымдағы № 149 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20878 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28499 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 678 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30357 болып тіркелген).