Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар, көлігі және автомобиль жолдары бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі, жалпы ауданы 0,006 гектар жер учаскесіне, орналасқан мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мекенжайында орналасқан жер учаскесіне 49 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, электрмен жабдықтауға қызмет көрсету үшін, Абылай хан көшесі, Новоишим ауылы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.