О корректировке базовых ставок земельного налога Күшіне енбеген
Басқа 0
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» кодексінің 582-бабының 1-тармағына, Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы №49/3-VI «Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7904 нөмірімен тіркелген) сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласының елді мекендерінің жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» кодексінің 577-бабында белгіленген:
Тармақша 1
1) Риддер қаласының жерлеріне арналған:
1 - аймақ бойынша – 50 % - ға арттырылсын;
2 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
3 - аймақ бойынша – 30 % - ға арттырылсын;
4 - аймақ бойынша – 35 % - ға арттырылсын;
5 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
6 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын;
7 - және 8 - аймақтар бойынша - жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын;
Тармақша 2
2) Риддер қаласының Үлбі кентінің, Ульбастрой ауылының, Лениногорский лесхоз ауылының жерлеріне:
1 - аймақ бойынша – 50 % - ға арттырылсын;
2 - аймақ бойынша – 50 % - ға арттырылсын;
3 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
4 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
Тармақша 3
3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жеріне:
1 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
Тармақша 4
4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жеріне:
1 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын;
Тармақша 5
5) Риддер қаласы Лесное ауылының жеріне:
1 - аймақ бойынша – 40 % - ға арттырылсын.
Риддер қаласының Бутаково ауылының, Верхняя Хариузовка ауылының, Коноваловка ауылының, Ливино ауылының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Риддер қаласының әкімшілік бағынысының шекарасындағы елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» кодексінің 578 - бабында белгіленген:
Тармақша 1
1) Риддер қаласының жеріне арналған:
3 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын;
6 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын.
Тармақ 3
3. Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) 2020 жылғы 30 қарашадағы №49/5-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7964 нөмірімен тіркелген);
Тармақша 2
2) 2022 жылғы 31 тамыздағы №17/2-VІI «Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 29415 нөмірімен тіркелген).
Тармақ 4
4. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.