Об утверждении цен на услуги по отслеживанию международных железнодорожных перевозок с использованием электронных идентификаторов (навигационных пломб), реализуемые национальным оператором информационной системы отслеживания перевозок Қолданыста
Басқа 0
Халықаралық теміржол тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, тасымалдарын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 6-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 526/НҚ бұйрығымен бекітілген Ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Халықаралық теміржол тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, тасымалдарын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Басқа 1. Халықаралық теміржол тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық
жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді
(навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, тасымалдарын
қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағалары
Қосымша 1
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігінің
Аэроғарыш комитеті төрағасы
міндетін атқарушының
2025 жылғы __ желтоқсандағы
№__ бұйрығына
Халықаралық теміржол тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық
жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді
(навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, тасымалдарын
қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағалары
№
Қызметтің атауы
Қосылған құн салығын есептемегендегі баға, теңге
1.
Қадағалау объектісінің тасымалын бастау және оны қадағалау
70001
2.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет аумағы арқылы қадағалау объектісінің тасымалдануын қадағалау
28590
3.
Қадағалау объектісінің тасымалын қадағалауды аяқтау
55905