Об определении порядка прогнозирования поступлений в местный бюджет по категориям, классам и подклассам единой бюджетной классификации Туркестанской области Қолданыста
Басқа 0
Түркістан облысының бірыңғай бюджеттік сыныптаманың
санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысының бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1)осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2)осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.