Об утверждении Правил общего водопользования Кызылординской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Су Кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы « 9 » желтоқсандағы № 211 шешімімен бекітілген Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың Қызылорда облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2 тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі
2 тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) су объектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;
Тармақша 3
3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;
Тармақша 4
4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.
Тармақ 7
7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуы тиіс.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 9
9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғалармен, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғалармен ұйымдастырылады.
Тармақ 10
10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;
Тармақша 2
2) су объектілерін ластау және кірлету;
Тармақша 3
3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;
Тармақша 5
5) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;
Тармақша 6
6) жанармай және майлау материалдарын сақтау;
Тармақша 7
7) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 8
8) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.