О ликвидации кладбища, расположенного к югу от бывшего посёлка Жезказган, (переносе) перезахоронении останков умерших и надмогильных сооружений Қолданыста
Басқа 0
Бұрынғы Жезқазған кентінің
оңтүстігінде орналасқан
зиратты жою, марқұмдардың
сүйегін қайта жерлеу және бейіт
құрылыстарын көшіру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен бекітілген «Зираттар мен жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына, Ұлытау облысы мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 127 шешімімен бекітілген Ұлытау облысындағы жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ 2016 және 2024 жылдары «ҚазНИМИ» ЖШС әзірлеген «Жезқазған кен орны қуыстарын басқарылатын түрде жабудың жаңа технологиясын әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі есепке, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тау-кен байыту кешенінің геомеханикалық бөлімінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 01-7.10.2.4-9-152 бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зират аумағында топырақтың опырылу қаупі бар екендігі туралы қорытындысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 23-29-2-9/2113 қорытындысына, жерленген азаматтардың туыстарының өтініштерін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімі Д.А. Рысбеков төрағалық еткен 2025 жылғы 8 желтоқсандағы бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зиратты көшіру (қайта жерлеу) мәселесі бойынша өткізілген кеңестің хаттамалық тапсырмасына, сондай-ақ 2025 жылы «Victoria-проект» ЖШС әзірлеген «Сәтбаев қаласындағы зират аумағында жер асты суларының орналасуын және топырақтың жай-күйін анықтау бойынша инженерлік-геодезиялық жұмыстар» есебін ескере отырып,
ҚАЛА ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын ескі зираттағы 2146 жерлеу орнын және қабір үсті құрылыстарын көшіру (қайта жерлеу) жұмыстары басталсын.
Тармақ 2
2. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі алдағы қайта жерлеу жұмыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жерленгендердің туыстарымен және Сәтбаев қаласының жұртшылығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;
Тармақ 4
4. Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын зиратты көшіру (қайта жерлеу) жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде барлық қажетті нормативтік-құқықтық және рұқсат беру құжаттамасының рәсімделуін қоса алғанда, қажетті іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етілсін;
Тармақ 5
5. «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта жерлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын зират орналасқан жер учаскесіне құқықтардың тоқтатылуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 6
6. Зиратты қайта жерлеу жұмыстарына жауапты тұлға ретінде Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Орманов айқындалсын;
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.