О порядке уплаты и ставках сборов за право реализации товаров на рынках Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысының базарларында тауарларды сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алмдардың ставкалары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімінің 28.12.2004 жылғы № 69 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235
Заң күші бар Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж.
4 қыркүйектегі N 840 қаулысын орындау үшін, шешім етемін;
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандар әкімдері
-уәкілетті және құзыретті органдар қабылдайтын, актілермен бекітілген, Базарлардағы сауда ережелеріне және оларға қойылатын санитарлық
талаптарға сәйкес базарлардың санаттарын айқындасын
-тауарларды сату құқығы үшін алымдардың ставкаларын осы шешімде айқындалған шекте белгілесін N1,2 тіркемеге сәйкес;
-базарларда тауарларды сату құқығы үшін алым ақыны меншіктік нысанына қарамастан, олар уәкілеттік берген органда, не базарлардық әкімшіліктері арқылы өндіріп алуды қамтамасыз етсін;
-фискальды зердесі бар бақылау касса аппараттарын қолданбастан алым
ақыны алуға тиым салсын.
Облыстық зкономика басқармасына Қашақов А.К.), баға және монополияға қарсы саясат мемлекеттік комитета (Гребеньков А.Н.) облыстық
санитарлық эпидемиологиялық станкциясы (Нейзер В.Э.) базарларда сауда жасаудың және оларта қойылатын санитарлық бақылауды күшейтсін.
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитеті (Сәрсенқұлов Ж.С.) облыс базарларында тауарларды сату құқығы үшін бюджетке төленетін алым ақы сомасының, уақытында және толық төленуіне бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 1998 ж. 17 шілдедегі N 201 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.Аманкұловқа жүктелсін.
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкімінің
1998 ж.25 қыркүйектегі
№ 246 шешіміне тіркеме № 1.
Маңғыстау облысының базарларында тауарларды сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен ставкалары туралы
Е Р Е Ж Е
Тарау 1. 1. Жалпы ЕРЕЖЕЛЕР
1. Жалпы ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және қолдануға енгіз ілді,
Тармақ 2
2. Ереже облыстың базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымның сомасын жергілікті бюджеттердің кірісіне есептеудің және аударудың, тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2. АЛЫМАҚЫ ТӨЛЕУШІЛЕР
2. АЛЫМАҚЫ ТӨЛЕУШІЛЕР
Тармақ 3
3. Облыс базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымақы төлеушілер жеке кесіпкерлік қызметінің субъектілері ретінде салық органдарында тіркелмеген және облыс базарларында тауарларды сатуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады.
Салық органдарында салық, төлеушілер ретінде тіркелген заңды және жеке тұлғалар базарларда тауарларды сату құқығы үшін алымақы төлеушілер болып табылмайды және базарларда тауарларды сату жөніндегі операцияларды "Фискальды" зердесі бар бақылау - касса аппараттарың қолдану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997ж. 24 наурызындағы N 9-3-2-3\1847 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес Фискальдық зердесі бар бақылау-касса аппараттары арқылы жүргізуге міндетті.
Жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және патент негізінде салық төлеп тұратын жеке тұлғалар базарларда тауарларды жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін алымақы төлеушілер болып табылмайды және тауарларды жұмыстарды, қызрмет көрсетулерді) сату жөнін- дегі операцияларды фйскальдық Зердесі бар бақылау - касса аппараттарын қолданбастан жүргізеді.
Тарау 3. 3. АЛЫМАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
3. АЛЫМАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
Тармақ 4
4. Базарларда тауарларды сату құқығы үшін алымақы төлеу базардың аунағында салық төлеушілер саудасын бастағанға дейін фискальдық зердесі бар бақылау-касса аппараттары арқылы жүзеге асырылады.
Облыстың базарларында тауарлар сату құқығы үшін алым, базарда орналастырылған сауда нүктелердің санына қарамастан, ондағы орналасқан алаңның әр шаршы метрі бұдан әрі - базар алаңы үшін күн сайын төленеді. Арымның ставкасы базар алаңының бір шаршы метрі есебімен белгіленеді. Төлеушінің қалауы бойынша алымақы 1 күннен 30 күнге дейінгі мерзімде төленуі мүмкін. Бұл орайда алымның сомасы күндердің санына бара-бар ұлғайтылады.
Алымақының төленгені туралы чек немесе тауар чегі салық төлеушіге осы алымақы төленетін базар аумағында сауда жүргізуге,қызмет көрсетуге және жұмыстарды орындауға рұқмат береді.Фискальдық зердесі бар бақылау –касса аппараттары бұзылып қалған кезде және уәкілетті және құзіретті органдар қолданатын актілерде
қарастырылған басқа да жағдайларда базар әкімшілігі бір күннің ішінде салық органдарын осы туралы жазбаша хабар етеді. Бұл орайда алымақыларды төлету тауар чектерін бере отырып, чек кітапшаларының көмегімен жүзеге асырылады.
Чектерде және тауар чектерінде міндетті деректенелерден басқа төлеушінің аты-жөні орнының нөмірі, базардың атауы және оның әрекет ету мерзімі керсетіледі. Чектерді, тауар чектерін басқа адамдарға беруге болмайды.
Алымақы түрінде базардың кассасына түскен қаражат күн сайын заңда белгіленген тәртіппен инкассаланады және жергілікті бюджеттің кірісі не қосылады.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы әкімінің 21.06.1999 № 151 шешімімен.
Тарау 5. 5. Салық қызметтері қызметкерлерінің талап етуі бойынша алымақы төлеуші лер мыналарға
5. Салық қызметтері қызметкерлерінің талап етуі бойынша алымақы төлеуші лер мыналарға
-облыс базарларында тауарлары сату құқығы үшін алымақы төленгені туралы чектерді немесе тауар чектерін;
-азық- түлік таурларды бойынша - сапа ( сәйкестік) сертификатын;
-шетелдік азық-түлік, косметикалық , парфюмерлік және жуатын тауарлар бойынша - сапа ( сәйкестік) сертификатын, кеден декларациясының көшірмесін,касса чегін, шот- фактураны немесе шетелдік тауарды сатып алу кезінде берілген іліспе хатты көрсетуге міндетті.
Аталған құжаттар болмайынша, базарда тауарларды сатуға тыйым салынады.
Тарау 4. 4. АЛЫМАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕҢІЛДІКТЕР
4. АЛЫМАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕҢІЛДІКТЕР
Тармақ 6
Алынып тасталды- Маңғыстау
облысы әкімінің 21.06.1999 № 151 шешімімен.
Тарау 5. 5. АЛЫМАҚЫ ТӨЛЕУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТӘРТІП БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШIЛIК
5. АЛЫМАҚЫ ТӨЛЕУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТӘРТІП БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШIЛIК
Тармақ 6
6. Базар әкімшілігі немесе алымақыны жүзеге асыруға уәкілдік берген орган облыс базарларында тауарларды сату құқығы үшін, алымақының сомасы жергілікті бюджеттің кірісіне толық және уақытында аударылуы үшін және алымның салық, заңдарына сәйкес фискальдық зердесі бар бақылау касса аппараттарын қолданбастан жүзеге асырылуы үшін жауап береді.
9. Облыс базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымақы сомасының бюджетке толық және уақытында төленуін бақылауды Маңғыстау облысының салық органдары жүзеге асырады.
Басқа 18
Маңғыстау облысы әкімінің 1998 ж.
25 қыркүйектегі № 246 шешіміне
тіркеме N 2
Маңғыстау облысының базарларында тауарларды жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сату құқынғы үшін алымның ставкалары