О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления и бюджетных отношений Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің ара жігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 22, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 10, 341-құжат):
Тармақша 1
1) 21-баптың 1-тармағында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) референдумның бастамашыл тобын және оның референдумға ұсынатын мәселесiн (мәселелерiн) тiркеудi жүзеге асырады және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабар орналастырады;";
мынадай мазмұндағы 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәлiктiң нысанын бекiтедi;
13) референдумның бастамашыл тобын тiркеу туралы куәлiк берудi жүзеге асырады, сонымен бiр мезгiлде қол қою парақтарын бередi;
14) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда бастамашыл топ мүшелерiнiң қызметін; бастамашыл топтың қызметiн тоқтату туралы және оны тiркеу жөнiндегi куәлiктi қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;
15) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген учаскелерде (әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерде) референдум өткiзудi жарамсыз деп таниды.";
Тармақша 2
2) 22-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) референдумның бастамашыл тобының қол қою парақтарының осы Конституциялық заңда белгiленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргiзедi.";
Тармақша 3
3) 23-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бюллетеньдердi жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдайды.";
Тармақша 4
4) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Референдумның нәтижелерiн шығару кезiнде бюллетеньдердiң жарамсыз деп танылуына байланысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда мәселені дауыс беру жолымен учаскелік референдум комиссиясы шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екісiнiң дауысымен қабылданады.".
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 4, 44 құжат; 1999 ж., N 10, 344-құжат):
Тармақша 1
1) 14-баптың 6) тармақшасындағы, 15-баптың 4) тармақшасындағы "қолданылып жүрген заңдарда белгiленген" деген сөздер "өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен , заңдарымен және Президентiнiң актiлерiмен жүктелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 19-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Үкiметтiң қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.".
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 173-құжат):
Тармақша 1
1) актінің нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;
Тармақша 2
2) кіріспе алып тасталсын;
Тармақша 3
3) мәтіндегі "осы Жарлықты", "осы Жарлықта", "осы Жарлықпен", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықтың", "Осы Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "осы Конституциялық заңды", "осы Конституциялық заңда", "осы Конституциялық заңмен", "осы Конституциялық заңға", "осы Конституциялық заңның", "осы Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын.
Бап 2
2-бап. Осы Конституциялық заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.