Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Freedom Telecom Operations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Ақтөбе облысы Байғанин ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 23,6 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 49 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.