Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в области образования по методологическому и научно-методическому обеспечению системы образования и образовательного процесса (государственные общеобязательные стандарты образования, типовые учебные планы, типовые учебные программы) Қолданыста
Басқа 0
Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі
Басқа 0. Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
міндетін атқарушының
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 291 бұйрығына қосымша
Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары
р/т
№
Көрсетілетін қызметтер түрі
Өлшем бірлігі
Қосымша құн салығынсыз баға, теңгемен
1
2
3
4
1.
Білім беру жүйесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру
1 баспа табақ
335 663,77
2.
Білім беру процесін жүргізуді ұйымдастыру (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары)
1 баспа табақ
285 697,07