Об информации начальника областного управления экономики, промышленности и торговли Качакова А.К. "О подготовке объектов жилищно-коммунального хозяйства и топливно-энергетического комплекса области к работе в зимних условиях" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облыстың тұрғын-үй коммуналдық объектiлерi мен отын-энергетикалық комплексiнiң қысқы жағдайда жұмыс жасауға әзiрлiгi туралы" облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасының бастығы А.Қ. Қашақовтың ақпараты туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық мәслихатының 31.03.2004 № 4/54 шешімімен. Облыстық мәслихат "Облыстың тұрғын-үй коммуналдық объектiлерi мен отын-энергетикалық комплексiнiң қысқы жағдайда жұмыс жасауға әзiрлiгi туралы" облыстық экономика өнеркәсiп және сауда бақармасының бастығы А.К. Қашақовтың баяндамасын тыңдап және талқылап елеулi қаржы және материалдық қиындықтарға қарамастан облыстың аудандары мен қалаларында коммуналдық шаруашылық объектiлерiн әлеуметтiк сала және отын-энергетикалық комплексiн 1998-1999 жылдың күзгi-қысқы мерзiмдерiнде жұмыс жасауға әзiрлеуге бағытталған шаралар жасалғанын және олар бойынша белгiлi жұмыстардың атқарылғанын атап көрсетедi. Талқыланып отырған мәселе бойынша бұрын қабылданған өз қаулыларының орындалысы облыс әкiмiнiң қысқа әзiрлiк жөнiндегi облыстық штабтың және облыстық экономика өнеркәсiп және сауда басқармасының тұрақты назарында болды. Мұндай жұмыстарды "Маңғыстаумұнайгаз", "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамдары, "МАЭК" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның қатысуымен қала, аудан әкiмдерi де жүргiзуде. 1998 жылдың 25 қыркүйегiне облыс бойынша 25 бу қазандықтары (жоспарланғанның 89 пайызы), 24.13 км жылу жүйесi (85 пайыз), 27.79 км су жүйесi (82 пайыз), 1.2 км канализация жүйесі (48 пайыз) күрделi жөндеуден өткiзiлдi. 56 тұрғын үй (65.1 пайыз), 31 мектеп (100 пайыз), 4 мектепке дейiнгi балалар мекемелерi (22.2 пайыз), 7 (70 ), 23.21 (90.5). Облыстың ауыл шаруашылығы объектiлерiн қысқы жағдайда жұмыс жасауға әзiрлеуге де бiрқатар назар аударылды. Қажеттi 30.0 мың тонна жем-шөп пен 7 мың тонна қоспалы мал азығының, тиiсiнше, 24 мыѕ және 3.5 мың тоннасы дайындалды. Маусым аяғына дейiн 6 мың тонна пiшен дайындалады деп күтiледi. Алдағы жылыту кезеңiне отын дайындау мақсатында 1998 жылдың 22 қыркүйегiнде өткiзiлген тендер қорытындысы бойынша облысқа қатты отын берушi ("Мир" ЖШК, Ақтөбе қаласы) анықталды, онымен шарт жасалды, қаржымен нығайту шешiлдi. Күнi бүгiнге 2.9 мың тонна таскөмiр қолда бар. ҚазГПЗ газ бен пеш отынын жеткiзудi бастады. Облыс бойынша орындалған жөндеу жұмыстарының көлемi 1998 жылдың 25-қыркүйегiне жедел мәлiметтер бойынша 201.5 млн. теңге, немесе жоспарланғанның 45 пайызын қарайды. Сонымен бiрге кейбiр жоспарланған шаралардың орындалысы белгiленген мерзiмiнен кейiн қалуда. Мысалы қаражат қиындыєғынан "МаЭК" республикалық мемлекеттiк кәсiпорында орындалған жұмыс көлемi 675.0 млн. теңге құрайды, жоспарланғаны 1.500.0 млн. теңге болатын немесе орындалысы - 45 пайыз. Iстiң жағдайы осы жылдың 1 қазанына түзеледi деп күтiлуде. Маңғыстау және Өмiрзақ кенттерiн, Ақтау қаласындағы мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, Түпқараған ауданы және Жаңаөзен қаласындағы канализациялық жүйенi жөндеу, Бейнеу Шетпе темiржол станцияларындаєы тұрғын үйлердi қысқа әзiрлеу барысы айрықша назар аударуды қажет етедi. Қарақия ауданының Құрық кентiн ауыз сумен, орталық қазандықты сұйық отынмен қамтамасыз ету мәселесi аяғына дейiн шешiлген жоқ. Еңбекақының уақытында берiлмеуi және облыс кәсiпорындары мен ұйымдарыныѕ салық төлемеу тұрғындар мен бюджеттiк ұйымдардың энергия қуатын пайдаланғаны үшiн қарыздарын әсiре түсуде. Облыс тұрғындарын, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, отын-энергетикалық комплексiн 1998-1999 жылғы күзгi-қысқы кезеңге әзiрлеу барысын тездету мақсатында, Облыстық мәслихат шешiм еттi:
Тармақ 1
1. "Облыстың тұрғын-үй коммуналдық объектiлерi мен отын-энергетикалық комплексiнiң қысқы жағдайда жұмыс жасауға әзiрлiгi туралы" облыстық экономика өнеркәсiп және сауда басқармасының бастығы А.Қ. Қашақовтың ақпараты назарға алынсын және облыстың әлеуметтiк және коммуналдық объектiлерiн қысқа әзiрлеу барысы iстiң жағдайына нақты талдау жасауды, бар проблемаларды жедел шешудi қажет ететiндiгiн атап көрсетедi.
Тармақ 2
2. Тұтастай алғанда, аудандар мен қалалардың қысқы жағдайда жұмыс жасауға әзiрлiгiн қамтамасыз ететiн қосымша шаралар алу облыс, қалалар мен аудандар әкiмдерiне ұсынылсын және олардың бұл жұмысқа жеке жауап беретiндiгi ескертiлсiн.
Тармақ 3
3. Меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындар мен ұйымдарды әлеуметтiк және коммуналдық объектiлердi қысқа әзiрлеуге, азық-түлiктiѕ жеткiлiктi мөлшерiмен қамтамасыз ету жұмысына тарту облыс қалалары мен аудандар әкiмдерiне ұсынылсын. Коммуналдық қызметтi есепке алу жабдықтарын орнатуды тездетуге ықпал жасайтын болсын. "Маңғыстауұўнайгаз" акционерлiк қоғамы басшылығының Қарақия ауданының тұрєын үй қорын, коммуналдық объектiлерiн, "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамының - Жаңаөзен қаласына 5 жыл қатарынан қаржы, материалдық қолдау көрсетудегi жүргiзiп отырған жұмыстары мақұлдансын .
Тармақ 4
4. Ең қысқа мерзiмде қызметкерлерге еңбек ақы беру және бюджетке салық төлеудегi қарызды азайтудың шұғыл шараларын алу және мұның өзi облыс тұрғындары мен бюджеттiк ұйымдарды қысқа әзiрлеуге қатысу болып есептелетiнiн ескеру, меншiк түрiне қарамастан, барлық кәсiпорындар мен ұйымдарға ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыс кәсiпорындары, ұйымдары мен мекемелерi арасындағы коммуналдық қызмет үшiн қарызды өзара есепке алу бойынша жою мәселесiн қарау облыстық қаржы басқармасына ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Село тұрғындарын жеке фирмаларды қатыстыру жолымен, сығылған газбен қамтамасыз ететiн құрылымдар құруға ықпал ету облыс, қала және аудан әкiмдерiне ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Ұзақ мерзiмдiк шарт және iске асырылып келген шаруашылық байланыстар негiзiнде алдағы мал қыстату науқанын әзiрлiкпен өткiзу үшiн адрестiк көмек көрсету "Маңғыстаумұнайгаз", "Өзенмұнайгаз", "Қаражанбасмұнай" акционерлiк қоғамдарына, "Арман", "Қарақұдықмұнай" бiрлескен кәсiпорындарына, "КазТрансОйл" мұнай тасымалдау ұлттық компаниясының Ақтау филиалына ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Облысты алдағы жылыту маусымына әзiрлеудiң, әсiресе "МАЭК" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының, Қарақия ауданының Құрық кентiнiң проблемаларын және облыс тұрғындарын қатты отынмен, сығылған газбен, коммуналдық объектiлердi пеш отынымен қамтудың тиiмдi шараларын алу, облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, облыстық штабтың бастығы Ж. Раманқұловқа ұсынылсын.