Минимальный стандарт инженерно-коммуникационной инфраструктуры в сфере водоснабжения и водоотведения для населенных пунктов Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының елді мекендері үшін сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының ең төменгі стандарты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Елді мекендер үшін сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымының ең төменгі стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-миниcтріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының елді мекендері үшін сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының ең төменгі стандарты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы «__» _______ № ______ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының елді мекендері үшін сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының ең төменгі стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының елді мекендері үшін сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның ең төменгі стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымының тозу дәрежесін, техникалық аудит нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 103-бабында көзделген сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспарларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының елді мекендерінде халықты сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Стандарт:
Тармақша 1
1) даму жоспарын, оның ішінде мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың инвестициялық жоспарын әзірлеу;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңа жүйелерін жобалау кезінде;
Тармақша 3
3) қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жаңғырту және қайта құру;
Тармақша 4
4) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне бюджеттік және бюджеттен тыс инвестициялардың негіздемесі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 80-бабында көзделген салалық әдістемелерді әзірлеу кезінде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қайта құру және жаңғырту үшін негіздер
2-тарау. Қайта құру және жаңғырту үшін негіздер
Тармақ 3
3. Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін қайта құру, жаңғырту немесе салу туралы шешім:
Тармақша 1
1) құбырлар мен құрылыстардың тозу дәрежесі 60%-дан асқан жағдайда (техникалық аудит деректері бойынша);
Тармақша 2
2) қолданыстағы сұраныс кезінде құбырлардың нормативтік қысымы мен өткізу қабілетін қамтамасыз етудің техникалық тұрғыдан мүмкін еместігі анықталған;
Тармақша 3
3) халық санының өсуіне немесе жаңа аймақтардың (оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы, көппәтерлі тұрғын үй кешендері, өнеркәсіптік объектілер) қосылуына байланысты су алу көлемін ұлғайту қажеттілігі расталған;
Тармақша 4
4) жерасты немесе жерүсті көздерінің расталған қорларының (Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректері негізінде), орталықтандырылған кадастрлық немесе геологиялық-гидрогеологиялық бағалау жөніндегі ғылыми-өндірістік орталықтың, гидрогеологиялық қорытындылардың төмендеуі) тіркелген ;
Тармақша 5
5) су дайындау технологиясын өзгертуді немесе су көзін ауыстыруды талап ететін санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан асатын су сапасының нашарлауы анықталған жағдайларда қабылданады.
Тарау 3. 3-тарау. Су ресурстарының өзгеруін ескеру
3-тарау. Су ресурстарының өзгеруін ескеру
Тармақ 4
4. Ұңғымалардың дебитінің төмендеуі, су сорғы горизонттары деңгейінің төмендеуі немесе жерүсті су көзінің маусымдық тұрақсыздығы расталған кезде:
Тармақша 1
1) Су кодексінің 30-бабына сәйкес қайта гидрогеологиялық бағалау жүргізіледі;
Тармақша 2
2) жаңа ұңғымаларды бұрғылау, жерастынан жерүсті көзіне ауыстыру не модульдік тұщыту/сүзу станцияларын орнату;
Тармақша 3
3) суды үнемдеу және тасымалдау кезіндегі шығындарды қысқарту жөніндегі шараларды іске асыру.
Тармақ 5
5. Су тартудың жоспарланып отырған көлемдері расталған қорлардың өзекті деректеріне негізделеді, бассейндік инспекциямен және мемлекеттік су ресурстарының мемлекеттік теңгерімімен келісіледі. Сондай-ақ, Су кодексінің 114-бабына сәйкес су тапшылығы қаупі туындаған жағдайда суды пайдалануды шектеу қажеттілігі ескеріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Қаржыландыру және басымдық
4-тарау. Қаржыландыру және басымдық
Тармақ 6
6. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу жөніндегі іс-шараларды қамтитын жобалар Қазақастан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 393 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36952 болып тіркелген) Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспарларын әзірлеу жөніндегі қағидаларға сәйкес іске асырылады. Бұл ретте, мемлекеттік органдардың немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарларына енгізілетін инвестициялық жобалар басым тәртіппен іріктеледі:
Тармақша 1
1) алдыңғы қаржы жылдарында басталған (жалғасатын) мемлекеттік инвестициялық жобалар;
Тармақша 2
2) аза маңызды нысандар;
Тармақша 3
3) жалпыелдік маңызы бар жобалар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен алынған техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы қолдана отырып, жүзеге асырылатын жаңа объектілерді салу.
Тарау 5. 5-тарау. Іске асыру құралдары
5-тарау. Іске асыру құралдары
Тармақ 7
7. Шешімдердің негізділігін және жобаларды іріктеудің ашықтығын арттыру үшін сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инфрақұрылымның жай-күйі бойынша деректерді (тозуды, қысымды, апат жиілігін, техникалық зерттеп-тексеруді қоса алғанда), цифрлық гидравликалық модельдерді (жүйелер топтары бойынша), диспетчерлеу және мониторинг платформаларын пайдаланылады.
Тарау 6. 6-тарау. Сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ету қағидаттары
6-тарау. Сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ету қағидаттары
Тармақ 8
8. Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру:
Тармақша 1
1) халық санына;
Тармақша 2
2) желілер мен құрылыстардың техникалық жай-күйіне;
Тармақша 3
3) ауыз су көздерінің болуы немесе болмауына;
Тармақша 4
4) экономикалық және әлеуметтік орындылығына байланысты қамтамасыз етіледі.
Тармақ 9
9. Инфрақұрылымдық шешімнің түрі:
Тармақша 1
1) қолданыстағы желілердің техникалық аудиті;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспары;
Тармақша 3
3) тозу деңгейі бойынша қорытындылар (60%-дан жоғары тозу кезінде қайта құру міндетті) нәтижелері бойынша айқындалады.
Тарау 7. 7-тарау. Елді мекендерді жіктеу және шешімдер түрлері
7-тарау. Елді мекендерді жіктеу және шешімдер түрлері Елді мекеннің санаты Халық саны, адам Сумен жабдықтау Су бұру Қалалық елді мекендер және ауылдық елді мекендер 200 ден жоғары Орталықтандырылған жүйе Орталықтандырылған немесе жергілікті тазарту құрылыстары 50–200 Кешенді блок-модульдер (КБМ) Жергілікті жүйелер (септиктер) 50 ден төмен Су жеткізу, дербес шешімдер Жеке жиналғыштар, биотуалеттер
Тарау 8. 8-тарау. Нысандардың тозуын және жай-күйін есепке алу
8-тарау. Нысандардың тозуын және жай-күйін есепке алу
Тармақ 10
10. Сумен жабдықтау және су бұрудың барлық объектілері 5 жылда кемінде бір рет тұрақты техникалық аудитке жатады. Тозу дәрежесі кезінде: 40–60%— нысан күрделі жөндеуге немесе жаңғыртуға жатады; 60%-дан астамы— нысан қайта құрылуға немесе толық ауыстырылуға жатады.
Тармақ 11
11. Егер нысан санитариялық немесе техникалық талаптарға сәйкес келмесе — оны пайдаланудан шығару туралы шешім шығарылады.
Тармақ 12
12. Техникалық аудит нәтижелері:
Тармақша 1
1) елді мекен инфрақұрылымының паспортын;
Тармақша 2
2) елді мекеннің немесе ауданның сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспарын;
Тармақша 3
3) инвестициялық даму және бюджеттік жоспарлау бағдарламаларын қамтиды.
Тарау 9. 9-тарау. Санитарлық және су қорғау жағдайлары
9-тарау. Санитарлық және су қорғау жағдайлары
Тармақ 13
13. Сумен жабдықтау саласында іске асырылатын жобаларда су, экологиялық және кодекс денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес су қорғау аймақтары, белдеулері, олардың шекаралары белгіленеді. Тазартылмаған сарқынды суларды жергілікті жер бедеріне ағызуға жол берілмейді.
Тарау 10. 10-тарау. Мониторинг және қайта қарау
10-тарау. Мониторинг және қайта қарау
Тармақ 14
14. Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органдардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, тозу дәрежесін көрсете отырып, электрондық форматта инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізілімін жүргізеді. Көрсетілген тізілім жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдан кешіктірмей су қорын қорғау және пайдалану саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Осы Стандарт 3 жылда кемінде бір рет немесе заңнамалық база өзгерген кезде қайта қаралуға жатады.