О ставках земельного налога по Тимирязевскому району Северо Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша
жер салығының мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 582-бабы 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 577 және 578 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы мәслихатының күшін жойған
кейбір шешімдерінің тізбесі
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы мәслихатының күшін жойған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4619 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 45/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6231 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 3/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7290 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2022 жылғы 2 тамыздағы № 14/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29001 болып тіркелген).