О присвоении наименования безымянной улице Қолданыста
Басқа 0
Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 07 қарашадағы қорытындысы негізінде және Форт-Шевченко қаласы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының атауы жоқ көшелеріне төмендегідей есімдер берілсін:
Тармақша 1
1). Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IІ кварталында орналасқан Қ.Қаниев көшесінің шығыс бөлігіндегі атауы жоқ көшеге Қадір Ергенбаев есімі берілсін;
Тармақша 2
2). Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IІа кварталында орналасқан атауы жоқ көшеге Тәбіш Қошақбаев есімі берілсін;
Тармақша 3
3.) Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IV кварталында орналасқан атауы жоқ екінші көшеге Нұрберген Исаев есімі берілсін;
Тармақша 4
4). Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IV кварталында орналасқан атауы жоқ үшінші көшеге Мұқан Мұңалов есімі берілсін;
Тармақша 5
5). Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағын ауданының IV кварталында орналасқан атауы жоқ төртінші көшеге Құрбан Адырақов есімі берілсін;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.