Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Аркалыка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары үшін таза кірістің бір бөлігін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне жариялау және қосу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.