Об установлении публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жария сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «KW Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 2541,0758 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2031 жылдың 10 маусымына дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «KW Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 1961,3163 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2031 жылдың 8 мамырына дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 3
3. «KW Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 4
4. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «KW Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 104/02 қаулысына 1-қосымша «KW Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі р/с № Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы Кадастрлық нөмірі Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар 1 Ақтоғай ауданының жер қоры 2541,0758
Басқа 2. «KW Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 104/02 қаулысына 2-қосымша «KW Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі р/с № Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы Кадастрлық нөмірі Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар 1 Ақтоғай ауданының жер қоры 1961,3163