Об установлении границы (черты) села Байтогас Тугылского сельского округа Тарбагатайского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі Байтоғас ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округі Байтоғас ауылының жалпы алаңы 1008,6732 гектар шекарасы (шегі) осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Байтоғас ауылының шекарасы (шегі)
бірлескен әкімдіктің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 318 қаулысы мен мәслихаттың 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/11-VIII шешіміне қосымша Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Байтоғас ауылының шекарасы (шегі)