Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2025 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 94 - н/қ
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу тәртібі
Тармақ 2
2. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны мынадай тікелей пайдаланылатын шығыстарды қамтиды:
Тармақша 1
1) қызмет беруге тікелей қатысатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
Тармақша 2
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;
Тармақша 3
3) қосылған құн салығы;
Тармақша 4
4) зерттеуді жүзеге асыратын ұйымдар персоналының іссапар шығыстары (ел ішіндегі қызметтік сапарлар);
Тармақша 5
5) сыртқы сарапшыларды тарту;
Тармақша 6
6) материалдарды сатып алу (шығыс материалдары, кеңсе тауарлары);
Тармақша 7
7) байланыс қызметтері;
Тармақша 8
8) көлік қызметтері;
Тармақша 9
9) полиграфиялық шығыстар (бланкілік өнімдерді: сауалнамаларды, маршруттық парақтарды, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын тираждау, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);
Тармақша 10
10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
Тармақша 11
11) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларына қол жеткізу;
Тармақша 12
12) аударма қызметтері.
Тармақ 3
3. Зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін бюджеттік сұранымды қалыптастыру кезінде шығыстардың әрбір бабы негіздеуші құжаттармен (орындаушының штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде үш баға ұсынысы) расталады.