О создании коммунального государственного учреждения «Центр поддержки семьи» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Карабалыкского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уәкілетті органы болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Жарғысы бекітілсін.
Тармақ 4
4. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «___» __________ № ____ қаулысымен бекітілген «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие, ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған, мемлекеттік отбасылық саясат шараларын іске асыратын, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік Мекеменің түрі: коммуналдық.
Тармақ 3
3. Мекеменің құрылтайшысы Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігі (бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады. Құрылтайшының заңды мекенжайы: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай – ақ оған қатысты Мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 5
5. Мекеменің толық атауы: Мемлекеттік тілде: «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Орыс тілде: коммунальное государственное учреждение «Центр поддержки семьи» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Карабалыкского района».
Тармақ 6
6. Мекеменің орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 16.
Тарау 2. 2. Мекеменің заңды мәртебесі
2. Мекеменің заңды мәртебесі
Тармақ 7
7. Мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрлері мен мөртабадары болады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Тармақ 9
9. Мекеме өзінің қарауындағы ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тармақ 10
10. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаты
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаты
Тармақ 11
11. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Мекеме қызметінің мәні мемлекеттік отбасылық саясат шараларын іске асыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау болып табылады.
Тармақ 13
13. Мекеме қызметінің мақсаты өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру болып табылады. Мақсатқа жету үшін Мекеме:
Тармақша 1
1) мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыруды;
Тармақша 2
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесуді;
Тармақша 4
4) бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігімен тұрмыстық зорлық зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсетуді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;
Тармақша 6
6) мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимылды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік отбасылық саясат үрдістерін мониторингілеуді және талдауды;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен амту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыруды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу жөніндегі өзге де шараларды іске асыруды;
Тармақша 10
10) консультациялық көмекті жүзеге асыруды, адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілігін бағалауды және айқындауды;
Тармақша 11
11) халық арасында отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасына бағытталған оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізуді;
Тармақша 12
12) талдамалық жазбалар мен есептер жасау, адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмектің және қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізуді;
Тармақша 13
13) жеке материалдық жағдайын жақсарта отырып, қиын өмірлік жағдайларды еңсере отырып, өмір сапасын, отбасылардың уәждемесін арттыруды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Мекеме өз мақсаттарына жету үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, қолайсыз, қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе өзін-өзі қамтамасыз ету проблемаларын шешуде, қиын өмірлік жағдайларды еңсеру бойынша өз мүмкіндіктерін іске асыруда оның туындау қаупі бар адамды (отбасын) қолдау;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға, өмірлік қиын жағдайдағы немесе оның туындау қаупі бар аймақтағы отбасыларға кешенді көмек көрсету бойынша учаскелік полициямен, қызметтермен (патронаттық медбике, әлеуметтік қызметкерлер және т. б.) өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 4
4) отбасындағы дағдарыстық жағдайды жою бойынша психологиялық, психокоррекциялық және өзге де көмек көрсетеді және баланы ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға қайтаруға жәрдемдеседі;
Тармақша 5
5) тексеру кезіндегі материалдық-тұрмыстық жағдайына, өмірлік жағдайына қарай оларға мұқтаж азаматтарға көмек көрсетудің нақты нысандарына мониторинг, талдау және айқындау жүргізеді;
Тармақша 6
6) жарнамалық-насихаттық жұмысты жүзеге асырады (ұйым көрсететін қызметтердің міндеттері мен тізбесі туралы ақпарат тарату, ұйымның қызметі туралы жергілікті БАҚ-та насихаттау);
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын жүзеге асыруға, олардың заңды мүдделерін қорғауға, халықтың құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға жәрдемдесетін өзге де қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Мекемедегі қызметтер тегін көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Мекеме осы Жарғыда бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқылы емес.
Тармақ 17
17. Мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле жергілікті атқарушы органның, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Мекемені басқару
4. Мекемені басқару
Тармақ 18
18. Құрылтайшы заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Мекемеге мүлікті бекітеді;
Тармақша 2
2) Мекеменің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 3
3) Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған Уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Мекемені қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) Мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін, Мекеменің шешім қабылдау тәртібін айқындайды;
Тармақша 4
4) Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 5
5) Мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
Тармақша 6
6) Мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жазбаша келісім береді;
Тармақша 7
7) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы болып табылады.
Тармақ 22
22. Мекеме басшысы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда) және Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 23
23. Мекеме басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын оның құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
Тармақ 24
24. Мекеме басшысының Мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
Тармақ 25
25. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелер мен ұйымдарда Мекеменің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасасады;
Тармақша 4
4) сенімхат береді;
Тармақша 5
5) Мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мекеме қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 10
10) Мекеме қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде мемлекет және өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратады және алады;
Тармақша 12
12) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және Уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
Тармақ 26
26. Мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
Тармақша 1
1) оған құрылтайшы берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 27
27. Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тармақ 28
28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған ақша «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларда мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, тиісті бюджетке аударылуға жатады.
Тармақ 29
29. Мекеменің қызметі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның бюджетінен немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасы) қаржыландырылады.
Тармақ 30
30. екеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
Тармақ 31
31. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және қайта қарауды жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Мекемедегі жұмыс тәртібі
6. Мекемедегі жұмыс тәртібі
Тармақ 32
32. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 33
33. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
Тарау 8. 8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 34
34. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік заңды тұлға заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
Тармақ 36
36. Мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 37
37. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.
Тармақ 38
38. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған Мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
Тарау 9. 9. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
9. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
Тармақ 39
39. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.