Финансируемых из местного бюджета к должностным окладам работников организаций об установлении стимулирующей надбавки Қолданыста
Басқа 0
Мойынқұм ауданы бюджетінен қаржыландырылатын Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Мойынқұм ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.