О реорганизации структуры здравоохранения области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың денсаулық сақтау құрылымын қайта құру туралы. 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық Әділет басқармасы бастығының 02.12.2003 ж. қорытындысымен. Маңғыстау облыстық Мәслихат сессиясының 29 желтоқсан 1998 жылғы № 22/329 «1999 жылға облыстың бюджета.» туралы шешімі негізінде, ҚР Президенті 1998 жылы 18 қарашада бекіткен «Халықтың денсаулығы туралы ұлттық бағдарламаны» жүзеге асыру мақсатында, осыған сәйкес облысымызда қабылданған «Маңғыстау халықтарының денсаулығы» бағдарламасы, емдеу- суықтыру мекемелерінің үнемдеу- қаржы пайдалану жұмыстарын талдау,тексеру,облыс түрғындарына қазіргі талаптарға сай дәрігерлік көмекті міндетті түрде,уақытында беру мақсатында шештім:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелерінің 1999 жылға тізімі облыс әкімінің 15.01.99 жылға № 317 шешімімен бекітілгені ескерілсін;
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау мемлекеттік кәсіпорындардың облыс бойынша 1999 жылға тізімдері № 1 қосымшадағыдай бекітілсін;
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудыардың әкімдеріне (Оспанов С.,Әбілханов Рзаев С. , Әзірханов Д. ,Бөкенбаев Е. ,Сейілханов К. ) денсаулық сақтау құрылымдарын қайта құру шараларын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне және облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Айдархановқа А.Т.), облыстық медициналық қызметтерді төлеу орталығының директорына (Бердәулетовке С.Б.): медициналық көмек беру жұмыстарын бөлінген қаржының мөлшеріне және мүмкіндігіне лайықтап, осылардың негізінде дәрігерлік көмекке мемлекеттік сұраныс жасақтасын; - БМ және денсаулық сақтау министрінің және қаржы министрінің (ҚР Үкіметінің № 737, 04.08.98ж.) жаңа талаптарына сәйкес 1999 жылдың 10 ақпанына дейін емдеу-сауықтыру кәсіпорындарын медициналық көмектің жеке түрлерін орындау үшін аккредитация және лицензиядан өткізсін. Мемлекеттік сұраныстың бітіуін тиісті келісім шартпен рәсімдесін. - Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы үнемдеу кеңесінің қүрамы және ережесі бекітілсін.
Тармақ 5
5. Облыс көлеміндегі денсаулық сақтау мекемелер мен кәсіпорындардың ұйымдастыру, үйлестіру, әдістемелік жұмыстары облыстық денсаулық сақтау басқармасына міндеттелсін (Айдарханов А.Т. )
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалысын бақылауға алу облыс әкімінің орынбасары Е.К.Күмісқалиға тапсырылсын.
Басқа 7
Қосымша № 1 Облыс әкімінің 29.01.1999 ж. 324 (қосымшаны қағаздағы нұсқадан қараңыз)