О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығындар" деген бөлiмде: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" деген функционалдық топта: 06 "Жалпы кадрлық мәселелер" деген iшкi функцияда: 608 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігi" деген әкімші бойынша: 001 "Мемлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарлама бойынша: 001 "Орталық органның аппараты" деген кіші бағдарламада "44707" деген сандар "44299" деген сандармен ауыстырылсын; 002 "Аумақтық органдардың аппараты " деген кiшi бағдарламада "63124" деген сандар "67251" деген сандармен ауыстырылсын; 009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" деген кiшi бағдарламада "6934" деген сандар "3215" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 376-қосымшада : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: реттік нөмiрi 5-жолдың 5-бағанында ", копировалды техника - 16 дана" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.