Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына және 2025 жылғы 22 желтоқсандағы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының № 9 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Индер ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Индер ауданы әкімінің орынбасары Мурзин Артур Табылдыұлы тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс – шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.