Об утверждении Правил представления отчетности организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций Қолданыста
Басқа 0
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
Тармақша 1
1) Қағидалардың 11-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«11. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.»;
Тармақша 2
2) Қағидаларға 9-қосымшаның «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 21-тармағы екінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Шетел валютасындағы шарт бойынша мәміле сомасы «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.».
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқа 0. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 102 қаулысымен
бекітілді
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы үшінші бөлігінің 48) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысандарды қоса, есептілікті ұсыну тәртібі, кезеңділігі мен мерзімі айқындалады.
Тармақ 1-1
1-1. Қағидалардың қолданысы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамына, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және клирингтік ұйымға қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
Тармақ 2
2. Есептілік Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесіне ақпаратты жүктеу кезінде нысанішілік бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда, ақпараттық жүйе ақпаратты қабылдамайды.
Тармақ 4
4. Көрсетілген есепті кезеңнің нысанішілік бақылаудан өткен ақпаратын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы» ақпараттық жүйесіне соңғы жүктеудің нақты күні тиісті есепті кезең үшін есептілікті ұсынуды аяқтау күні болып табылады.
Тармақ 5
5. Басшының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен есептілікті куәландыру есептілікті ұсыну аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Басшының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның және орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған есептілік электрондық форматта сақталады.
Тармақ 8
8. Балама сәйкестендіру нөмірі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының бейрезидент-контрагенттерінің сәйкестендіргіштерінің бірі ретінде болады, есептілікті ұсынатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үшін бірегей және банк ұйымдарының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы тұлғамен өзара қарым-қатынасы кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады.
Тармақ 9
9. Клиенттің және (немесе) респондент контрагенттің резиденттілігі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Тармақ 10
10. Мәмілелерге дейін ақпаратты нақтылауды көздейтін нысандарда есеп беретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінде мәміленің бірегей сәйкестендіргіші болатын мәміленің (транзакцияның) референсі (коды) көрсетіледі. Референс мәнінің жолында мәтіндік деректер форматы болады және мәтіндік және (немесе) сандық элементтерді қамтиды.
Мәмілелерге дейін ақпаратты нақтылауды көздемейтін нысандарда референс ретінде ұсынылатын деректер жиынтығының бірегей нөмірі көрсетіледі, ол мынадай тәртіпте қалыптастырылады:
алғашқы сегіз символ - «ЖЖЖЖААКК» форматындағы есепті күн, мұнда «ЖЖЖЖ» – жыл, «АА» – ай, «КК» – күн;
бір символ – белгіленген бөлгіш «_»;
соңғы алты символ – реттік нөмір (000001 бастап 999999 дейін).
Ақпараттық жүйеде есеп беретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, мәміленің (транзакцияның) референсі (коды) болмаған кезде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген алгоритмді пайдаланады.
Тармақ 11
11. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 бірлескен қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Қағидаларда көзделген есептер нысандары кестелерінің кез келгені бойынша деректер болмаған кезде ол бойынша мәліметтер ұсынылмайды, бұл туралы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке еркін нысанда жасалған және есеп беретін ұйымның басшысы қол қойған қағаз тасымалдағыштағы немесе электрондық түрдегі тиісті хатпен осы кесте бойынша мәліметтерді ұсынудың белгіленген мерзімінен кешіктірмейтін мерзімде хабарлайды.
Тармақ 13
13. Ипотекалық ұйымдар Ұлттық Банкке:
Тармақша 1
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 2
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 3
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар (есепті айда айналымдар болған кезде) желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 4
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар (есепті айда айналымдар болған кезде) желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 5
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа да жіктелетін активтер және ірі дебиторлар туралы есепті,
басқа да жіктелетін активтер туралы мәліметтер бөлігінде – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ірі дебиторлар бөлігінде – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
ипотекалық ұйымдар басқа да жіктелетін активтер туралы мәліметтер бөлігінде желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 6
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 7
7) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Тармақша 8
8) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын ұсынады.
Тармақ 14
14. Дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке:
Тармақша 1
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Тармақша 2
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Тармақша 3
3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Тармақша 4
4) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа да жіктелетін активтер және ірі дебиторлар туралы есепті,
басқа да жіктелетін активтер туралы мәліметтер бөлігінде – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ірі дебиторлар туралы мәліметтер бөлігінде – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
Тармақша 5
5) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Тармақша 6
6) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Тармақша 7
7) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын ұсынады.
Тармақ 15
15. Ұлттық пошта операторы Ұлттық Банкке:
Тармақша 1
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, ай сайын;
желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) (оның ішінде есепті айда қорытынды айналымдар болмаған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 2
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
төртінші тоқсанның қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 3
3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
төртінші тоқсанның қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 4
4) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа да жіктелетін активтер және ірі дебиторлар туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
Тармақша 5
Тармақша 5-1
5-1) Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы есеп:
есепті аптадан кейінгі бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей аптаның әрбір жұмыс күні үшін апта сайын ұсынылатын 1010, 1020 және 1040-баланстық шоттардағы қалдықтарды қоспағанда, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
желтоқсан айындағы қосымша есеп (қорытынды айналымдарды ескере отырып) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірмей;
Тармақша 6
6) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
Тармақша 7
7) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
Тармақша 8
8) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшамен операциялар туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың отызынан кешіктірмей, ай сайын ұсынады.
Тармақ 16-1
16-1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы бірінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы есепті:
есепті аптадан кейінгі бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей аптаның әрбір жұмыс күні үшін апта сайын ұсынылатын 1010, 1020 және 1040-баланстық шоттардағы қалдықтарды қоспағанда, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
желтоқсан айындағы қосымша есеп (қорытынды айналымдарды ескере отырып) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 17
17. Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар Ұлттық Банктің аумақтық филиалына Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірісі мен шығысы туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей, электрондық форматтағы есептілікті тоқсан сайын ұсынады.
Тармақ 18
18. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар Ұлттық Банкке Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың есебін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей, тоқсан сайын ұсынады.
Басқа 1
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 700-N(D).
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: ипотекалық ұйымдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Жинау әдісі: электрондық түрде
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Шот нөмірі
2
Резиденттік белгісі
3
Экономика секторлары топтарның коды
4
Номинация валютасының белгісі
5
Сомасы
Атауы ______________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы ________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «____» ______________
Ескертпе: нысан «Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 1.1
«Баланстық және баланстан
тыс шоттардағы қалдықтар
туралы есеп» әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан айдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жасалады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды толтыру кезінде кодтар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанда және осы түсіндірмеде шоттар нөмірі «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш міндетті түрде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Нысанда баланстық (активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кіріс, шығыс) және баланстан тыс (шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, балансқа меморандум шоттары) шоттардағы қалдық туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанда активтер мен міндеттемелерді мерзім бойынша мынадай жіктеу қабылданды:
қысқа мерзімді – бір жылға дейін қоса алғанда;
ұзақ мерзімді – бір жылдан астам.
Тармақ 9
9. 1, 2, 3 және 4-жолдарда мәндер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 10
10. 1-жолда Үлгі шот жоспарына сәйкес келетін шоттың төрт таңбалы нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 2, 3 және 4-жолдарда резиденттік белгісі, экономика секторлары тобының коды және номинация валютасының белгісі осы түсіндірменің 16, 17 және 19-тармақтарына сәйкес ерекшеліктерді ескере отырып, осындай нақтылау қолданылатын шоттар бойынша көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 2-жолда мына кодификацияға сәйкес резиденттік белгісі көрсетіледі:
«1» коды – Қазақстан Республикасының резиденті;
«2» коды – Қазақстан Республикасының бейрезиденті.
Қазақстан Республикасының резиденті және Қазақстан Республикасының бейрезиденті ұғымдары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
Тармақ 13
13. 3-жолда «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес экономика секторлары тобының коды көрсетіледі, ол Экономика секторларының ұлттық жіктеуішімен (ЭСЖ) келісімді болады.
Тармақ 14
14. 4-жолда актив немесе міндеттеменің номинация валютасының белгісі мынадай көрсетіледі:
«1» коды – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында нноминирленген активтер мен міндеттемелер үшін,
«2» коды – шетелдік еркін конвертацияланатын валютада немесе бағалы қағаздарда номинирленген активтер немесе міндеттемелер үшін;
«3» коды – еркін конвертацияланатын валюталарға жатқызылмаған басқа шетел валютасында номинирленген активтер немесе міндеттемелер үшін;
Еркін конвертацияланатын валюталарға мыналар жатады:
Аустралия доллары (AUD);
Канада доллары (CAD);
Швейцария франкі (CHF);
Қытай юані (CNY);
Дат кронасы (DKK);
Еуро (EUR);
Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі (GBP);
Гонконг доллары (HKD);
Мажарстан форинті (HUF);
Жаңа Израиль шекелі (ILS);
Жапон йенасы (JPY);
Корей Республикасының вонасы (KRW);
Мексика песосы (MXN);
Норвегия кронасы (NOK);
Жаңа Зеландия доллары (NZD);
Швед кронасы (SEK);
Сингапур доллары (SGD);
АҚШ доллары (USD);
Оңтүстік Африка рэнді (ZAR).
Тармақ 15
15. 2 және 3-жолдарда:
активтер бойынша резиденттік белгісі мен дебитордың (эмитенттің) экономика секторлары тобының коды, міндеттемелер бойынша – резиденттік белгісі мен кредитордың экономика секторлары тобының коды көрсетіледі;
1405, 1406, 1425, 1752 және 1864-шоттар үшін вексель берушінің резиденттік белгісі мен кредитордың экономика секторлары тобының коды көрсетіледі;
1201, 1202, 1205, 1206, 1208, 1209, 1452, 1453, 1454, 1456, 1457, 1459, 1481, 1482, 1483, 1485, 1486, 1491, 1492, 1494, 1495, 1744, 1745, 1746, 1750 және 1757-шоттар үшін эмитенттің резиденттік белгісімен экономика секторлары тобының коды көрсетіледі;
2301, 2303, 2306, 2401, 2402, 2405 2406-
шоттар үшін бағалы қағазды ұстаушының резиденттік белгісі мен экономика секторлары тобының коды, бағалы қағазды ұстаушыны анықтау мүмкіндігі болмаған кезде – бағалы қағазды номиналды ұстаушының (сенімгерлік меншік иесінің) резиденттік белгісі мен экономика секторлары тобының коды көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 3-жолда Ұлттық пошта операторына қатысты активтер мен міндеттемелер шоттары бойынша экономика секторлары тобының «5» деген коды көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 1007, 1009, 1603 және 1604-шоттар бойынша:
2-жолда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған бағалы металдардан жасалған монеталар және ұлттық валютадағы коллекциялық монеталар үшін «1» коды көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттерінің бағалы металдардан жасалған монеталары және коллекциялық монеталары үшін «2» коды көрсетіледі;
3 және 4-жолдарда көрсеткіштер толтырылмайды.
Тармақ 18
18. 3-жолда 1811, 1812, 1813, 1814, 1815, 1816, 1817, 1818, 1819, 1820, 1821, 1822, 1823, 1824, 1825, 1826, 1827, 1831, 1832, 1833, 1834, 1835, 1836, 1837, 1838, 1839, 1840, 1841, 1842, 1843, 1844, 1845, 1871, 1880, 2811, 2812, 2813, 2814, 2815, 2816, 2817, 2818, 2819, 2820, 2831, 2832, 2833, 2834, 2835, 2836, 2838, 2839, 2871, 2874, 2880, 3561, 3562, 3563 және 3564-шоттар бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
Тармақ 19
19. 4-жолда 1013, 1727, 2016, 2126, 2212, 2216, 2708 және 2717-шоттар бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
Тармақ 20
20. 2, 3 және 4-жолдарда 1011, 1012, 1601, 1602, 1610, 1651, 1652, 1653, 1654, 1655, 1656, 1657, 1658, 1659, 1660, 1661, 1662, 1691, 1692, 1693, 1694, 1695, 1696, 1697, 1698, 1699, 1854, 1857, 1858, 1859, 1873, 1874, 2854, 2857, 2858, 2859, 2861, 2872, 2873, 3001, 3003, 3025, 3027, 3101, 3200, 3400, 3510, 3540, 3580, 3589, 3599-шаттар және Үлгі шот жоспарының 4 (төртінші), 5 (бесінші), 6 (алтыншы) және 7 (жетінші) сыныптарының шоттары бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
Тармақ 21
21. 5-жолда үтірден кейін екі таңбалы сан форматында теңгедегі сома көрсетіледі.
Басқа 2
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-RV.
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Ұлттық пошта операторы – есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар және Ұлттық пошта операторы желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Жинау әдісі: электрондық түрде.
№
Салым орналастырылған және (немесе) корреспонденттік және (немесе) ағымдағы шот ашылған екінші деңгейдегі банктің атауы
Елі
Сомасы
Резервтер (провизиялар)
1
2
3
4
5
1
Корреспонденттік шоттар
1.1.
…
2
Ағымдағы шоттар
2.1.
…
3
Талап етілгенге дейінгі салымдар
3.1.
…
4
Мерзiмдi салымдар
4.1.
…
5
Шартты салымдар
5.1.
…
Барлығы
Атауы ______________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы ________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «____» ______________
Ескертпе: нысан «Екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 2.1
«Екінші деңгейдегі банктерде
орналастырылған салымдардың,
корреспонденттік және ағымдағы
шоттардың талдамасы туралы есеп»
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады.
Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 4
4. 3-жолда «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар» ISO 3166-1 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес ел көрсетіледі.
Тармақ 5
5. 4-бағанда есептелген сыйақы және дисконт (сыйлықақы) ескеріле отырып негізгі борыштың сомасы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Резервтердің (провизиялардың) сомасы абсолюттік мәнде және плюс таңбасымен көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік қалдықпен ұсынылады.
Басқа 3
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
есептілікті ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-PORTF.
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын.
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар:
есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей;
Ұлттық пошта операторы:
есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
төртінші тоқсанның қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Жинау әдісі: электрондық түрде.
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендіру коды
2
Бағалы қағаздар есепке алынатын портфельдің түрі
3
Портфельдегі бағалы қағаздар саны
4
Портфельдегі бағалы қағаздың құндық көрсеткіштері:
4.1
құндық көрсеткіш түрі
4.2
шот нөмірі
4.3
сомасы
5
Ауыртпалық салынған бағалы қағаздар және репо операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар:
5.1
бағалы қағаздар саны
5.2
баланстық құны
6
Репо операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар:
6.1
бағалы қағаздар саны
6.2
баланстық құны
7
Есепті күнге эмитенттің рейтингі
8
Есепті күнге бағалы қағаздың рейтингі
9
Кредиттік тәуекел кезеңі
10
Есепті күн
Атауы ______________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы ________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «____» ______________
Ескертпе: нысан «Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 3.1
«Бағалы қағаздар портфелінің
құрылымы туралы есеп»
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанды толтыру кезінде кодтар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанда шот нөмірлері «Шот нөмірлері» анықтамалығынан таңдалады.
Тармақ 5
5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш міндетті түрде толтырылады.
Тармақ 6
6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Нысанда мәліметтері басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп нысанында көрсетілетін еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдарға қатысу үлестеріне) салынатын салымдарды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына басқа да қатысуды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның борыштық және үлестік бағалы қағаздарға салымдары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 1, 2, 4.1, 4.2, 7, 8 және 9-жолдарда мәндер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 9
9. Нысан есепті айдың соңында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның портфеліндегі әрбір бағалы қағаз бойынша жеке-жеке толтырылады.
Тармақ 10
10. 1-жолда бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN коды) – орталық депозитарий бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына оларды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында беретін әріптік-цифрлық код көрсетіледі. Бағалы қағаздар мен эмитенттердің анықтамалықтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүргізеді.
Тармақ 11
11. 7 және 8-жолдарда «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген) сәйкес рейтингтік агенттіктердің бірі берген рейтинг көрсетіледі.
Бірнеше рейтингтік агенттіктің рейтингтері болған кезде берілген күні бойынша ең өзекті рейтинг көрсетіледі. Егер рейтингтер берілген күндер сәйкес келсе, ең төменгі рейтинг көрсетіледі. Бір бағалы қағазға, бір эмитентке рейтингтің бір өзекті мәнінен артық емес мәні сәйкес келеді.
7 және 8-жолдардағы рейтингтердің мәндері Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк және жергілікті атқарушы органдар шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша көрсетілмейді.
Тармақ 12
12. 2-жолда есепті күндегі жағдай бойынша бағалы қағаздар есепке алынатын портфельдің түрі көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 4.2 және 4.3-жолдарда мәндер осы бағалы қағаз бойынша сома есепке алынатын «Шот нөмірлері» анықтамалығынан және есепті күнге оларға сәйкес келетін құндық мәндер таңдалады.
Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша «Шот нөмірлері» анықтамалығына сәйкес 3-сыныптың шоттарында көрсетілген күтілетін кредиттік шығын үшін резервтер (провизиялар) көрсетіледі.
Егер құндық мәні нөлге тең болса, 4.1, 4.2 және 4.3-жолдар бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
Тармақ 14
14. 5.2 және 6.2-жолдарда сатып алу құнын, дисконтты (сыйлықақыны), есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетуді (әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша), халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) (амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша) қоса алғанда, есепті күндегі бағалы қағаздардың баланстық құны көрсетіледі. Бұл ретте басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылай активтер бойынша шығынға арналған бағалау резерві қаржылай активтің баланстық құнын азайтпауға тиіс.
5.1 және 5.2-жолдардағы көрсеткіштерде 6.1 және 6.2-жолдарда көрсетілген көрсеткіштердің мәндері де қамтылады.
Тармақ 15
15. 9-жолда 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті күндегі жағдай бойынша бағалы қағаздар жатқызылған кредиттік тәуекел сатысы көрсетіледі. 9-жолдағы көрсеткіш 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың провизияларын (резервтерін) есептеудің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын бағалы қағаздар бойынша толтырылмайды.
Тармақ 16
16. 10-жол бойынша тиісті деректер ұсынылатын есептік күн көрсетіледі.
Басқа 4
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
4-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 3-INVEST
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар:
есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Ұлттық пошта операторы:
есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
төртінші тоқсанның қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Мәміле референсі
2
Заңды тұлға туралы мәлімет:
2.1
атауы
2.2
сәйкестендіргіш түрі
2.3
сәйкестендіргіш
2.4
қатысу түрі
2.5
резиденттік белгісі
2.6
тіркелген елі
2.7
заңды тұлғаның түрі
3
Сатып алу күніндегі инвестициялар:
3.1
сатып алу күні
3.2
сатып алу құны
3.3
заңды тұлғаның капиталындағы үлес салмағы, %
4
Есепті күнгі инвестициялар:
4.1
құн көрсеткішінің түрі
4.2
шот нөмірі
4.3
сомасы сумма
4.4
акциялар саны (дана)
4.5
заңды тұлғаның капиталындағы үлес салмағы, %
5
Кредиттік тәуекел сатысы
Атауы____________________________________________________________
Мекенжайы_______________________________________________________
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________
Орындаушы_____________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні: 20__ жылғы «______» _____________________
Ескертпе: нысан «Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 4.1
«Басқа заңды тұлғалардың
капиталына инвестициялар туралы
есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі - теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанды толтыру кезінде кодтар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысандағы шот нөмірлері «Шот нөмірлері» анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 6
6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Нысанда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның еншілес және қауымдасқан ұйымдардың, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларының мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 2.2, 2.4, 2.5, 2.7, 4.1, 4.2 және 5-жолдарда мәндер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 9
9. 1-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйымның ақпараттық жүйесінде осы мәміленің бірегей сәйкестендіргіші болып табылатын мәміленің референсі (коды) көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 2.1-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйым жүргізетін контрагенттердің анықтамалығына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым капиталына қатысатын заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Заңды тұлғаларды сәйкестендіру үшін 2.2 және 2.3-жолдарда сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері мен олардың мәндері көрсетіледі:
Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша – Халықаралық стандарттау ұйымының 9362 «Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарлар. Банктердің сәйкестендіру кодтары» халықаралық стандартына сәйкес банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, ол болмаған кезде – бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды және бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйым қалыптастырған баламалы сәйкестендіру нөмірі.
2.5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға бойынша «1» мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын заңды тұлға бойынша «2» мәні көрсетіледі.
2.6-жолда «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар» ISO 3166-1 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес тіркелген ел көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 3-жолда инвестицияларды сатып алу күніндегі жағдай бойынша мәліметтер көрсетіледі.
3.1-жолда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені тіркеген күні көрсетіледі. Өзге мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік құқығының пайда болған күні (сәті) көрсетіледі.
3.2-жолда сатып алу күніндегі сатып алу құны теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 3.3 және 4.5-жолдарда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тиесілі акциялар санының эмитенттің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегергенде) акцияларының жалпы санына пайызбен арақатынасы немесе тиісінше сатып алу күніне және есепті күнге заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу пайызындағы үлесі көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 4.2 және 4.3-жолдардағы мәндер «Шот нөмірлері» анықтамалығынан таңдалады, оларда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың еншілес және қауымдасқан ұйымдардың және басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларының сомасы және есепті күнгі оларға сәйкес келетін құндық мәндер ескеріледі.
Егер құндық мән нөлге тең болса, 4.1, 4.2 және 4.3-жолдар бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
Тармақ 14
14. 4.4-жолда акциялардың саны бірлікпен (данамен) көрсетіледі. 4.4-жолда ондық түрде, үтірден кейін екі белгімен ұсынылатын бөлшек санды (жарғылық капиталдарға қатысу құралдары үшін) көрсетуге рұқсат етіледі.
Тармақ 15
15. 5-жолда 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті күндегі жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйымның инвестициялары жатқызылған кредиттік тәуекел сатысы көрсетіледі.
5-жолдағы көрсеткіш 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның провизиялар (резервтер) есебінің ішкі әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын инвестициялар бойынша толтырылмайды.
Басқа 5
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
5-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Басқа да жіктелетін активтер және ірі дебиторлар туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 4-DEBTORS
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
басқа да жіктелетін активтер туралы мәліметтер бөлігінде:
ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар –есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Ұлттық пошта операторы – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
ипотекалық ұйымдар және Ұлттық пошта операторы желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдар ескерілген) (есепті айда айналымдар болған кезде) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей;
ірі дебиторлар туралы мәліметтер бөлігінде:
ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар –есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
Ұлттық пошта операторы –есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-кесте. Басқа да жіктелетін активтер туралы мәліметтер
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Референс
2
Есепті кезеңнің соңындағы құны (активтер тобы бойынша сомасы):
2.1
құн көрсеткішінің түрі
2.2
шот нөмірі
2.3
сомасы
3
Кредиттік тәуекел сатысы
2-кесте. Ірі дебиторлар туралы мәліметтер
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Референс
2
Дебитор туралы мәлімет:
2.1
атауы
2.2
сәйкестендіргіш түрі
2.3
сәйкестендіргіш
2.4
резиденттік белгісі
2.5
контрагент тіркелген ел
3
Дебиторлық берешек түрі
4
Валюталық белгісі
5
Шарт бойынша орындау мерзімі
6
Есепті күнге көрсеткіштер:
6.1
құн көрсеткішінің түрі
6.2
шот нөмірі
6.3
есепті кезеңнің соңындағы қалдық сомасы
7
Кредиттік тәуекел сатысы
Атауы____________________________________________________________
Мекенжайы_______________________________________________________
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________
Орындаушы_____________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
______________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні: 20__ жылғы «______» _____________________
Ескертпе: нысан «Басқа да жіктелетін активтер және ірі дебиторлар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 5.1
«Басқа да жіктелетін активтер
және ірі дебиторлар туралы
есеп» әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Басқа да жіктелетін активтер және ірі дебиторлар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады.
Нысанның құндық көрсеткіштері үшін өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сандармен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанды толтыру кезінде кодтар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысандағы шот нөмірлері «Шот нөмірлері» анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 6
6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Нысанда ірі дебиторлар туралы және осы қаулыда көзделген есептердің басқа нысандарына енгізілмеген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес құнсыздану кезеңдері бойынша жіктелетін басқа да активтер туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 1-кестенің 2.1, 2.2 және 3-жолдарында мәндер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 9
9. 1-кестенің 2.2 және 2.3-жолдарында мәндер «Шот нөмірлері» анықтамалығынан таңдалады, оларда басқа жіктелетін активтердің сомасы және оларға сәйкес келетін есепті күнгі құндық мәндер ескеріледі. Егер құндық мән нөлге тең болса, 1-кестенің 2.1, 2.2 және 2.3-жолдары бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
Тармақ 10
10. 1-кестенің 3-жолында 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес есепті күнгі жағдай бойынша басқа да жіктелетін активтер жатқызылған кредиттік тәуекел сатысы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 2-кестенің 2.2, 2.4, 3, 6.1, 6.2 және 7-жолдарындағы мәндер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 12
12. 2-кестеде мынадай талаптарға сәйкес келетін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі дебиторлары туралы мәліметтер көрсетіледі:
есепті күнге дебиторлық берешек бойынша контрагент айқындалған;
контрагент банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлға болып табылмайды;
контрагентке қойылатын талаптар мынадай бір немесе бірнеше операцияларды жасау салдарынан туындаған:
қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сату, сатып алу, басқаға ұсыну;
қарызды дебиторлық берешекке қайта сыныптау;
өндіріп алынған кепіл мүлкін сату;
клиенттерге берілген қарыз операцияларын (оның ішінде есептелген кіріс пен мен мерзімі өткен сыйақыны) қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушысымен басқа да операциялар;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның шығарылған және расталған кепілдіктер мен аккредитивтер бойынша міндеттемелерді орындауы.
Есепті күнге жеке басы анықталмаған үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттері нәтижесінде туындаған дебиторлық берешек туралы мәліметтер (операцияның сипатына қарамастан) осы түсіндірменің 13-тармағында жазылған талаптарға сәйкес болған кезде Нысанда көрсетіледі. Бұл жағдайда дебитор ретінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым не оның құрылымдық бөлімшесі көрсетіледі, 2-кестенің 3-жолы бойынша дебиторлық берешек түрі ретінде «Басқа да» мәні көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 2-кестені толтыру кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда талаптардың ең көп сомасы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның 25 (жиырма бес) ірі дебиторларын жария етеді.
Тармақ 14
14. 2-кестенің 2-жолындағы анықтамалықтарды банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді, анықтамалықтардағы тиісті ақпаратты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.
Тармақ 15
15. 2-кестенің 2.1-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін анықтамалыққа сәйкес дебитордың атауы көрсетіледі.
Контрагенттерді сәйкестендіру үшін 2-кестенің 2.2 және 2.3-жолдарында сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:
заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Халықаралық стандарттау ұйымының 9362 «Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарлар. Банктердің сәйкестендіру кодтары» халықаралық стандартына сәйкес банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, олар болмаған кезде – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын есеп беретін ұйым қалыптастырған баламалы сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – балама сәйкестендіру нөмірі).
жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, ол болмаған кезде – балама сәйкестендіру нөмірі.
Тармақ 16
16. 2-кестенің 2.4-жолында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын дебитор бойынша «1» мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын дебитор бойынша «2» мәні көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 2-кестенің 2.5-жолында «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар» ISO 3166-1 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес контрагентті тіркеген ел көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 2-кестенің 4-жолында шетел валютасымен көрсетілген дебиторлық берешек бойынша «1» мәні көрсетіледі, өзге жағдайларда «0» көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 2-кестенің 6.2 және 6.3-жолдарындағы мәндер дебиторлық берешектің сомасы және оларға сәйкес келетін есепті күнгі құндық мәндер ескерілетін «Шот нөмірлері» анықтамалығынан таңдалады.
Егер құндық мән нөлге тең болса, 2-кестенің 6.1, 6.2 және 6.3-жолдары бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
Тармақ 20
20. 2-кестенің 7-жолында 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) сәйкес есепті күндегі жағдай бойынша дебиторлық берешек жатқызылған кредиттік тәуекел сатысы көрсетіледі.
2-кестенің 7-жолындағы көрсеткіш 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (International Financial Reporting Standards – IFRS) және осы түсіндірменің 7-тармағында көрсетілген банктің ішкі провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын дебиторлық берешек бойынша толтырылмайды.
Басқа 6
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
6-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 5-LOANS
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар:
есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ипотекалық ұйымдар желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) (есепті айда айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Референс
2
Өңір
3
Кредит беру субъектісінің түрі
4
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты
5
Резиденттік белгісі
6
Біртектілік белгісі
7
Валюта белгісі
8
Ұзақ мерзімді қарыз белгісі
9
Кредит беру мақсаты
10
Қамтамасыз етудің болу белгісі
11
Жұмыс істемейтін қарыз белгісі
12
Есепті кезеңдегі көрсеткіштер:
12.1
есепті кезеңде берілді
12.2
Орташа өлшемді сыйақы мөлшерлемесі, %
13
есепті кезеңнің соңындағы көрсеткіштер:
13.1
құн көрсеткішінің түрі
13.2
шот нөмірі
13.3
есепті кезеңнің соңындағы ақша қалдығының сомасы
14
Кредиттік тәуекел кезеңі
Атауы ______________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы ________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «____» ______________
Ескертпе: нысан «Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 6.1
«Берілген қарыздар және олар
бойынша сыйақы мөлшерлемелері
туралы есеп»
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға
арналған нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады.
Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы санмен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанды толтыру кезінде кодтар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысандағы шот нөмірлері «Шот нөмірлері» анықтамалығынан таңдалады.
Тармақ 5
5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш міндетті түрде толтырылады.
Тармақ 6
6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Нысанда есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар туралы, есепті кезеңде осындай қарыздарды беру және өтеу көлемдері мен есепті кезең ішінде берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Нысан бойынша ұсынылатын мәліметтерге банктерге немесе банк шоттарын ашу мен жүргізуді жүзеге асыратын өзге қаржы ұйымдарына берілген қарыздар, осындай банктер немесе ұйымдар олар бойынша контрагент болатын «кері репо» операциялары кірмейді.
Тармақ 8
8. 2, 3, 4, 5, 9, 10, 13.1, 13.2 және 14-жолдарда мәндер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
2-жолда өңір облыс немесе республикалық маңызы бар қала деңгейінде «Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші» (ӘАОЖ) 11-2025 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын кредиттеу субъектісі бойынша «1» мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын кредиттеу субъектісі бойынша «2» мәні көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 6-жолда біртекті қарыздар бойынша «1» мәні көрсетіледі, өзге жағдайда «0» көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 7-жолда шетел валютасымен берілген қарыздар бойынша «1» мәні көрсетіледі, өзге жағдайда «0» көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 8-жолда 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар бойынша «1» мәні көрсетіледі, 1 (бір) жылға дейінгі (қоса алғанда) мерзімге берілген қарыздар үшін «0» көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 10-жолда кепіл болған кезде анықтамалықтан берешектің ең көп үлесі тиесілі кепіл түріне сәйкес келетін мән таңдалады.
Тармақ 14
14. 11-жолда негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша «1» мәні көрсетіледі, өзге жағдайда «0» көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 12.1-жолда есепті ай ішінде берілген қарыздар сомасы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 12.2-жолда есепті кезеңде нақты ұсынылған қарыздар бойынша орташа өлшемді сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі, олар туралы ақпарат 12.1-жолда беріледі. Есептеу үшін тиісті қарыз шарттарында көрсетілген номиналды сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.
Орташа өлшемді сыйақы мөлшерлемесін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Rср - орташа өлшемді сыйақы мөлшерлемесі;
Rn - n қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
Qn - есепті кезеңде берілген n-қарыздың көлемі.
Тармақ 17
17. 13.2 және 13.3-жолдарда мәндер «Шоттардың нөмірлері» анықтамалығынан таңдалады, онда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген (жүзеге асырған) қарыздар сомасы және оларға сәйкес келетін есепті күнгі құндық мәндері ескеріледі.
Егер құндық мән нөлге тең болса, 13.1, 13.2, 13.3 және 14-жолдар бойынша көрсеткіштер ұсынылмайды.
Тармақ 18
18. 14-жолда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша берілген қарыздар жатқызылған кредиттік тәуекел кезеңі көрсетіледі.
14-жолдағы көрсеткіш Қағидаларға сәйкес құнсыздануға қатысты талаптар қолданылмайтын берілген қарыздар бойынша толтырылмайды.
Басқа 7
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
7-қосымша
Басқа 7-1
Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың
есептілікті ұсыну қағидаларына
7-1-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 6 – BSA
Кезеңділігі: ай сайын, апта сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ үшін
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы:
Ұлттық пошта операторы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы бірінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
есепті аптадан кейінгі бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей аптаның әрбір жұмыс күні үшін апта сайын ұсынылатын 1010, 1020 және 1040-баланстық шоттардағы қалдықтарды қоспағанда, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
желтоқсан айының қосымша есебін (қорытынды айналымдарды ескере отырып) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Жинау әдісі: электрондық түрде
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Шот нөмірі
2
Резиденттік белгісі
3
Экономика секторлары тобының коды
4
Номинация валютасының белгісі
5
Сомасы
6
Есепті кезең
Атауы
_______________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы
__________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «______» ______________
Ескертпе: нысан «Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 10.1. Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы есеп
(индексі – 6 - BSA, кезеңділігі – ай сайын, апта сайын)
«Баланстық шоттардағы
қалдықтар туралы есеп»
әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанға
қосымша
Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы есеп
(индексі – 6 - BSA, кезеңділігі – ай сайын, апта сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын
толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша күн сайын жасалатын 1010, 1020 және 1040-баланстық шоттардағы қалдықтарды қоспағанда, есепті кезеңнің соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша ай сайын жасалады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанда және осы түсіндірмеде шоттардың нөмірі «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі №79 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жекелеген субъектілері үшін бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш міндетті түрде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанда Үлгі шот жоспарының 2-тарауының 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-параграфтарының баланстық (активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кіріс, шығыс) шоттардағы қалдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 1-жолда Үлгі шот жоспары шотының төрт таңбалы / алты таңбалы нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 2, 3 және 4-жолдарда резиденттік белгісі, экономика секторлары тобының коды және номинация валютасының белгісі осы түсіндірменің 14 және 15-тармақтарына сәйкес ерекшеліктерді ескере отырып, осындай нақтылау қолданылатын шоттар бойынша көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 2-жолда мына кодификацияға сәйкес резиденттік белгісі көрсетіледі:
«1» коды – Қазақстан Республикасының резиденті;
«2» коды – Қазақстан Республикасының бейрезиденті.
Тармақ 10
10. 3-жолда «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес экономика секторлары тобының коды көрсетіледі, ол Экономика секторларының ұлттық жіктеуішімен (ЭСЖ) келісіледі.
Тармақ 11
11. 4-жолда номинация валютасының белгісі мынадай түрде көрсетіледі:
«1» коды – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы;
«2» коды – шетел валютасы, аффинирленген бағалы металдар.
Тармақ 12
12. 2 және 3-жолдарда:
активтер бойынша резиденттік белгісі мен дебитордың (эмитенттің) экономика секторлары тобының коды, міндеттемелер бойынша – резиденттік белгісі мен кредитордың экономика секторлары тобының коды көрсетіледі;
1280 08-шоты үшін вексель берушінің резиденттік белгісі мен экономика секторлары тобының коды көрсетіледі;
1010, 1020, 1030, 1060, 1071, 1072, 1120, 1130, 1140, 1160, 1270 01, 1270 04, 1510, 1520, 2020, 2030, 2170 01 және 2170 03-шоттар үшін эмитенттің резиденттік белгісі мен экономика секторлары тобының коды көрсетіледі;
3380 01, 4030 07, 4030 08, 4030 09, 4030 10, 4160 01, 5010, 5020, 5030, 5310 және 5320-шоттар үшін бағалы қағазды (салымды, пайды) ұстаушының резиденттік белгісі мен экономика секторы тобының коды көрсетіледі, бағалы қағаздың (салымның, пайдың) ұстаушысын нақты анықтау мүмкіндігі болмаған кезде – бағалы қағаздың (салымның, пайдың) номиналды ұстаушысының (сенімгерлік меншік иесінің) резиденттік белгісі және экономика секторлары тобының коды көрсетіледі;
1150 01, 1270 02, 3050 03, 3050 07, 3380 02 және 3380 03-шоттар үшін контрагенттің резиденттік белгісі мен экономика секторы тобының коды көрсетіледі, контрагентті анықтау мүмкіндігі болмаған кезде алаңында операция жасалған ұйымның резиденттік белгісі мен экономика секторлары тобының коды көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 2 және 3-жолдарда 1270 30, 1270 31, 1270 32, 1270 33, 1270 34, 1270 35, 1270 36, 1270 37, 1270 81, 1270 82, 1270 83, 1270 84, 1280 10, 1370, 1380, 1410 01, 1420, 1430, 1600, 2800, 2910, 2920, 2940 3100, 3200, 3350, 3380 28, 3380 29, 3380 30, 3380 31, 3380 32, 3380 33, 3380 34, 3380 81, 3380 82, 3380 83, 3380 84, 3390 28, 3510, 3520, 3530, 3540, 4310, 4410, 4420, 4430 және 4440-шоттар бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
Тармақ 14
14. 2, 3 және 4-жолдарда 1290, 1310, 1320, 1330, 1340, 1350, 1360, 2300, 2400, 2500, 2600, 2700, 2930, 3400, 4200, 5210, 5400, 5520 және 5610-шоттары бойынша, сондай-ақ Үлгі шот жоспарының 6 және 7-параграфтарының шоттары бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
Тармақ 15
15. 5-жолда үтірден кейін екі таңбалы сан форматында теңгедегі сома көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 6-жолда соңында есептегі деректер ұсынылған жағдай бойынша жұмыс күнінің датасы көрсетіледі.
Желтоқсан айындағы қосымша есеп (қорытынды айналымдарды ескере отырып) үшін 6-жолда есепті кезеңнен кейінгі жылдың «1 қаңтар» күні көрсетіледі.
Басқа 8
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
8-қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 7-FUND.
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын.
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Ұлттық пошта операторы – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Референс
2
Контрагент туралы мәліметтер:
2.1
атауы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
2.2
сәйкестендіргіш түрі
2.3
сәйкестендіргіш
2.4
контрагент санаты
2.5
резиденттік белгісі
2.6
тіркелген елі
2.7
компаниялар тобына тиесілігі
3
Қорландыру түрі
4
Валюта белгісі
5
Есепті күндегі міндеттеменің баланстық құны
5.1
баланстық құнға енгізілген дисконт
Атауы ______________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы ________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «____» ______________
Ескертпе: нысан «Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 8.1
«Тартылған ақшаның негізгі
көздері туралы есеп» әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады.
Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы санмен көрсетіледі
Тармақ 3
3. Нысанды толтыру кезінде кодтар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысандағы шот нөмірлері «Шот нөмірлері» анықтамалығынан таңдалады.
Тармақ 5
5. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш міндетті түрде толтырылады.
Тармақ 6
6. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Нысанда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі кредиторлары - міндеттемелер сомасының азаюы бойынша қалыптастырылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кредиторлар тізбесінің ең жоғарғы 10 (он) санына кіретін жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кредиторлары заңды тұлғаны, оның ірі қатысушыларын және (немесе) еншілес ұйымдарын қамтитын байланысты тұлғалар тобы болып табылса, онда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі кредиторының мәртебесін айқындау мақсатында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның көрсетілген тұлғалар алдындағы міндеттемелерінің жиынтық сомасы қаралады.
Егер бір заңды тұлғаның бірнеше филиалдары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кредиторлары болып табылса, онда Нысанда осы заңды тұлға бойынша жиынтығындағы міндеттемелер сомасы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанда есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетулерді, шоттар мен талап етілгенге дейінгі салымдар, мерзімді, жинақ және шартты салымдар, алынған қарыздар, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар, мерзімсіз қаржы құралдары, реттелген борыштар бойынша дисконттар мен сыйлықақыларды ескере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тартқан ақшаның баланстық құны көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 2.2, 2.4, 2.5 және 3-жолдарда мәндер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
Тармақ 10
10. Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі кредиторларының қатарына заңды тұлғаны, оның ірі қатысушыларын және (немесе) еншілес ұйымдарын қамтитын байланысты тұлғалар тобы жатқызылса, онда нысандағы мәліметтер көрсетілген тұлғалардың әрқайсысы бойынша жеке көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Заңды тұлғаның (қатысу үлесі 10 (он) және одан да көп пайызды құрайтын) және (немесе) оның еншілес ұйымдарының ірі қатысушыларының мәртебесін осы түсіндірменің 7 және 10-тармақтары мақсатында әрбір күнтізбелік айдың басындағы жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жаңартады.
Тармақ 12
12. 2.1-жолда есеп беретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін анықтамалыққа сәйкес кредитордың контрагентінің атауы көрсетіледі. Жеке тұлғалар бойынша 2.1-жолдағы көрсеткіш қажет болған жағдайда клиент-жеке тұлғалардың шартты белгілерімен ауыстырылады, мәселен, жеке тұлға 1, жеке тұлға 2 және т.с.с.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі кредиторларын сәйкестендіру үшін 2.2 және 2.3-жолдарда сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері көрсетіледі:
заңды тұлға үшін - бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Халықаралық стандарттау ұйымының 9362 «Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарлар. Банктердің сәйкестендіру кодтары» халықаралық стандартына сәйкес банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, олар болмаған кезде – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк қалыптастырған балама сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – балама сәйкестендіру нөмірі);
жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, ол болмаған кезде – балама сәйкестендіру нөмірі.
Тармақ 13
13. 2.4-жолда егер кредитор заңды тұлға болса «1» коды, егер кредитор жеке тұлға болса (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) «2» коды көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 2.5-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын контрагент бойынша «1» мәні көрсетіледі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын контрагент бойынша «2»мәні көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 2.6-жолда «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар» ISO 3166-1 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес тіркеу елі көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Егер топтың жоғарғы деңгейдегі компаниясы немесе топтың жоғарғы деңгейін білдіретін жеке тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенті болып табылса, онда 2.7-жолда тиісінше компанияның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) не шартты белгісі (осы түсіндірменің 12-тармағында келтірілген мысалға ұқсас) көрсетіледі.
Егер топтың жоғарғы деңгейдегі компаниясы немесе топтың жоғарғы деңгейін білдіретін жеке тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенті болып табылмаса, 2.7-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның – заңды тұлғаның кредиторының атауы қайталанады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары бойынша жоғарғы деңгейдегі компания банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенті болып табылмаса да, ол 2.7-жолда көрсетіледі.
Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым-заңды тұлға кредиторының екі және одан да көп ірі қатысушылары болса және топтың жоғарғы деңгейдегі компаниясы болмаса, онда 2.7-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдында міндеттемелері бар (заңды тұлғаның басқа ірі қатысушылары алдында міндеттемелері болмаған кезде) заңды тұлға көрсетіледі.
Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлғаның бірнеше ірі қатысушылары алдында міндеттемелері болса, 2.7-жолда заңды тұлғаның капиталына ең көп қатысу үлесі бар ірі қатысушы, ал үлестері тең болған кезде – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның есепті күнгі жағдай бойынша алдындағы міндеттемелерінің сомасы көп болатын ірі қатысушы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 4-жолда міндеттемелер бойынша шетел валютасында «1» мәні көрсетіледі, өзге жағдайларда «0» көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 5-жолда есептелген сыйақыны, оң (теріс) түзетулерді, дисконттар мен сыйақыларды ескере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тартқан ақшаның баланстық құны көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 5-жолдағы мәнге 5.1-жолдағы мән кіреді.
Тармақ 20
20. 5.1-жолдағы көрсеткіш баланстық құнға енгізілген дисконт болмаған кезде ұсынылмайды.
Басқа 9
Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың
есептілікті ұсыну қағидаларына
9-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 8-AFFIL
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20__ жылғы «___» _________________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар –есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
Ұлттық пошта операторы – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-кесте. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізілімі
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Тұлғаның сәйкестендіргіші
1.1
Сәйкестендіргіш түрі
1.2
Сәйкестендіру нөмірі
2
Тұлғаның қосымша сәйкестендіргіші:
2.1
сәйкестендіргіш түрі
2.2
сәйкестендіру нөмірі
3
Атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке тұлға үшін)
4
Жеке тұлғаның белгісі
5
Тіркелген елі
6
Тұлғаны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жатқызу белгісі
7
Тұлғаны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізіліміне енгізу күні
8
Тұлғаны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімінен шығару күні
2-кесте. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы мәліметтер
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Тұлғаның сәйкестендіргіші
1.1
Сәйкестендіргіш түрі
1.2
Сәйкестендіру нөмірі
2
Шарт талаптары бойынша мәміле туралы мәліметтер:
2.1
мәміленің референсі (коды)
2.2
шарт нөмірі
2.3
шарт жасалған күн (мәміле талаптарын орындауды бастау)
2.4
шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн (мәміле талаптарын орындау)
2.5
операция түрі
2.6
мәміленің мақсаты
2.7
валюта коды
2.8
мәміле сомасы
2.9
сыйақы мөлшерлемесі
3
Уәкілетті орган (тұлға) шешімінің деректемелері:
3.1
Нөмірі
3.2
Күні
4
Үлгілік шарттарға сәйкес мәміле жасау белгісі
5
Есепті күнге мәміле құнының көрсеткіштері:
5.1
құн көрсеткішінің түрі
5.2
шот нөмірі
5.3
Сомасы
6
Ескертпе
3-кесте. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы қосымша мәліметтер
№
Көрсеткіштердің атауы
Мәні
1
2
3
1
Көрсеткіштің түрі
2
Сомасы
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы__________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «______» ______________
Ескертпе: нысан «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 9.1. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп» (индексі – 8-AFFIL, кезеңділігі – ай сайын, тоқсан сайын)
«Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйыммен ерекше қатынастар
арқылы байланысты тұлғалар
және олармен жасалған мәмілелер
туралы есеп» әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанына
қосымша
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп» (индексі – 8-AFFIL, кезеңділігі – ай сайын, тоқсан сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысанды банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.
Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы санмен көрсетіледі.
Тармақ 3
3.
Нысанды толтыру кезінде кодтар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Жүйе) орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.
📌 Ескерту. 3-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 30 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіш міндетті түрде толтырылады.
Тармақ 5
5. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанда:
1-кестеде – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімінің көрсеткіштері бойынша мәндер;
2-кестеде – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есеп көрсеткіштері бойынша мәндер, оның ішінде есепті кезең ішінде жасалған және (немесе) есепті күні қолданыста болған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осындай тұлғалармен жасаған барлық мәмілелері туралы мәліметтер;
3-кестеде – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есепке қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 1-кестенің 1.1 және 6-жолдарында, 2-кестенің 1.1, 2.5, 2.6, 2.7, 5.1 және 5.2-жолдарында, 3-кестенің 1-жолында мәндер Жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдап алынады.
Тармақ 8
8. Тұлғаның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысының белгісі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабында айқындалады.
Тармақ 9
9. 1-кестеде есепті күндегі жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты барлық тұлғалар және есепті кезең ішінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты болған барлық тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды сәйкестендіру үшін 1 және 2-кестелердің 1.1 және 1.2-жолдарында сәйкестендіргіштердің мынадай түрлері және олардың мәндері:
заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Халықаралық стандарттау ұйымының 9362 «Банк ісі. Банктік телекоммуникациялық хабарлар. Банктердің сәйкестендіру кодтары» халықаралық стандартына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды, олар болмаған жағдайда – Жүйе үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қалыптастырған балама сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – балама сәйкестендіру нөмірі);
жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, ол болмаған жағдайда – балама сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың бірнеше сәйкестендіргіші болған кезде қосымша сәйкестендіргіш 1-кестенің 2-жолында көрсетіледі.
1-кестенің 3-жолында атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке тұлға үшін) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 1-кестенің 4-жолында жеке тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға бойынша «1» мәні көрсетіледі, өзге жағдайларда «0» көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 1-кестенің 5-жолында «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар» ISO 3166-1 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес тіркелген ел көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 1-кестенің 6-жолында бірнеше маңызды мәндерді бір мезгілде көрсетуге жол беріледі. Егер тұлғаның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысының бірнеше белгілері болса, 1-кестенің 6-жолында барлық белгілер көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 1-кестенің 7-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тұлғаның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысы белгісінің (белгілерінің) болуы туралы белгілі болған күн көрсетіледі.
Келесі есепті кезеңдерде 1-кестенің 7 және 8-жолдары тұлғаларды банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізіліміне қосу немесе шығару фактісі бойынша толтырылады.
Тармақ 14
14. 2-кестеде «Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14786 болып тіркелген) және «Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген) сәйкес есептелетін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған, сомасы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталы мөлшерінің жиынтығында 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан асатын барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының теріс мәні болса, 2-кестеде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған, сомасы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның активтері мөлшерінің жиынтығында 0,001 (нөл бүтін мыңнан бір) пайызынан асатын барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 15
15.
2-кестенің 2.1-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінде осы мәміленің бірегей сәйкестендіргіші ретінде қызмет ететін мәміленің референсі (коды) көрсетіледі.
📌 Ескерту. 15-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 30 қаулысымен.
Тармақ 16
16. Операция түрін таңдау кезінде 2-кестенің «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға төленген дивидендтер» 2.5-жолында және 2-кестенің «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар төлеген дивидендтері» 2.3-жолында сәйкесінше дивидендтерді төлеу күні мен алу күні көрсетіледі.
2-кестенің 2.8-жолында төленген дивидендтердің сомасы көрсетіледі, ал 2-кестенің 5.3-жолында «Есептелген кіріс, шығыс» құндық көрсеткішінің түрі бойынша – есептелген дивидендтер сомасы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Шарттың қолданысын ұзарту кезінде 2-кестенің 2.4-жолында шарттың қолданысы ұзартылған тиісті күн көрсетіледі, 2-кестенің 5.3-жолында «Негізгі борыш» құндық көрсеткішінің түрі бойынша – ұзартылған мәміле шартының қолданысы кезеңіндегі есепті күнге арналған баланстық қалдық сомасы көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 2-кестенің 2.6-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін анықтамалыққа сәйкес мәміленің мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 2-кестенің 2.7-жолында валюта кодтары «Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар» 07 ISO 4217 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 1-кестенің 2.8-жолында шартта көрсетілген мәміле сомасы көрсетіледі.
Шарт бойынша мәміленің шетел валютасындағы сомасы «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 бірлескен қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 2-кестенің 2.9-жолында шарттың талаптарына сәйкес мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық пайызбен көрсетіледі.
Тармақ 22
22. 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарында уәкілетті органның (тұлғаның) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәмілелер жасауы (жасасуы) туралы бірінші шешімінің деректемелері көрсетіледі.
Егер 2-кестенің 4-жолындағы көрсеткіш бойынша «1» мәні көрсетілсе, онда 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарындағы көрсеткіштер толтырылмайды.
Егер мәміле жасалған кезде тұлғаның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланыс белгілері болмаса, 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдары толтырылмайды.
Тармақ 23
23. 2-кестенің 4-жолында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасасу кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесі бекіткен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын үшінші тұлғалармен ұқсас мәмілелерге қолданылатын осындай мәмілелердің үлгі шарттарына сәйкес «1» көрсетіледі, өзге жағдайда «0» көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 2-кестенің 5.2 және 5.3-жолдарында мәндер «Шоттардың нөмірлері» анықтамалығынан таңдап алынады, онда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелерінің сомасы және есепті күнге олардың тиісті құны бойынша мәндері есепке алынады.
Егер құны бойынша мәні нөлге тең болса, 2-кестенің 5.1, 5.2 және 5.3-жолдары бойынша көрсеткіштер берілмейді.
Тармақ 25
25. 2-кестенің «кіріс, шығыс» 5.1-жолында құндық көрсеткіштің түрін таңдау кезінде 5.3-жолда «Шоттардың нөмірлері» анықтамалығының тиісті баланстық шоттары мен сыныптарында көрсетілген есепті күнгі мәміле бойынша пайыздық кірістің, шығыстың сомасы көрсетіледі.
Тармақ 26
26. 3-кестеде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы мәліметтер субъектілер мен мәмілелер бөлінісінде ашылмай, жалпы сомасы көрсетіледі.
3-кестенің 2-жолында мыналар толтырылады:
есепті күндегі жағдай бойынша Нормативтік мәндерге сәйкес есептелетін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелерінің жалпы сомасы, бұл сома банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталы мөлшерінің жиынтығында 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспайды;
есепті күндегі жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымында сақтандырылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттерінің қарыздарының жалпы сомасы.
Басқа 10
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
10-қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірісі мен шығысы туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 9-UO.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезеңі: 20__ жылғы «___» _________________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей, тоқсан сайын.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-кесте. Активтердің, міндеттемелердің және капиталдың құрылымы
(мың теңгемен)
жол коды
Активтер
есепті кезеңнің басында
есепті кезеңнің соңында
1
2
3
4
Активтер
1
Ақша, оның ішінде
1.1
кассадағы қолма-қол ақша
1.2
банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ағымдағы шоттардағы ақша
2
Орналастырылған салымдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде
2.1
талап етілгенге дейінгі салымдар
2.2
шартты салымдар, оның ішінде:
2.2.1
қысқа мерзімді шартты салымдар
2.2.2
ұзақ мерзімді шартты салымдар
2.3
мерзімді салымдар, оның ішінде:
2.3.1
қысқа мерзімді салымдар (1 жылға дейін қоса алғанда)
2.3.2
ұзақ мерзімді салымдар (1 жылдан астам)
2.4
жинақ салымдар, оның ішінде:
2.4.1
қысқа мерзімді жинақ салымдары (1 жылға дейін қоса алғанда)
2.4.2
ұзақ мерзімді жинақ салымдары (1 жылдан астам)
3
Дебиторлық берешек, оның ішінде:
3.1
қызметкерлердің дебиторлық берешегі
3.2
шаруашылық қызмет бойынша дебиторлық берешек
3.3
құрылтайшылардың (қатысушылардың) дебиторлық берешегі
3.4
басқа да дебиторлық берешек
4
Қорлар, оның ішінде:
4.1
аффинирленген құйма алтын
4.2
басқа қорлар
5
Материалдық емес активтер (амортизацияны және құнсызданудан болған шығынды шегергенде)
6
Негізгі құралдар (амортизацияны және құнсызданудан болған шығынды шегергенде), оның ішінде:
6.1
ғимараттар мен құрылыстар
6.2
машиналар мен жабдықтар
6.3
басқа да негізгі құралдар
7
Салықтық талап, оның ішінде:
7.1
ағымдағы салық талабы
7.2
кейінге қалдырылған салық талабы
8
Басқа активтер
9
Активтер жиыны
Міндеттемелер
10
Алынған қарыздар, оның ішінде:
10.1
қысқа мерзімді қарыздар (1 жылға дейін қоса алғанда)
10.2
ұзақ мерзімді қарыздар (1 жылдан астам)
11
Кредиторлық берешек, оның ішінде:
11.1
еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлық берешек
11.2
шаруашылық қызмет бойынша кредиторлық берешек
11.3
қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша кредиторлық берешек
12
Салық міндеттемесі, оның ішінде:
12.1
ағымдағы салық міндеттемесі
12.2
кейінге қалдырылған салық міндеттемесі
13
Басқа міндеттемелер
14
Міндеттемелер жиыны
Меншікті капитал
15
Жарғылық капитал
16
Резервтер, оның ішінде:
16.1
резервтік капитал
16.2
басқа резервтер
17
Бөлінбеген пайда (жабылмаған шығын), оның ішінде:
17.1
алдыңғы жыл
17.2
есепті кезең
18
Капитал жиыны
19
Капитал мен міндеттемелер жиыны
2-кесте. Кіріс пен шығыс
(мың теңгемен)
жол коды
Көрсеткіштердің атауы
есепті кезең үшін
1
2
3
1
Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кіріс
2
Аффинирленген бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша кіріс
3
Сыйақы алуға байланысты кіріс, оның ішінде:
3.1
ағымдағы шоттар бойынша
3.2
орналастырылған салымдар бойынша
3.3
сыйақы алуға байланысты басқа да кіріс
4
Шетел валютасын қайта бағалаудан кіріс
5
Аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан кіріс
6
Басқа да кіріс
7
Кірістер жиыны
8
Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыс
9
Аффинирленген бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша шығыс
10
Сыйақы төлеуге байланысты шығыс, оның ішінде:
10.1
алынған қарыздар бойынша
10.2
жалдау бойынша міндеттемелер бойынша
10.3
сыйақы төлеуге байланысты басқа да шығыс
11
Шетел валютасын қайта бағалаудан шығыс
12
Аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан шығыс
13
Комиссиялық шығыс, оның ішінде:
13.1
кассалық операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін комиссиялық шығыс
13.2
сейфтік операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін комиссиялық шығыс
13.3
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша көрсеткен қызметі үшін комиссиялық шығыс
14
Операциялық шығыс, оның ішінде:
14.1
еңбекке ақы төлеу және іссапар шығысы
14.2
амортизациялық аударымдар
14.3
корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығыс
14.4
әкімшілік шығыс
15
Басқа да шығыс
16
Шығыс жиыны
17
Корпоративтік табыс салығын төлегенге дейінгі таза пайда (шығын)
18
Корпоративтік табыс салығы
19
Тіркелген салық
20
Корпоративтік табыс салығын төлегеннен кейінгі таза пайда (шығын)
21
Тоқтатылған қызметтен пайда (шығын)
22
Кезең ішіндегі таза пайда (шығын) жиыны
3-кесте. Корпоративтік табыс салығы бойынша деректер
(мың теңгемен)
Жол коды
Көрсеткіштердің атауы
есепті кезең үшін (тоқсан)
ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін (өспелі жиын)
1
Алдыңғы салық кезеңі үшін бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы
2
Есепті салық кезеңі үшін бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы
3
Есепті салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының болжамды есептеу сомасы
Қызметкерлер саны (есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша)
____________________________________________________________ адам
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты
_________________________________________________________________
Атауы _________________________________________________________________
Мекенжайы_______________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________
Орындаушы ______________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «______» ______________
Ескертпе: нысан «Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірісі мен шығысы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 10.1
«Қызметін Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау
операцияларына арналған лицензиясы
негізінде тек қана айырбастау
пункттері арқылы жүзеге
асыратын заңды
тұлғаның активтерінің,
міндеттемелерінің құрылымы
және капиталы, кірісі мен шығысы
туралы есеп» әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанына қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірісі мен шығысы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тармақ 4
4. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) есепті ұсынуға берілген мерзім өткеннен кейін бір ай ішінде енгізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 1-кестеде:
Тармақша 1
1) коды 1.1 «кассадағы қолма-қол ақша» жолында «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Шоттар жоспары) 1010 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
коды 1.2 «банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ағымдағы шоттардағы ақша» жолында Шоттар жоспарының 1030 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 2
2) коды 2.1 «талап етілгенге дейінгі салымдар» жолында Шоттар жоспарының 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1150 03, 1270 22, 1150 12, 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 2.2.1 «қысқа мерзімді шартты салымдар» жолында Шоттар жоспарының 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1150 05, 1270 24 және 1150 12 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 2.2.2 «ұзақ мерзімді шартты салымдар» жолында Шоттар жоспарының 2040 08 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2040 02, 2170 24 және 2040 09 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 2.3.1 «қысқа мерзімді салымдар (қоса алғанда 1 жылға дейін)» жолында Шоттар жоспарының 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1150 02, 1150 04, 1270 23 және 1150 12 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 2.3.2 «ұзақ мерзімді салымдар (1 жылдан астам)» жолында Шоттар жоспарының 2040 08 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2040 01, 2170 23 және 2040 09 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 2.4.1 «қысқа мерзімді жинақ салымдары (қоса алғанда 1 жылға дейін)» жолында Шоттар жоспарының 1150 11 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1150 06, 1270 38 және 1150 12 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 2.4.2 «ұзақ мерзімді жинақ салымдары (қоса алғанда 1 жылға дейін)» жолында Шоттар жоспарының 2040 08 және 1290 24 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2040 03, 2170 22 және 2040 09 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) коды 3.1 «қызметкерлердің дебиторлық берешегі» жолында Шоттар жоспарының 1290 01 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1250, 1610 01, 1610 03, 2150 және 2910 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 3.2 «шаруашылық қызмет бойынша дебиторлық берешек» жолында Шоттар жоспарының 1290 01 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1210, 1240, 1260, 1620 02, 2110, 2140 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 3.4 «басқа дебиторлық берешек» жолында Шоттар жоспарының 1290 01 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1280 10 және 2180 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) коды 4.1 «аффинирленген құйма алтын» жолында Шоттар жоспарының 1370 және 1380 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 4.2 «басқа да қорлар» жолында Шоттар жоспарының 1360 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 1350 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 5
5) коды 5 «материалдық емес активтер (амортизацияны және құнсызданудан шығынды шегергенде)» жолында Шоттар жоспарының 2740 және 2750 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2730 шоты бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) коды 6 «Негізгі құралдар (амортизацияны және құнсызданудан шығынды шегергенде)» жолында Шоттар жоспарының 2420, 2430 және 2450 шоттары бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 2410 және 2440 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 7
7) коды 7.1 «ағымдағы салық талабы» жолында Шоттар жоспарының 1400 тобының шоттарын топтастыру жүзеге асырылады;
коды 7.2 «кейінге қалдырылған салық талабы» жолында Шоттар жоспарының 2810 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 8
8) коды 8 «басқа да активтер» жолында Шоттар жоспарының 1630 және 2940 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 8 «басқа да активтер» жолында 3 және 7 кодтары бар жолдарда ескерілмеген активтер ескеріледі;
Тармақша 9
9) коды 10.1 «қысқа мерзімді қарыздар (қоса алғанда 1 жылға дейін)» жолында Шоттар жоспарының 3050 06 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 3010, 3020, 3050 05 және 3380 25 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 10.2 «ұзақ мерзімді қарыздар (1 жылдан астам)» жолында Шоттар жоспарының 4030 12 шоты бойынша қалдықтар сомасы шегеріле отырып, Шоттар жоспарының 4010, 4020, 4030 11 және 4160 23 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 10
10) коды 11.1 «еңбекақы төлеу бойынша кредиторлық берешек» жолында Шоттар жоспарының 3350 шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
коды 11.2 «шаруашылық қызмет бойынша кредиторлық берешек» жолында Шоттар жоспарының 3310, 3340, 3360, 3370, 3510, 4110, 4140, 4150 және 4410 шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 11.3 «қатысушылардың дивидендтері мен кірісі бойынша кредиторлық берешек» жолында Шоттар жоспарының 3030-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 11
11) коды 12.1 «ағымдағы салық міндеттемелері» жолында Шоттар жоспарының 3100-тобының шоттарын топтастыру жүзеге асырылады;
коды 12.2 «кейінге қалдырылған салық міндеттемелері» жолында Шоттар жоспарының 4310-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 12
12) коды 13 «басқа да міндеттемелер» жолында Шоттар жоспарының 3540 және 4430-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 13 жолда өзге міндеттемелерде кодтары 10-нан 12-ге дейінгі жолдарда ескерілмеген берешек ескеріледі;
Тармақша 13
13) коды 15 «жарғылық капитал» жолында Шоттар жоспарының 5030 және 5320-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 14
14) коды 16.1 «резервтік капитал» жолында Шоттар жоспарының 5410, 5420, 5430 және 5450-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 16.2 «басқа да резервтер» жолында Шоттар жоспарының 5460-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 15
15) коды 17.1 «өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (өтелмеген шығын)» жолында Шоттар жоспарының 5520-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
коды 17.2 «есепті кезеңнің бөлінбеген пайдасы (өтелмеген шығын)» жолында Шоттар жоспарының 5610-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 16
16) 1-кестені толтыру кезінде мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
коды 1 жол = кодтары 1.1 және 1.2 жолдардың қосындысына;
коды 2 жол = кодтары 2.1, 2.2, 2.3 және 2.4 жолдардың қосындысына;
коды 2.2 жол = кодтары 2.2.1 және 2.2.2 жолдардың қосындысына;
коды 2.3 жол = кодтары 2.3.1 және 2.3.2 жолдардың қосындысына;
коды 2.4 жол = кодтары 2.4.1 және 2.4.2 жолдардың қосындысына;
коды 3 жол = кодтары 3.1, 3.2, 3.3 және 3.4 жолдардың қосындысына;
коды 4 жол = кодтары 4.1 және 4.2 жолдардың қосындысына;
коды 6 жол = кодтары 6.1, 6.2 және 6,3 жолдардың қосындысына;
коды 7 жол = кодтары 7.1 және 7.2 жолдардың қосындысына;
коды 10 жол = кодтары 10.1 және 10.2 жолдардың қосындысына;
коды 11 жол = кодтары 11.1, 11.2 және 11.3 жолдардың қосындысына;
коды 12 жол = кодтары 12.1 және 12.2 жолдардың қосындысына;
коды 16 жол = кодтары 16.1 және 16.2 жолдардың қосындысына;
коды 17 жол = кодтары 17.1 және 17.2 жолдардың қосындысына;
коды 18 жол = кодтары 15, 16 және 17 жолдардың қосындысына;
коды 9 жол = коды 19 жол.
Тармақ 6
6. 2-кестеде:
Тармақша 1
1) коды 1 «шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кіріс» жолында Шоттар жоспарының 6280 02-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 2
2) коды 2 «аффинирленген бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша кіріс» жолында Шоттар жоспарының 6280 01-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 3
3) коды 3.1 «ағымдағы шоттар бойынша» жолында Шоттар жоспарының 6110 28-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
коды 3.2 «орналастырылған салымдар бойынша» жолында Шоттар жоспарының 6110 29, 6110 31, 6110 30 және 6110 35-шоттары бойынша қалдықтардың сомасы көрсетіледі;
коды 3.3 «сыйақы алуға байланысты басқа да кіріс» жолында Шоттар жоспарының 6110 34-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 4
4) коды 4 «шетел валютасын қайта бағалаудан кіріс» жолында Шоттар жоспарының 6250 02-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 5
5) коды 5 «аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан кіріс» жолында Шоттар жоспарының 6280 05-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 6
6) коды 6 «басқа да кіріс» жолында Шоттар жоспарының 6280 06 және 6220-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 7
7) коды 8 «шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7470 02-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 8
8) коды 9 «аффинирленген бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7470 01-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 9
9) коды 10.1 «алынған қарыздар бойынша» жолында Шоттар жоспарының 7310 24-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
коды 10.2 «жалдау жөніндегі міндеттемелер бойынша» жолында Шоттар жоспарының 7350-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
коды 10.3 «сыйақы төлеуге байланысты басқа да шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7310 25-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 10
10) коды 11 «шетел валютасын қайта бағалаудан шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7430 02-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 11
11) коды 12 «аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7470 07-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 12
12) коды 13.1 «кассалық операциялар бойынша қызметтер үшін комиссиялық шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7470 23-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
коды 13.2 «сейф операциялары бойынша қызметтер үшін комиссиялық шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7470 24-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
коды 13.3 «банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметтер үшін комиссиялық шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7470 25-шоты бойынша қалдықтар көрсетіледі;
Тармақша 13
13) коды 14.2 «амортизациялық аударымдар» жолында Шоттар жоспарының 7490 01 және 7490 05-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 14.3 «корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7220-тобының шоттарын топтастыру жүзеге асырылады;
коды 14.4 «әкімшілік шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7210 және 7450-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 14
14) коды 15 «басқа да шығыс» жолында Шоттар жоспарының 7420 және 7410-шоттары бойынша қалдықтарды топтастыру жүзеге асырылады;
коды 15 жолда өзге шығысқа электрондық түрде жүргізілетін айырбастау операцияларының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымға немесе компьютерлік жүйеге ілеспе қызмет көрсету, өрт, күзет, дабыл сигнализацияларының техникалық құралдарына қызмет көрсету бойынша шығыс және басқа да жатады;
Тармақша 15
15) коды 18 «корпоративтік табыс салығы» жолында есепті кезеңде бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;
Тармақша 16
16) коды 21 «тоқтатылған қызметтен пайда (шығын)» жолында Шоттар жоспарының 6310 және 7510-шоттарын топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 17
17) 2-кестені толтыру кезінде мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
коды 3 жол = кодтары 3.1, 3.2 және 3.3 жолдардың қосындысына;
коды 10 жол = кодтары 10.1, 10.2 және 10.3 жолдардың қосындысына;
коды 13 жол = кодтары 13.1, 13.2 және 13.3 жолдардың қосындысына;
коды 14 жол = кодтары 14.1, 14.2, 14.3 және 14.4 жолдардың қосындысына.
Тармақ 7
7. 3-кестеде:
Тармақша 1
1) коды 1 жолда алдыңғы салық кезеңінде бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) коды 2 жолда есепті салық кезеңінде бюджетке енгізілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;
Тармақша 3
3) коды 3 жолда есепті салық кезеңінде бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығының болжамды есептеу сомасы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Шоттарды есептілік баптарына топтастыру кезінде олардың қайталануына жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Топтау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген) бекітілген «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа», Шоттар жоспарына және уәкілетті ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.
Басқа 11
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
11-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар есебі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 10-CASH-IN-TRANSIT.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезеңі: 20__жылғы «___» ________ жағдай бойынша.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Жол коды
Көрсеткіш
Мәні немесе сомасы
1
Есепті кезең ішінде үй-жайларда өзгерістердің болуы (иә, жоқ)
2
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдарының саны, оның ішінде:
2.1
меншік құқығында
3
Жарғылық капитал (миллион теңгемен)
3.1.
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға ғана арналған жарғылық капитал (миллион теңгемен)
3.2
Банкноттарды, монеталар және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, буып-түю, сақтау, сондай-ақ оларды банктердің тапсырмасы бойынша банктерге және олардың клиенттеріне беру бойынша қосымша қызметті жүзеге асыруға арналған жарғылық капитал (миллион теңгемен)
4
Заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
4.1.
Резиденттік туралы мәліметтер (иә, жоқ)
4.2.
Террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болмауы туралы мәліметтер (бар, жоқ)
5.
Атқарушы органның басшысы туралы мәліметтер (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
5.1.
Резиденттік туралы мәліметтер (иә, жоқ)
5.2.
Жоғары білімнің болуы (бар, жоқ)
5.3.
Қаржылық қызмет көрсету саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы (бар, жоқ)
5.4.
Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының бар болуы (болмауы) туралы мәліметтер (бар, жоқ)
5.5.
Денсаулық сақтаудың психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарында есепте тұрмағандығы туралы мәліметтер (бар, жоқ)
5.6.
Террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болмауы туралы мәліметтер (бар, жоқ)
6.
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша функциялары бар заңды тұлғаның қызметкері туралы мәліметтер
6.1.
Резиденттік туралы мәліметтер (иә, жоқ)
6.2.
Денсаулық сақтаудың психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарында есепте тұрмағандығы туралы мәліметтер (бар, жоқ)
6.3.
Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының бар болуы (болмауы) туралы мәліметтер (бар, жоқ)
6.4.
Террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болмауы туралы мәліметтер (бар, жоқ)
7
Қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттары туралы мәліметтер (нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі)
8
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялаудың қолданыстағы шарттарының саны (объектілер санын ашып көрсете отырып)
9
Есепті кезеңде инкассацияланған қолма-қол ақшаның көлемі (мың теңгемен)
9.1.
оның ішінде 1 (бір) инкассатор тасымалдайтын қолма-қол ақша көлемінің орташа сомасы (мың теңгемен)
10
Қайта есептеу, сұрыптау, буып-түю және сақтау бойынша қосымша қызметті жүзеге асыру (иә, жоқ)
11
Жұмыскерлердің тізімдік саны, оның ішінде:
11.1.
басқарушы персонал
11.2.
техникалық персонал
11.3.
инкассаторлар
11.4
өзге де қызметкерлер
12
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметті жүзеге асырудан кіріс (мың теңгемен)
13
Екінші деңгейдегі банктердегі және Ұлттық пошта операторындағы шоттардағы ақша (мың теңгемен)
Атауы ________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________
Телефоны ___________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________
Орындаушы _______________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «______» ______________
Ескертпе: нысан «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар есебі» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 11.1
«Банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды инкассациялау
айрықша қызметі болып табылатын
заңды тұлғалардың есебі» әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың есебі» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. 1-жолда есепті кезең ішінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – инкассациялық ұйымдар) үй-жайларында өзгерістердің (орналасқан жерінің, ауданының өзгеруі, үй-жайлардың құрылысындағы өзгерістер) болуы (болмауы) туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 4
4. 2-жолда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдарының жалпы саны көрсетіледі.
2.1-жолда инкассаторлық ұйымға меншік құқығында тиесілі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдарының саны көрсетіледі.
Тармақ 5
5. 3-жолда ақшалай нысанда толық көлемде қалыптастырылған жарғылық капитал көрсетіледі.
3, 3.1, 3.2-жолдар «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19612 болып тіркелген) бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларына (бұдан әрі – Лицензия беру қағидалары) сәйкес ұсынылған жарғылық капитал туралы мәліметтер өзгерген кезде толтырылады.
Тармақ 6
6. 4-жолда инкассаторлық ұйым құрылтайшыларының (қатысушыларының) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.
4, 4.1 және 4.2-жолдар Лицензия беру қағидаларына сәйкес ұсынылған құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер өзгерген кезде толтырылады.
Тармақ 7
7. 5-жолда инкассаторлық ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.
5, 5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.5 және 5.6-жолдар Лицензия беру қағидаларына сәйкес ұсынылған басшы туралы мәліметтер өзгерген кезде толтырылады.
Тармақ 8
8. 6-жолда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі функциялары бар инкассаторлық ұйым қызметкерлерінің саны көрсетіледі.
6, 6.1, 6.2, 6.3 және 6.4-жолдар Лицензия беру қағидаларына сәйкес ұсынылған банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі функциялары бар инкассаторлық ұйымның қызметкерлері туралы мәліметтер өзгерген кезде толтырылады.
Тармақ 9
9. 8-жолда қызмет көрсетілетін инкассация объектілерінің жалпы санын көрсете отырып, есепті күні қолданыста болған және инкассаторлық ұйым орындайтын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау шарттарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 9-жолда есепті кезеңде инкассаторлық ұйым нақты инкассациялаған қолма-қол ақшаның жалпы сомасы көрсетіледі.
9.1-жолда 1 (бір) инкассатор тасымалдайтын қолма-қол ақша көлемінің орташа сомасы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 11-жолда қызметкерлердің тізімдік саны көрсетіледі.
11.1, 11.2, 11.3, 11.4-жолдарда қызметкерлердің тізімдік санының құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 12
12. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік қалдықпен ұсынылады.
Басқа 12
Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың есептілікті
ұсыну қағидаларына
12-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 11-CASH
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: Ұлттық пошта операторы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей, ай сайын
Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-кесте. Клиенттердің операциялары бойынша мәліметтер
№
Көрсеткіштің атауы
Мәні (сомасы)
1
2
3
1
Референс
2
Өңір
3
Есеп айырысу-кассалық бөлімше
4
Операция санаты
5
Клиент түрі
6
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты
7
Клиенттің экономикалық қызмет түрі
8
Операция түрі
9
Сомасы
2-кесте. Кассалық операциялар бойынша мәліметтер
№
Көрсеткіштің атауы
Мәні (сомасы)
1
2
3
1
Референс
2
Өңір
3
Операция санаты
4
Операция түрі
5
Сомасы
Атауы ________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ____________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «____» ______________
Ескертпе: нысан «Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 12.1
«Қолма-қол ақшамен операциялар
туралы есеп» әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанына
қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Қолма-қол ақшамен операциялар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі – теңге. Құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы санмен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанның мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) электрондық құрылғылар – POS-терминалдарды қоспағанда, қолма-қол ақшаны қабылдау және (немесе) беру жөніндегі кассалық операцияларға не операциялардың өзге де түрлерін жүзеге асыруға, сондай-ақ тиісті растайтын құжаттарды қалыптастыруға арналған банкоматтар, электрондық терминалдар және өзге де құрылғылар;
Тармақша 2
2) POS-терминал – төлем карточкаларын пайдалана отырып және Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесімен қосыла отырып, қолма-қол ақша беру жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы.
Тармақ 5
5. Егер тиісті көрсеткіштің осы Түсіндірмесінде өзгеше көзделмесе, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Есеп нысанында заңды (барлық меншік нысанындағы), жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер кассалар, электрондық құрылғылар және Ұлттық пошта операторының POS-терминалдары арқылы қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырған операциялар (кіріс, шығыс) туралы мәліметтер беріледі.
Тармақ 7
7. 1 және 2-кестелердің 1-жолы есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде есеп жолының сәйкестендірушісі болып табылатын референсті көрсетуге арналған. Референс Ұлттық пошта операторы үшін қолма-қол ақшамен операция туралы мәліметтерді ұсынатын бірегей болып табылады.
Тармақ 8
8. 1-кестенің 2, 3, 4, 5, 6 және 8-жолдарында және 2-кестенің 2, 3 және 4-жолдарында мәндер Нысан берілетін ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан көрсетіледі.
1-кестенің 2-жолында және 2-кестенің 2-жолында өңірлер облыс немесе республикалық маңызы бар қала деңгейінде «Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші» (ӘАОЖ) 11-2025 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес толтырылады.
Тармақ 9
9. 1-кестенің 3-жолында Ұлттық пошта операторы жүргізетін анықтамалыққа сәйкес қолма-қол ақшамен кіріс-шығыс операциясы жүзеге асырылған Ұлттық пошта операторының есеп айырысу-кассалық бөлімшесі көрсетіледі.
Көрсеткіш электрондық құрылғылар және POS-терминалдар арқылы жасалған қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын қоспағанда, барлық операциялар бойынша толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 10
10. 1-кестенің 6-жолында кәсіпкерлік субъектісінің санаты (заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер болып табылатын клиенттер бойынша) көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 1-кестенің 7-жолында «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 03-2019 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер болып табылатын клиенттердің экономикалық қызметінің түрі көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 1-кестенің 8-жолы мынадай кіріс пен шығыс баптарына жіктеледі:
Тармақша 1
1) қолма-қол ақша кірісінің баптары:
«Тауарларды, қызметтерді және орындалған жұмыстарды өткізуден түсетін түсімдер» бабында:
барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалардан, дара кәсіпкерлерден;
сауда, сол сияқты саудамен айналыспайтын кәсіпорындардың тауарларды сатуынан;
заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің негізгі қызметін құрайтын қызметтер мен жұмыстар: тұрмыстық, медициналық, заңгерлік, жөндеу-құрылыс, салт-дәстүрлік қызметтер мен білім беру саласындағы қызметтер түрлерінен;
заңды тұлғалардан, дара кәсіпкерлерден банк қызметтерін көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеуге қолма-қол ақшаның (бюджетке төлемдерді қабылдау үшін бланкілер үшін алымдар және басқалары) түсуі;
заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер қызметінің негізгі түріне жатпайтын, бірақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қызметтер мен жұмыстардың жоғарыда аталған түрлерінен, сондай-ақ басқа да қызметтер түрлерін көрсетуден қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
«Шоттарға түсімдер» бабында салымдарды, ағымдағы және карточкалық шоттарды толықтыру үшін Ұлттық пошта операторының кассаларына заңды, жеке тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
«Ақша аударымдары жүйесі арқылы (шот ашпастан) Қазақстан Республикасы бойынша бір жолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түсетін түсімдер» бабында ақша аударымдары жүйесі арқылы (Ұлттық пошта операторында шот ашпастан) Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа тұлғалардың пайдасына аударымдарды жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
«Ақша аударымдары жүйелері арқылы (шот ашпастан) шетелге бір жолғы аударым үшін жеке тұлғалардан түсетін түсімдер» бабында ақша аударымдары жүйесі арқылы (Ұлттық пошта операторында шот ашпастан) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі басқа тұлғалардың пайдасына аударымдарды жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
«Қарыздарды өтеу» бабында қарыздарды өтеу және олар бойынша есептелген сыйақы есебіне жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарына қолма-қол ақша түсімдері, сондай-ақ басқа қаржы ұйымдарында ресімделген қарыздарды өтеу үшін шот ашпастан төлемдерді қабылдау көрсетіледі;
«Электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша түсімдері» бабында жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің шоттарына электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
«Қолма-қол ақша кірісінің» жоғарыда келтірілген баптары бойынша ескерілмеген қолма-қол ақша түсімдері» бабында жоғарыда келтірілген «Қолма-қол ақша кірісі» баптары бойынша ескерілмеген барлық өзге де түсімдер көрсетіледі;
Тармақша 2
2) қолма-қол ақша шығысының баптары:
«Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеуге беру» бабында заңды тұлғалар мен барлық меншік нысанындағы дара кәсіпкерлерге тауарларға, көрсетілетін қызметтер мен орындалған жұмыстарға есеп айырысу үшін, шаруашылық және өкілдік шығысқа, оның ішінде заттарды, асыл тастар мен бағалы металдарды, өнер заттарын, антиквариат пен қолөнер бұйымдарын сатып алуды жүргізуге, кәдеге жарату шикізатын, металл сынықтарын дайындауға, халықтан шыны ыдыстарды сатып алуға құқығы бар заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
«Шоттардан беру» бабында Ұлттық пошта операторының жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің ағымдағы, карточкалық шоттарынан қолма-қол ақша беруі, салымдар мен олар бойынша сыйақыны қайтаруы көрсетіледі;
«Қазақстан Республикасы бойынша жеке тұлғаларға ақша аударымдары жүйесі арқылы (шот ашпастан) бір жолғы аударым бойынша қолма-қол ақша беру» бабында Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа тұлғалардан ақша аударымдары бойынша түсімдер есебінен (Ұлттық пошта операторында шот ашпастан) жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
«Жеке тұлғаларға ақша аударымдары жүйесі арқылы (шот ашпастан) шетелден бір жолғы аударым бойынша қолма-қол ақша беру» бабында ақша аударымдары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі басқа тұлғалардан ақша аударымдары бойынша түсімдер есебінен (Ұлттық пошта операторында шот ашпастан) жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
«Қарыздар беру» бабында жеке, заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мақсаттарға ағымдағы шоттан қолма-қол ақшамен қарыздар беру көрсетіледі;
«Электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша беру» бабында жеке, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің шоттарынан электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
«POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақша беру» бабында POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
«Қызметкерлермен есеп айырысу үшін қолма-қол ақша беру» бабында еңбекақыны, еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде аурухана парағы бойынша төлеуді, іссапар бойынша шығысты өтеуді немесе төлеуді, демалыс төлемдерін, сыйлықақыларды, қосымша ақылар мен үстемеақыларды, өтемақыларды, жәрдемақыларды және басқасын қоса алғанда, еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері бойынша есеп айырысу үшін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарынан қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
«Жоғарыда келтірілген «Қолма-қол ақша шығысының» баптары бойынша ескерілмеген қолма-қол ақша беру» бабында жоғарыда келтірілген «Қолма-қол ақша шығысының» баптары бойынша ескерілмеген қолма-қол ақшаның өзге де берілуі көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 2-кестенің 4-жолы мынадай кіріс және шығыс баптарына жіктеледі:
Тармақша 1
1) қолма-қол ақша кірісінің баптары:
«Электрондық құрылғылардан алынған қолма-қол ақшаның түсімдері» бабында электрондық құрылғылардан алынған қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі;
«Ұлттық пошта операторының айырбастау пункттерінің шетел валютасын сатудан түсетін түсімдер» бабында Ұлттық пошта операторының меншікті айырбастау пункттерінен сатылған шетел валютасы үшін қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
«Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметті тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың шетел валютасын сатудан түсетін түсімдері» бабында қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардан сатылған шетел валютасы үшін қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасынан Ұлттық пошта операторының операциялық кассасына қолма-қол ақша түсімдері» бабында Ұлттық пошта операторының операциялық кассаларын нығайту үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасынан қолма-қол ақша түсімдері көрсетіледі;
«Ұлттық пошта операторының операциялық кассасына оның кассалық бөлімшелерінен және екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларынан қолма-қол ақша түсімдері» бабында:
Ұлттық пошта операторының операциялық кассасына оның Ұлттық пошта операторының касса торабынан тыс орналасқан дербес операциялық кассаларынан (қолма-қол ақшаның Ұлттық пошта операторының желісі бойынша қозғалысы: бас офистің кассасы, филиалдың кассасы, Ұлттық пошта операторының касса торабынан тыс орналасқан кассасы);
Ұлттық пошта операторының операциялық кассасына екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларынан қолма-қол ақшаның түсімдері көрсетіледі;
Тармақша 2
2) қолма-қол ақша шығысының баптары:
«Есепті кезеңнің соңындағы операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығы» бабында есепті кезеңнің соңындағы Ұлттық пошта операторының операциялық кассасындағы қолма-қол ақша қалдықтары көрсетіледі;
«Электрондық құрылғыларды тиеу үшін қолма-қол ақша беру» бабында электрондық құрылғыларды нығайту үшін қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
«Ұлттық пошта операторының өз айырбастау пункттеріне шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беруі» бабында өз айырбастау пункттеріне шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беруі көрсетіледі;
«Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметті тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беру» бабында қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шетел валютасын сатып алуға қолма-қол ақша беру көрсетіледі;
«Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасына қолма-қол ақшаны тапсыруы» бабында Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының айналым кассасына берген қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі;
«Ұлттық пошта операторының операциялық кассасынан оның кассалық бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларына қолма-қол ақша беру» бабында:
Ұлттық пошта операторының операциялық кассасынан оның Ұлттық пошта операторының касса торабынан тыс орналасқан дербес операциялық кассаларына (қолма-қол ақшаның Ұлттық пошта операторының желісі бойынша қозғалысы: бас офистің кассасы, филиалдың кассасы, Ұлттық пошта операторының касса торабынан тыс орналасқан кассасы);
Ұлттық пошта операторының операциялық кассасынан екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операциялық кассаларына қолма-қол ақша беру көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 1-кестенің 9-жолында көрсетілген барлық клиенттік кіріс операциялары бойынша (электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақша түсімдерін қоспағанда) және 2-кестенің 5-жолында көрсетілген барлық кассалық кіріс операциялары бойынша жиынтық сома 1-кестенің 9-жолында көрсетілген барлық клиенттік шығыс операциялары бойынша (электрондық құрылғылар арқылы қолма-қол ақшаны беруді қоспағанда) және 2-кестенің 5-жолында көрсетілген барлық кассалық шығыс операциялары бойынша жиынтық сомаға тең.
Басқа 2. Күші жойылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 102 қаулысына
қосымша
Күші жойылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 155 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12084 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 138 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17369 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26011 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 98 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33869 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35554 болып тіркелген).