О некоторых вопросах вывоза мяса крупного-рогатого скота с территории Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Ірі қара мал етін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. 6 ай мерзімге ірі қара мал етін (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары: 0201 – ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 – ірі қара мал еті, мұздатылған) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға 20 (жиырма) мың тонна көлемінде сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөніндегі шараларды қолдану туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 11-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
Басқа 0. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 503
бұйрығына қосымша
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) бордақылау алаңы – мамандандырылған алаңы бар және одан әрі бордақылау үшін ірі қара малды сатып алуды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
Тармақша 2
2) ет өңдеу кәсіпорны - жануарларды сою және сойылған өнімдерді өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндірістік цехтар, өндірістік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімі және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін басқа да қосалқы объектілері бар өндірістік кешен;
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік және мелиорация, жер ресурстары салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақша 5
5) оператор – мемлекеттік ақпараттық жүйені сүйемелдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей www.gov.kz интернет ресурсында ірі қара мал етін әкетуге квоталарды бөлудің басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
Тармақ 4
4. Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:
Тармақша 1
1) ірі қара мал етін шығаруға арналған квота мөлшері;
Тармақша 2
2) ірі қара мал етін шығару үшін бір экспорттаушыға арналған квота мөлшері.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін порталда ірі қара мал етін әкетуге арналған квота көлемінің жол берілетін мөлшері қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Ірі қара мал етін әкетуге арналған квота мөлшері 20 000 (жиырма мың) тоннаны құрайды.
Тармақ 7
7. Бір тұлғаға арналған квота мөлшері бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты мынадай мөлшерде белгіленеді:
бордақылау алаңының қуаттылығы 500 (бес жүз) басталғанда – 100 (жүз) тонна;
бордақылау алаңының қуаттылығы 1 000 (мың) басталғанда – 200 (екі жүз) тонна;
бордақылау алаңының қуаттылығы 2 000 (екі мың) басталғанда – 400 (екі жүз) тонна;
бордақылау алаңының қуаттылығы 3 000 (үш мың) басталғанда – 600 (алты жүз) тонна;
бордақылау алаңының қуаттылығы 4 000 (төрт мың) басталғанда – 800 (сегіз жүз) тонна;
бордақылау алаңының қуаттылығы 5 000 (бес мың) басталғанда – 1 000 (бір мың) тонна;
бордақылау алаңының қуаттылығы 10 000 (он мың) басталғанда – 2 000 (екі мың) тонна;
бордақылау алаңының қуаттылығы 15 000 (он бес мың) басталғанда – 3 000 (үш мың) тонна;
бордақылау алаңының қуаттылығы 20 000 (жиырма мың) басталғанда – 4 000 (төрт мың) тонна;
бордақылау алаңының қуаттылығы 50 000 (елу мың) басталғанда – 10 000 (он мың) тонна.
Тармақ 8
8. Бір тұлғада екі немесе одан да көп бордақылау алаңы бар болса, квота мөлшері олардың жиынтық өндірістік қуаттылығына қарай айқындалады.
Тармақ 9
9. Квота ірі қара мал етіне, өздерінің бордақылау алаңдарындағы мал басын пайдаланатын ет өңдеу кәсіпорындарына, сондай-ақ қуаттылығы кемінде 5000 бас болатын, ет өңдеу кәсіпорнымен жасалған шарт негізінде қайта өңдеуді жүзеге асыратын бордақылау алаңдарына бөлінеді.
Тармақ 10
10. Шаруашылықiшiлік карантиндеу кезеңiнде ірі қара мал басы бордақылау алаңына келген кезде тиiстi әкiмшiлiк бiрлiктiң мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық дәрiгермен бiрлесiп, келген малдың нақты санын тексеру мен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Квота мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін жеке және/немесе заңды тұлғаларға (оның ішінде экспорттық компанияларға) бөлінеді:
Тармақша 1
1) сыртқы экономикалық келісімшарттарының болуы;
Тармақша 2
2) ірі қара малда құлақ сырғалары түрінде радиожелілік белгісі бар бірдейлендірудің болуы (RFID);
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында тіркелген, бордақылау ұзақтығы кемінде 4 (төрт) ай, жасы 12 (он екі) айдан кем емес ірі қара малдың болуы;
Тармақша 4
4) есепке алу нөмірі бар, бір мезгілдегі қуаттылығы:
өзінің ет өңдеу кәсіпорны бар субъектілер үшін – кемінде 500 (бес жүз) бас ірі қара мал;
өзінің ет өңдеу кәсіпорны бар немесе өңдеу шарты негізінде бөгде ет өңдеу кәсіпорындары арқылы экспортты жүзеге асыратын бордақылау алаңдары үшін – кемінде 5 000 (бес мың) бас ірі қара мал болатын өз бордақылау алаңының болуы;
Тармақша 5
5) бөлу сәтіндегі квота көлемін есептеу бір басқа орташа сойыс салмағы 200 (екі жүз) килограмм болып айқындалады;
Тармақша 6
6) бордақылау алаңдарына бордақылау алаңдарының белгіленген қуаттылығының 20 пайызынан аспайтын көлемде, жасы 18 айдан басталатын дайын контингентті қабылдауға жол беріледі.
Тармақ 12
12. Жеке және/немесе заңды тұлғалардың осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты негізінде айқындалады және уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.
Тармақ 13
13. Квота берілген сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн бойы қолданылады және шекарадағы ветеринариялық бақылау пунктінде жете тексеру актісімен жабылады.
Тармақ 14
14. Берілген квотаға лицензияның қолданылу мерзімі өткен жағдайда, берілген квота автоматты түрде жарамсыз деп есептеледі және қайта бөлуге немесе қайтаруға жатпайды.
Тармақ 15
15. Ірі қара мал етін әкетуге квоталар санын бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33571 болып тіркелген) бекітілген «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес порталда тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға лицензия беру кезінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға «Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың экспортына арналған лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
Тармақ 16
16. Ірі қара мал етін әкетуге арналған квоталар санын бөлу кезінде бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындары туралы деректер, сондай-ақ ірі қара мал басының бар-жоғы жөніндегі деректер ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқоры және «e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы расталады.
Тармақ 17
17. Ірі қара малдың етін әкетуге квоталар санын бөлуге белгіленген квота толық пайдаланылғанға дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында квоталарды бөлу қорытындыларын: бөлінген квоталар санын көрсете отырып, ірі қара мал етін әкетуге квота алған өтініш берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады.
Тармақ 19
19. Ірі қара мал етін әкетуге квоталарды бөлу мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.