Об утверждении Положения о порядке наложения дисциплинарных взысканий на государственных служащих Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолданудың тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.12.31. N 321. Мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiбiн нығайту және жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 30-бабына сәйкес қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолданудың тәртiбi туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Бiр ай мерзiмде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн әрi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың актiлерiнiң оған сәйкес келтiрiлуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279 Жарлығымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер Мемлекеттiк қызметшiлердiң (бұдан былай - қызметшiлер) тәртiптiк жауапкершiлiгi - заңдық жауапкершiлiктiң бiр түрi, ол қызметшiлерге өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшiн жүктеледi.
Тарау ii. II. Тәртiптiк терiс қылық
II. Тәртiптiк терiс қылық Тәртiптiк терiс қылық (бұдан былай - терiс қылық) қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi құқыққа қайшы келiп, атқармай қойған кiнәсi немесе тиiсiнше атқармауы, лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзуы, сол сияқты "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен (бұдан былай "Мемлекеттiк қызмет туралы" Жарлық) белгiленген мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердi сақтамауы болып табылады.
Тарау iii. III. Тәртiптiк жаза және оның түрлерi
III. Тәртiптiк жаза және оның түрлерi
Тармақ 1
1. Тәртiптiк жаза (бұдан былай - жаза) - қызметшiге уәкiлдi орган немесе лауазымды адам терiс қылық жасағаны үшiн қолдануы мүмкiн тәртiптiк жауапкершiлiк шарасы.
Тармақ 2
2. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Жарлықтың 30-бабына сәйкес қызметшiлерге жазаның мынадай түрлерi қолданылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) сөгiс;
Тармақша 2
2) қызметiне толық сәйкес келмейтiнi туралы ескерту;
Тармақша 3
3) кезектi бiлiктiлiк сыныбын берудi немесе неғұрлым жоғары қызметке тағайындауды бiр жылға дейiн кiдiрту;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк қызметтен босату.
Тармақ 3
3. Жасалуы заңда көзделген өзге жауапкершiлiкке әкелiп соғатын әрекет үшiн жаза қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Берiлген жазалар туралы мәлiметтер мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке iстерiне енгiзу жолымен есепке алынуға тиiс.
Тарау iv. IV. Жаза қолдану жағдайлары
IV. Жаза қолдану жағдайлары
Тармақ 1
1. Жаза жасалған терiс қылықтың ауырлығына, түрiне және оны жасаған адамның кiнәсiнiң дәрежесiне сәйкес келуге тиiс.
Тармақ 2
2. Тәртiптiк жазаның түрiн айқындаған кезде:
Тармақша 1
1) терiс қылықтың мазмұны мен сипаты;
Тармақша 2
2) терiс қылық жасалған жағдаяттар;
Тармақша 3
3) жасалған қылық әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн келеңсiз зардаптар;
Тармақша 4
4) оны жасаған адамның бұрынғы мiнез-құлқы;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк қызмет стажы;
Тармақша 6
6) қызметшiнiң жеке басын сипаттайтын өзге де жағдаяттар ескерiледi.
Тармақ 3
3. Бiрнеше қызметшi бiрлесiп терiс қылық жасаған кезде жаза кiнәлiлердiң әрқайсысына жеке қолданылады.
Тармақ 4
4. Жасалған терiс қылығы үшiн бiр ғана жаза берiледi.
Тарау v. V. Жаза субъектiлерi және оны қолдану тәртiбi
V. Жаза субъектiлерi және оны қолдану тәртiбi
Тармақ 1
1. Қызметшiлерге жазаны лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес жаза қолдану құқығы бар мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар қолданады.
Тармақ 2
2. Жазаны:
Тармақша 1
1) Мемлекет басшысы тағайындайтын қызметшiлерге, Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына, облыстардың, Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерi мен олардың орынбасарларына өз бастамашылығы бойынша, Қазақстан Республикасы Жоғары тәртiптiк кеңесiнiң ұсынуы бойынша, осы қызметшiлердiң тiкелей басшыларының немесе Мемлекет басшысы уәкiлдiк берген лауазымды адамдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қолдануы мүмкiн;
Тармақша 2
2) Президент Әкiмшiлiгiнiң қызметшiлерiне - оның Басшысы өз ұйғаруы бойынша немесе Президент әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының ұсыныстары бойынша;
Тармақша 3
3) Премьер-Министр Кеңсесi, орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарларына, ведомстволар мен Премьер-Министр Кеңсесi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына - Үкiмет немесе Премьер-Министр өз ұйғаруы бойынша не тиiсiнше оның Кеңсесi Басшысының, Үкiметтiң өзге де мүшелерiнiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн басшыларының ұсыныстары бойынша;
Тармақша 4
4) Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзге қызметшiлерiне (қызметтен босату жағдайларын қоспағанда) - Үкiмет пен Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшы лауазымды адамдарының ұйғаруы бойынша немесе Үкiмет Аппараты құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының ұсынуы бойынша Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы;
Тармақша 5
5) Парламент Палаталары аппараттарының басшыларына - Палаталар Төрағаларының ұсынуы бойынша осы Палаталардың Бюролары; Парламент Палаталары аппараттарының өзге қызметшiлерiне - осы аппараттардың басшылары;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшыларына - жеке ұйғаруы бойынша немесе тиiстi әкiмдердiң ұсынуы бойынша осы органдардың басшылары;
Тармақша 7
7) жергiлiктi атқарушы органдардың және мәслихаттар аппараттарының қызметшiлерiне - осы органдардың басшылары;
Тармақша 8
8) өзге қызметшiлерге - жеке өзiнiң ұйғаруы бойынша немесе осы қызметшiлердiң тiкелей басшыларының ұсынуы бойынша мемлекеттiк органдардың басшылары қолданады. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.12.03. N 3764 жарлығымен.
Тармақ 3
3. Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшылары мен олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдар басшылары мен олардың орынбасарларына, облыстардың, Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерiне және олардың орынбасарларына қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiк кеңесi қарап, кейiннен олардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң деңгейi жөнiнде Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi; 📌 ЕСКЕРТУ. V-тарау жаңа 3-тармақпен толықтырылды, 3-7-тармақтар тиiсiнше 4-8-тармақтар болып саналды - ҚР Президентiнiң 1997.12.03. N 3764 Жарлығымен.
Тармақ 4
4. Тәртiптiк жаза қолданылғанға дейiн қызметтiк тергеу жүргiзiлуi мүмкiн. Терiс қылық жасаған кiнәлi адамнан жазбаша түсiнiк талап етiлуi қажет.
Тармақ 5
5. Кiнәлi адамның түсiнiк беруден бас тартуы жаза қолдану үшiн кедергi бола алмайды.
Тармақ 6
6. Тиiстi мемлекеттiк органның кадр қызметi жазаға тартылған адамды қолданылған жаза туралы қол қойдырып немесе басқа тәсiлмен хабардар етедi.
Тармақ 7
7. Қызметшiге берiлген жаза туралы тиiстi мемлекеттiк органның, оның алқасының отырысында, немесе тiзбесiн осы жазаны қолданған лауазымды адам анықтайтын қызметшiлер қатысып отырғанда жариялануы мүмкiн.
Тармақ 8
8. Жаза қолдану туралы шешiмге шағымдану оның орындалуын тоқтата алмайды.
Тарау vi. VI. Жазаларды қолдану мерзiмi
VI. Жазаларды қолдану мерзiмi Жаза терiс қылық жасалған күннен немесе бұл туралы ақпарат алынған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткенге дейiн қолданылуы мүмкiн. Қызметшiнiң тиiстi құжаттармен расталған еңбекке уақытша қабiлетсiз кезеңi немесе демалыста болған кезеңi, егер әкiмшiлiкке терiс қылық жасалғаны туралы осы кезең iшiнде немесе оның алдында мәлiм болса, онда отыз күндiк мерзiмнiң күшi тоқтатыла тұрады.
Тарау vii. VII. Жазалар қолдану туралы актiлер
VII. Жазалар қолдану туралы актiлер
Тармақ 1
1. Жазалар мынадай актiлер:
Тармақша 1
1) Республика Президентiнiң жарлығын немесе өкiмiн;
Тармақша 2
2) Республика Үкiметiнiң қаулысын;
Тармақша 3
3) Республика Премьер-Министрiнiң өкiмiн;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдар басшыларының және өзге де уәкiлдi лауазымды адамдардың бұйрықтарын немесе заңда көзделген өзге де актiлерiн шығару жолымен қолданылады.
Тармақ 2
2. Жаза қолдану туралы актiде жасалғаны үшiн жаза қолданылып отырған терiс қылық, жазаның түрi және жаза қолданылған адам көрсетiледi.
Тарау viii. VIII. Жазаның алынуы
VIII. Жазаның алынуы
Тармақ 1
1. Жаза қолданылған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қызметшiге жаңа жаза қолданылмаса, онда оған тәртiптiк жаза қолданылмаған болып саналады.
Тармақ 2
2. Қызметшiге бiрнеше жаза қолданылған жағдайда ол уақыты бойынша соңғы жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл мерзiм өткенге дейiн жазасы бар болып саналады.
Тармақ 3
3. Егер қызметшi жаңа терiс қылық жасамаса және бұл орайда өзiн адал қызметшi ретiнде көрсетсе, жаза бiр жыл өткенге дейiн алынып тасталуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк қызметшi қызметтiк мiндеттерiн тоқтатқан күнге дейiн алынбаған жаза осы мiндеттер тоқталған күннен бастап алынған болып саналады.
Тармақ 5
5. Жазаның мерзiмiнен бұрын алынуын:
Тармақша 1
1) оны қолданған лауазымды адам (орган) немесе жоғары тұрған лауазымды адам (орган) жүргiзедi;
Тармақша 2
2) және ол тиiстi актiмен жүргiзiледi, оны қызметшiге тиiстi мемлекеттiк органның кадр қызметi хабарлайды.
Тармақ 6
6. Жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған қызметшiнiң тiкелей басшысы қызметтiк сатылар бойынша өтiнiш бередi.
Тарау ix. IХ. Қызметшiлердiң оларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту кезiндегi құқықтарының кепiлдiктерi
IХ. Қызметшiлердiң оларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту кезiндегi құқықтарының кепiлдiктерi Қызметшi өзiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуға қатысты құжаттармен танысуға, заңда белгiленген тәртiппен өзiне қолданылған жазаға байланысты жоғары тұрған органға, лауазымды адамға немесе сотқа шағым беруге хақылы.