Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қантардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Басқа 1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын келесі ұйымдардың D блогына (қосалқы персонал) жататын жұмыскерлердің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары:
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2025 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 28/3 шешіміне
қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын келесі ұйымдардың D блогына (қосалқы персонал) жататын жұмыскерлердің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары:
Тармақша 1
1) «Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2), «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қызылжар аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) «Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Асаново ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) «Березов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 13
13) «Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 14
14) «Бугровое ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 15
15) «Вагулино ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 16
16) «Виноградов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 17
17) «Куйбышев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 18
18) «Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 19
19) «Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 20
20) «Налобино ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 21
21) «Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 22
22) «Петерфельд ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 23
23) «Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 24
24) «Рассвет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 25
25) «Рощино ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 26
26) «Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 27
27) «Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 28
28) «Якорь ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
№ п/п
Лауазымдардың толық жазылуы (атауы)
Лауазымдық айлықақыға үстемеақы
1
Жүргізуші
50 %
2
Басшының хатшысы
50 %
3
Әдіскер
50 %
4
Аударма редакторы
50 %
5
Көшіру-көбейту машиналарының операторы
50 %
6
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі
50 %
7
Статистик
50 %
8
Курьер
50 %
9
Іс жүргізу жөніндегі инспектор
50 %
10
Диспетчер
50 %
11
Электр жабдықтарды жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр монтері
50 %
12
Киім ілуші
50 %
13
Аула тазалаушы
50 %
14
Қызметтік үй-жайларды тазалаушы
50 %
15
Комендант
50 %
16
Күзетші
20 %
17
От жағушы
20 %