Об определении видов общественных работ и перечня организаций, где будут осуществляться общественные работы города Петропавловска Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл қаласының қоғамдық жұмыстары жүзеге асырылатын ұйымдардың тізбесін және қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1 бабы негізінде, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласының қоғамдық жұмыстары жүзеге асырылатын ұйымдардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының мәтінін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоксандағы № 1868 қаулысына қосымша № Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың түр­ле­рі Қе­зең Жұ­мыстың ег­жей-тег­жейі Ұй­ым­дар­дың ата­уы 1 Жаз­ғы ке­зең­де ав­то­мо­биль жол­да­рын кү­тіп ұстау Көк­тем-жаз-күз Қо­қы­сты қо­қыс та­стай­тын жер­ге ти­еу және шы­ға­ру, жол жи­егін ша­уып алу және ша­бы­л­ған шөп­ті жи­нау, жол­дың жү­ру бө­лі­гін та­за­лау және жуу, шұң­қыр­лар­ды жою, жа­рық­тар­ды, шұң­қыр­лар­ды және шө­гін­ді­лер­ді бі­теу, кө­ше­лер­дің жү­ру бө­лі­гіне бел­гі­лер са­лу, тро­туар­лар­ды ла­стан та­зар­ту «Тұр­ғын үй қыз­ме­ті» ЖШС 2 Жаз­ғы ке­зең­де ав­то­мо­биль жол­да­рын кү­тіп ұстау Қыс Көк­тай­ғақ­қа қар­сы ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау, жол­дар­ды қар­дан та­за­лау, қар үй­ін­ді­ле­рін та­за­лау, қар үй­ін­ді­ле­рін жою, жол­дар­ды тай­ғақ­қа қар­сы ма­те­ри­ал­дар­мен өң­деу, ав­то­бус аял­да­ма­ла­рын қар мен мұз­дан үне­мі та­зар­ту «Тұр­ғын үй қыз­ме­ті» ЖШС 3 Қа­ла­лық нө­сер жүй­е­сін ұстау Көк­тем-жаз-қыс су бұр­ғыш ашық нө­сер кә­р­із­де­рі мен құ­дық­тар­ды қо­қыс пен бат­пақ­тан та­зар­ту «Пет­ро­павл қа­ла­сы­ның ТКШ және АЖ бө­лі­мі» ММ Пет­ро­павл қа­ла­сы әкім­ді­гі­нің та­зарт­қыш, субұр­ғыш және су­өт­кіз­гіш има­рат­та­ры» ШЖҚ МКК Бар­лы­ғы 3 2 3 2