Қолданыстағы ред. 19.02.2004

Кемтар балаларға үйде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік көмек бөлімшесі туралы Ережені бекіту туралы от 19.02.2004 г. № 792 (Кемтар балаларға үйде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік көмек бөлімшесі туралы Ережені бекіту туралы)

0

Кемтар балаларға үйде қызмет көрсету
жөніндегі әлеуметтік көмек бөлімшесі
туралы Ережені бекіту туралы
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылы 11 шілдедегі сәйкес және дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса берілген кемтар балаларға үйде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік көмек бөлімшесі туралы Ережесі бекітілсін.

2

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.

3

3. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (М.Мәселеева) кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруды іске асыру тапсырылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.
ОБЛЫС ӘКІМІ
С.НҰРҒИСАЕВ

5

Облыс әкімиятының 2004 жылғы
19 ақпандағы N 792 қаулысымен
бекітілген
Кемтар балаларға үйде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік
көмек бөлімшелері туралы
ЕРЕЖЕ
Осы ереже "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылы 11 шілдедегі Заңына сәйкес және кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы тәртібін белгілейді.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің (әрі қарай - ПМПК) қорытындысы бойынша басқа адамның күтіміне мұқтаж 18 жасқа дейінгі мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек жасалады.

2

2. Үйде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік көмек бөлімшелерін құру

2

2. ПМПК-ның қорытындысы бойынша басқа адамның көмегіне мұқтаж 18 жасқа дейінгі кемтар балаларға үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік бөлімшелері құрылады.
Әлеуметтік көмек бөлімшелері аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне бағынышты өз алдына бөлімшелер болады немесе құрылымдық бөлімшесі бола алады.

3

3. Әлеуметтік көмек бөлімшелері өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4

4. Әлеуметтік көмек бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді және басшылық етуді, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандық(қалалық) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері жүзеге асырады.

3

3. Әлеуметтік көмек бөлімшелерінің көрсететін қызметтері

5

5. Әлеуметтік көмек бөлімшелері мынадай әлеуметтік қызметтерді көрсетеді:

1

1) денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілуіне мұқтаж кемтар балаларды уақытында анықтау және есепке алу;

2

2) кемтар балаларды әлеуметтік тексеру, баланың мүддесі мен мұқтажын білу мақсатында оның қоршаған мөлтек - ортасын тексеру;

3

3) көмектің нақты түрі мен нысанын белгілеу, ПМПК мамандарымен бірлесіп жасалатын жеке бағдарламаны есепке ала отырып, жеке қызмет көрсету картасын жасау;

4

4) баланы жалпы күтудің практикалық машықтарына, әдістеріне және баланың дамуына жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістерге ата-аналарын үйрету;

5

5) кемтар балаларды тәјрбиелеп отырған отбасыларына балаларды жүріп- тұру мен әлеуметтік машықтарға (киіну, жуыну, асхана құралдарымен пайдалану, ақша ұстау, заттар сатып алу және тамақ әзірлеу, телефонмен, көлікпен пайдалану және т.б.) мінез-құлық, өзін-өзі бақылау мен қарым - қатынас дағдыларына үйретуде көмек көрсету;

6

6) оңалту іс-шараларын іске асыру және баланы отбасына бейімдеу мақсатында ата-аналармен жұмыс жүргізу;

7

7) баланың бос уақытын ұйымдастыру (ойындар, кітап оқу, оларды талқылау, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және басқа.);

8

8) бала мен ата-анасына психологиялық жәрдем көрсету;

9

9) балалары кемтар ата-аналармен жеке және топтық іс-шаралар (семинарлар, тренингтер және т.с.) ұйымдастыру арқылы ағарту - профилактикалық жұмыстар жүргізу;

10

10) қажетті арнайы медициналық жәрдем және медициналық қызмет көрсетуді алуға, атап айтқанда дәрігерді үйге шақыруға, емханаға бірге баруға көмектесу;

11

11) шұғыл жағдайларда бірінші медициналық көмек көрсету;

12

12) медициналық көрсеткіштер бойынша протез-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және өзге де құралдармен қамтылуына жәрдемдесу;

13

13) қамқорлықты, қорғаншылықты белгілеу, жәрдемақылар тағайындау, интернат-үйлеріне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және көмектің басқа түрлері үшін құжаттар рәсімдеуге жәрдемдесу;

14

14) консультативтік көмек, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және жәрдемақының басқа түрлерін беру мәселелері бойынша көмек көрсету;

15

15) аз қамтамасыз етілген, кемтар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар рәсімдеуге жәрдемдесу;

16

16) аз қамтамасыз етілген қатарындағы, кемтар балалар асырап отырған отбасыларына демеуші көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорларымен байланыс жасау және әрі қарай жасай беру.

6

6. Әлеуметтік қызметкер үйде көрсететін қызметтер әлеуметтік көмек бөлімшесі мен баланың ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасындағы келісім - шарт негізінде тегін көрсетіледі.

4

4. Үйде қызмет көрсету әлеуметтік көмек бөлімшелерінің құқығы

7

7. Әлеуметтік көмек бөлімшесі мыналарға құқылы:

1

1) көрсетілетін қызметтердің тізбесін және көлемін белгілеуге, әлеуметтік қызметкерге берілетін жұмыстың жүктемесін анықтауға;

2

2) өкілеттік және атқарушы органдарда және басқа құрылымдарда қызмет көрсетілетін азаматтардың құқығы мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесуге;

3

3) әлеуметтік педагогикалық жұмыс міндеттерін, жеке және әлеуметтік проблемаларды ПМПК-ның ұсынысына сәйкес шешу тјсілдерін аныќтауєа;

4

4) еңбек және халықты әлеуметтік қорңау органдарының қарауына кемтар балаларды әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмыс жағдайы жөніндегі мәселелерді енгізуге;

5

5) меншік түріне қарамай ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына кемтар балаларға материалдық көмек көрсету мәселелері жөнінде өтініш жасауға;

6

6) қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттік мекемелерге кемтар балалардың және олардың отбасыларының жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу туралы ресми сұрау салуға.

8

8. Әлеуметтік қызметкерлер жылына бір сөмке және бір халат есебімен шаруашылық сөмкесімен және халатпен қамтамасыз етіледі.

5

5. Әлеуметтік көмек бөлімшелерінің жұмыс жасау жағдайлары мен тәртібі

9

9. Әлеуметтік көмек бөлімшелері мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі (бұдан әрі - балалар) кемінде 80 балаға, оған арнаулы түзеу ұйымдарына баратын мүгедек балалардан басқа қызмет көрсетілетін болса ғана құрылады.

10

10. Қызмет көрсетуге мұқтаж балалардың саны бөлімше құруға мүмкіндік бермесе күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы жалғыз-ілікті кәрілер мен мүгедектерге қызмет көрсететін әлеуметтік көмек бөлімшесінің штатына енгізіледі. Қызмет көрсетілетін жалғыз басты қарттар мен мүгедектер және кемтар балалардың есебі бөлек жүргізіледі.

11

11. Әлеуметтік қызметкерлердің штаттық бірліктерінің саны бір әлеуметтік қызметкердің 6 баладан асырмай қызмет көрсету есебімен белгіленеді.
Жекелеген жағдайларда, баланығ дамуы мен жүріп-тұру белсенділігіндегі ауытқулар дәрежесін ескере отырып күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкердің жүктемесі 4 немесе 5 бала болуы мүмкін.
Егер отбасында екі немесе одан да көп қызмет көрсетуге мұқтаж балалар болса, әр бала жеке тұлға ретінде есептелінеді.

12

12. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер кесте бойынша бір балаға аптасына 2-3 реттен кем емес жасалады.

13

13. Балаларға қызметтер көрсету ПМПК ұсынған жеке бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Баланың денсаулығының жағдайына, қозғалу белсенділігіне байланысты әлеуметтік көмек бөлімшесі көрсететін қызметтер көлемі мен әлеуметтік қызметкердің жүктемесі белгіленеді.

14

14. Әлеуметтік қызметкерлер медициналық қараудан олар үшін белгіленген нормаға сәйкес өтеді.

15

15. Әлеуметтік қызметкерлер өз жұмысын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық өкілетті органы бекіткен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі қызметшілерінің біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмыс атқарады.

16

16. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің іс жүргізуі келесі құжаттардың барын қарастырады:

1

1) бөлімшенің тоқсандық, жылдық жұмыс жоспары;

2

2) бөлімшенің атқарылған жұмыстар жайлы есебі (айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық);

3

3) үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетін балалардың үйіне бақылап баруды тіркеу журналы;

4

4) үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетіндердің ұсыныстары мен шағымдарын тіркеу кітабы;

5

5) штаттық кесте;

6

6) нормативтік іс-құжаттар (ережелер, нұсқамалар, нұсқаулар, және т.б.)

7

7) әлеуметтік қызметкердің әр бір қызмет көрсетілетінге ай сайын бару кестесі;

8

8) әлеуметтік қызметкердің қызмет көрсетілетін балаға көрсетілген қызметі мен барған күндерді түсіретін күнделігі;

9

9) мүгедек балалардың әлеуметтік карталары;

10

10) қызмет көрсетілетін балалардың жеке іс-құжаттары (арыз, келісім-шарт, медициналық карта, мүгедектігі жөнінде анықтама, ПМПК-ның қорытындысы, және т.б.)

11

11) әлеуметтік қызметкердің бір айлық күнтізбелік жоспар;

12

12) кеңес беру журналы;

13

13) мүмкіндіктері шектеулі балалардың есеп журналы.

17

17. Әлеуметтік қызметкердің жұмыс кестесі, қызмет көрсетілетіндер саны, бару саны және әлеуметтік қызметкермен көрсетілетін қызмет көлемі аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері меңгерушісінің келісімімен әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісімен белгіленеді.

18

18. Әрбір әлеуметтік көмек бөлімшелеріне әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші лауазымы енгізіледі, ол өз қызметін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық өкілетті органы бекіткен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі қызметшілерінің біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмыс атқарады.

19

19. Әлеуметтік көмек бөлімшесі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері үй-жайында немесе аудан (қала) атқарушы органдары бөлген басқа да үй-жайда орналасуы мүмкін.

6

6. Үйде қызмет көрсетуге қабылдаудың шарттары

20

20. Үйде қызмет көрсетуге алу үшін мынадай құжаттар негіз болады:

1

1) баланы қызмет көрсетуге қабылдау туралы ата-анасының немесе баланың өзге заңды өкілдерінің өтініші;

2

2) басқа адамның күтімі қажеттігі туралы ПМПК қорытындысы;

3

3) баланың денсаулығының жағдайы туралы емдеу-профилактикалық мекеменің медициналық картасы;

4

4) медициналық-әлеуметтік сараптаудың (МӘС) мүгедектігі туралы анықтамасы.

21

21. Қызмет көрсетуге қабылдауға қарсы көрсетулерге жұқпалы, венереологиялық, бактериятаратушылық, туберкулездің өршіген түрлері немесе мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарында емдеуді талап ететін өзге де ауыр сырқаттар болып табылады.

22

22. Қызмет көрсетуден шығарып алу ата-анасының немесе баланың өзге заңды өкілдерінің дербес өтініші бойынша немесе баланы арнаулы түзеу ұйымдарына орналастырғанда не өзге себептер бойынша жүргізіледі.

7

7. Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесін басқару

23

23. Әлеуметтік көмек бөлімшесін аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бұйрығымен тағайындалған меңгеруші басқарады.

24

24. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі өз қызметін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық өкілетті органы бекіткен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі қызметшілерінің біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмыс атқарады.

25

25. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі әлеуметтік көмек бөлімшесінің қызметіне дербес жауап береді.

26

26. Әлеуметтік көмек бөлімшесі білім беру және денсаулық сақтау, басқа да ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

8

8. Әлеуметтік көмек бөлімшелерін қаржыландыру

27

27. Әлеуметтік көмек бөлімшелерін қаржыландыру аудандық (қалалық) бюджет қаржысы есебінен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздердің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
Ақшалай қаржыны жарату қатаң түрде бекітілген сметаға сай атқарылады.