Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Бурабайском районе Қолданыста
Басқа 0
Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкаларын ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 577-бабына, 581-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бурабай ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
Тармақ 2
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Щучинск қаласы болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
Бурабай аудандық мәслихатының
2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/10
шешіміне
1-қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№
р/с
Автотұрақтар (паркингтер) түрлері
Санаттар
1.
Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1-санат
2.
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
2-санат
Басқа 2. Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту
Бурабай аудандық мәслихатының
2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/10
шешіміне
2-қосымша
Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту
№
р/с
Автотұрақтар (паркинтер) санаты
Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту
1.
1-санат
он есе
2.
2-санат
он есе