Об утверждении Тарифной политики, применяемой на городском общественном транспорте города Астаны Қолданыста
Басқа 0
Астана қаласының
қалалық қоғамдық көлігінде
қолданылатын
тарифтік саясатты бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының қалалық қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясат осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Басқа 0. Астана қаласының қалалық қоғамдық көлігінде қолданылатын
тарифтік саясат
Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «__» _______
№ ___________ қаулысына
қосымша
Астана қаласының қалалық қоғамдық көлігінде қолданылатын
тарифтік саясат
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Астана қаласының қалалық қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясат (бұдан әрі – Тарифтік саясат) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген және Астана қаласының қалалық қоғамдық көлігіндегі тарифтерді реттеудің қағидаттарын, мақсаттарын және тетіктерін айқындауға бағытталған.
Тармақ 2
2. Тарифтік саясат Астана қаласында жүзеге асырылатын автобустармен тұрақты жолаушылар тасымалы қызметтеріне (маршруттық көлік құралдарымен) тарифтерді қалыптастыру, белгілеу және қолдану қағидаттарын айқындайтын негізгі құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Тарифтік саясат субсидиялау шарттарына және (немесе) әлеуметтік маңызы бар маршруттарды қызмет көрсету шарттарына сәйкес жұмыс істейтін, қалалық және қала маңындағы тұрақты маршруттарда тасымалдау қызметтерін орындайтын тасымалдаушыларға қолданылады.
Тармақ 4
4. Тарифтік саясаттың мақсаты халыққа қолжетімді, экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу арқылы халықтың, тасымалдаушылардың және мемлекеттің мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық көлік жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тарифтік реттеудің негізгі қағидаттары
2-тарау. Тарифтік реттеудің негізгі қағидаттары
Тармақ 5
5. Астана қаласының қоғамдық көлік саласындағы тарифтік реттеу мынадай қағидаттарда негізделеді:
әлеуметтік әділдік – халықтың барлық санаттары, соның ішінде әлеуметтік осал топтар үшін қолжетімді тарифтерді белгілеу;
экономикалық дәлелділік – тарифтерді тасымалдаушылардың нақты пайдалану шығындарына, жылжымалы құрамды жаңарту және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне сәйкес айқындау;
жариялылық және ашықтық – тарифтерді есептеу және белгілеу рәсімдерінің ашықтығын, ақпараттың қоғамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету;
тарифтердің саралануы – төлем тәсіліне, жүріс қашықтығына, маршрут түріне және жолаушыларға қызмет көрсету шарттарына байланысты әртүрлі тарифтерді қолдану;
инновация және цифрландыру – тарифтік саясатты қалыптастыру кезінде электрондық төлем жүйелерін, мониторинг және жолаушылар ағынын есепке алу жүйелерін пайдалану;
экологиялық тұрақтылық – тасымалдаушыларды экологиялық таза отын түрлерін (газ, электр энергиясы) пайдалануға ынталандыру.
Тарау 3. 3-тарау. Тарифтік саясаттың мақсаттары
3-тарау. Тарифтік саясаттың мақсаттары
Тарифтік саясаттың мақсаттары:
Тармақша 1
1) Астана қаласының қоғамдық көлік жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) халық үшін көлік қолжетімділігі деңгейін арттыру;
Тармақша 3
3) жылжымалы құрамды жаңартуға инвестиция тарту үшін жағдай жасау;
Тармақша 4
4) жолақыны қолма-қол емес төлемге көшуге ынталандыру;
Тармақша 5
5) тасымалдаушылардың залалсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік бағыттылығын сақтайтын экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтік модельді қалыптастыру болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. Тарифтерді қалыптастыру және реттеу тетіктері
4-тарау. Тарифтерді қалыптастыру және реттеу тетіктері
Тармақ 6
6. Қалалық тұрақты жолаушылар тасымалы тарифтерін Астана қаласының әкімдігі бекітіледі және барлық бағдарлар үшін бірдей болып табылады.
Тармақ 7
7. Тарифтерді қалыптастыру кезінде мынадай құрамдас бөліктер ескеріледі:
қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы;
халықтың табыс деңгейі;
қызмет көрсету шығындары (жанармай, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, қосалқы бөлшектер);
жалақы қоры және міндетті аударымдар;
тасымалдаушылардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігі;
қоғамдық көліктің азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімділігін сақтау қажеттілігі.
Тармақ 8
8. Тариф негізді шығындарды жабуға және тасымалдаушыға тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті минималды пайданы алуға мүмкіндік болатындай етіп бекітіледі.
Тармақ 9
9. Жеңілдік тарифтері және азаматтардың жекелеген санаттарын жол жүру төлемінен босату «Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне сәйкес жүргізіледі. Аталған жеңілдіктер бойынша тасымалдаушылар шығындарын өтеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Астана қаласы әкімдігінің шешімі бойынша тариф бағдар түріне, жол жүру билеті түріне, төлем әдісіне, сондай-ақ жол жүру қашықтығына немесе өткен аялдамалар санына байланысты саралануы мүмкін.
Тармақ 11
11. Тарифтік саясат инфляция мен эксплуатациялық шығындардың өсуін ескере отырып, тарифтерді индексациялау мүмкіндігін қарастырады.
Тарау 5. 5-тарау. Өтемақы мен субсидиялау көздері
5-тарау. Өтемақы мен субсидиялау көздері
Тармақ 12
12. Әлеуметтік маңызды бағдарлар бойынша тасымалдау жүргізу салдарынан пайда болатын тасымалдаушылардың шығындары Астана қаласының бюджеттік қаражаты есебінен, тиісті Субсидиялау ережелерінде белгіленген тәртіппен өтеледі.
Тармақ 13
13. Субсидияның мөлшері бекітілген тариф пен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған есептік тариф арасындағы айырмашылық негізінде анықталады.
Тармақ 14
14. Субсидия көлемі жыл сайын Астана қаласы мәслихатының шешімімен бюджеттік жоспарлау аясында бекітіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 15
15. Тарифтік саясатты жүзеге асыруды бақылау Астана қаласының көлік саласындағы атқарушы органға жүктеледі.
Тармақ 16
16. Тарифтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар белгіленген тәртіпте қажеттілігіне қарай, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен қаланың көлік қажеттіліктерін ескере отырып енгізіледі.
___________________________