О Правилах содержания собак, кошек по Аккайынскому району Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққайың ауданы бойынша үй иттері мен мысықтарды ұстау ережесі туралы 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1-тармағының 8-тармақшасына және 2001 жылдың 30 қаңтарындағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес, Аққайың ауданында үй иттері мен мысықтарының санитарлық тазалық жағдайын тәртіпке келтіру мақсатында, аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Аққайың ауданы бойынша үй иттері және мысықтарын ұстау ережесі бекітілсін. Басқарма, бөлім, комитет, бірлестік және т.б. Кіммен жеке келісілді Ескертулер және анықтамалар Күні Қолы Аудан әкімі Т.Т.Қаскин 02.11.04 ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі аудандық аумактық басқармасының бастығы Б.Т.Раев 02.11.04 ж.
Басқа 2
«Аққайың ауданы бойынша иттер және мысықтарды ұстау ережесі туралы» аудандық маслихат сессиясының 2004 жылғы «4» қарашадағы №11 -3 шешімімен БЕКІТІЛДІ Аққайың ауданы бойынша иттер және мысыктарды ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже меншіктің нысанына байланыссыз кәсіпорындар мен ұйымдарды қоса алғанда, Аққайың ауданындағы иттер мен мысықтардың барлык иелеріне қатысты.
Тармақ 2
2. Мысық пен иттерді ұстаганда мал дәрігерлік-санитарлық және санитарлық-гигиеналық ережені міндетті турде сақтау.
Тармақ 3
3. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің зообұрыштарында жануарлар ұстау тек мал-дәрігерлік қызметтің рұқсатымен ғана мүмкін. Балалар үйлерінде, балабақшаларда, алдын ала емдеу мекемелерінде күзетші иттерді тек байлап ұстай алады. Балалардың иттер және мысықтармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін болдырмау.
Тармақ 4
4. Итті ақпараттық таңбамен белгіленген, арнайы бөлінген жерлерде серуендетуге рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Адамдарды ит немесе мысық тістеп алган жагдайда, иесі медициналық және мал-дәрігерлік мекемелеріне тез хабарлауга міндетті.
Тармақ 6
6. Дүкен, дәріхана, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар, емхананың алдында байлаулы қалдырған иттерден басқа қогамдық жерлерде иесіз жүрген иттер мүдделі тұлғалардың, ұйымдардың өтініші бойынша аулауга жатады.
Тарау 2. 2. Ит және мысық иесінің құқықтары мен міндеттері.
2. Ит және мысық иесінің құқықтары мен міндеттері.
Тармақ 7
7. Ит және мысықтың иесі оны биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауга, жануарға қамқорлықпен қарауға, ауырып қалған жағдайда қараусыз қалдырмауға міндетті. Ит және мысық ауырып қалған жағдайда уақытында мал-дәрігерлік көмек көрсетілуі тиіс .
Тармақ 8
8. Ит және мысық иелері мемлекеттік ветеринариялық инспектордың талабы бойынша ветеринариялық қарауға әкелуге міндетті.
Тармақ 9
9. Ит пен мысық иелері адамдар және жануарларды тістеген өз асырандыларын, карантин кезеңі ішінде оларды қарау үшін мал-дәрігерлік мекемесіне жеткізуге міндетті.
Тармақ 10
10. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде ит ұстаған жағдайда, тыныштықты сақтау шараларын қабылдау.
Тармақ 11
11. Итті серуенге шығарғанда, қысқа жетектеуішпен, қарғысындағы жетонында иттің аты, иесінің мекен жайы, телефоны жазулы тиіс. Ірі иттерге тұмылдырық кигізгені жөн.
Тармақ 12
12. Пайдалануында жер учаскесі бар ит иелері оларды тек жақсы қоршалған аулада бос ұстауларына болады немесе байлаулы болуы керек. Учаскіге кіре берісте иттің бар екендігі туралы ескертетін жазу болуға тиіс.
Тармақ 13
13. Одан әрі ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда ит және мысықты басқа иеге беруге немесе арнайы кәсіпорынға тапсырылуы тиіс.
Тармақ 14
14. Ит және мысық өлген жағдайда, оның денесі мал-дәрігерлік мекемелерінің маманымен қаралады және иесімен мал жерлейтін жерде жерленеді.
Тармақ 15
15. Ит және мысық иесінің меншігі болып табылады және басқа меншіктер сияқты Заңмен қорғалады.
Тармақ 16
16. Ит және мысық иесінен сот шешімі бойынша, сондай-ақ әрекеттегі заңмен қарастырылған жағдайда алынуы мүмкін.