Об утверждении Правил оказания государственной поддержки и стимулирования креативной индустрии Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын бекіту туралы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Креативті индустриялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 693-НҚ бұйрығымен бекітілген Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидалары «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету және оны ынталандыру тәртібін, көлемі мен түрлерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) инфрақұрылымдық қолдау – бұл креативті индустрия субъектілерінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруы және дамытуы үшін қажетті инфрақұрылымдық объектілерді құру, дамыту және оларға қол жеткізу арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік қолдаудың түрі. Мұндай объектілерге ақпараттық, консультациялық, әдістемелік, технологиялық және өзге де қызметтерді көрсететін, креативті индустрия субъектілерінің жұмыс істеуі мен өсуіне ықпал ететін үй-жайлар, жабдықтар, өндірістік және шығармашылық алаңдар, креативті хабтар, студиялар және өзге де ұйымдар жатады;
Тармақша 2
2) комиссия – өтінімдерді бағалау және қолдау көрсету жөнінде шешімдер қабылдау үшін мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қалыптастыратын алқалы орган;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 746 қаулысына сәйкес айқындалған, креативті индустрияны дамытуға жәрдем көрсететін заңды тұлға;
Тармақша 4
4) креативті индустриялар өнімi – жеке және заңды тұлғалардың креативті қызметінің нәтижесі;
Тармақша 5
5) креативті индустриялар субъектісі – креативті қызметке қатысатын, креативті қызмет нәтижелерін жасауды, шығаруды, қайта жаңғыртуды, жаппай таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 5-1) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімі – креативті индустриялар саласында мемлекеттік қолдау шараларын тиімді көрсету мақсатында уәкілетті орган әкімшілендіретін креативті индустриялар субъектілерін тіркеуге және есепке алуға арналған онлайн-платформа;
Тармақша 6
6) қаржылық емес қолдау шаралары – бұл тікелей қаржыландыруды қамтымайтын және креативті индустриялар саласында қолайлы кәсіпкерлік ортаны құруға, кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, креативті индустрия субъектілері мен олардың қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау нысаны. Олар креативті жобалардың бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыруға және тұрақты дамуына ықпал ететін консультациялық, оқыту, әдістемелік, акселерациялық, инфрақұрылымдық және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтиды;
Тармақша 7
7) қаржылық қолдау шаралары – бұл стартаптар мен инновациялық жобаларға гранттық қолдау көрсету, жобаларды қоса қаржыландыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қаржылық қолдау шараларын іске асыру жолымен жобаларды қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, шығындарды төмендетуге және олардың тұрақтылығын арттыруға бағытталған әртүрлі қаржы құралдарын ұсыну арқылы креативті индустрия субъектілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау нысаны;
Тармақша 8
8) стартаптар мен инновациялық жобаларды гранттық қолдау – қызметті ұйымдастырушымен тиісті шарт жасаса отырып, креативті индустриялар саласындағы инновациялық жобаларды іске асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға берілетін өтеусіз қаржылық көмек;
Тармақша 9
9) цифрлық платформа – өтінім беру, мониторингтеу және көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы мен креативті индустрия субъектілері арасында өзара іс-қимыл жасасуға арналған электрондық жүйе.
Тармақша 10
10) цифрлық технологиялық платформа – басқару, жасанды интеллект жүйесінің көмегімен талдау және іздеу негізінде зияткерлік меншікті қорғау функциялары бар креативті индустриялар өнімдерінің электрондық дерекқоры.
Тарау 2. 2-тарау. Қолдау түрлері, көздері мен бағыттары
2-тарау. Қолдау түрлері, көздері мен бағыттары
Тармақ 3
3. Креативті индустрияны қолдау және ынталандыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 572-НҚ бұйрығымен бекітілген креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес қаржылық және қаржылық емес шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қаржылық шаралар:
Тармақша 1
1) креативті жобаларды қаржыландыру және қоса қаржыландыру;
Тармақша 2
2) пилоттық жобаларды әзірлеуді және оның іске асырылуын қаржыландыру;
Тармақша 3
3) жобаларды жеке инвесторлармен бірлесіп қаржыландыру;
Тармақша 4
4) экспортты қолдау: маркетинг, аударма, халықаралық көрмелер мен фестивальдарға қатысу;
Тармақша 5
5) зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге және құқықтық қорғауға арналған шығыстарды қаржыландыру;
Тармақша 6
6) халықаралық шығармашылық конкурстарға қатысуды қаржыландыру;
Тармақша 7
7) креативті индустриялар саласындағы халықаралық жетістіктері үшін сыйақылар мен көтермелеу;
Тармақша 8
8) 2029 жылға дейінгі бюджет қаражаты есебінен көзделген қаражат шегінде 5 000 000 теңгеден бастап 50 000 000 теңгеге дейінгі мөлшерде нысаналы стипендиялар, стартаптар мен инновациялық жобаларды гранттық қолдау, таланттарды дамыту.
Тармақ 5
5. Қаржылық емес шаралар:
Тармақша 1
1) консультациялар, акселерация, мастер-класстар (питчингтер), тәлімгерлік;
Тармақша 2
2) білім беру бағдарламалары мен халықаралық тағылымдамалар;
Тармақша 3
3) фестивальдарға, форумдарға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу;
Тармақша 4
4) мүліктік қолдау;
Тармақша 5
5) цифрлық қолдау – онлайн платформалар, маркетплейстер, ақпараттық технологиялар;
Тармақша 6
6) маркетингтік, заңи және әдістемелік қолдап отыру;
Тармақша 7
7) өңірлік даму стратегияларын әзірлеу;
Тармақша 8
8) инклюзия шаралары – бағдарламаларды бейімдеу, сурдоаударма, әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы модульдер;
Тармақша 9
9) креативті индустрияның жекелеген бағыттары бойынша арнаулы бағдарламалар және оларды инфрақұрылымдық қолдау.
Тармақ 6
6. Арнаулы бағдарламалар мен инфрақұрылымдық қолдау бойынша креативті индустрияның жекелеген бағыттары:
Тармақша 1
1) сән индустриясы: киім, аяқ киім, аксессуарлар, тоқыма дизайнерлерін қолдау, сән апталықтарына, халықаралық көрмелерге қатысу, өндірістік базаны және брендингті, цифрлық жарнаманы дамыту;
Тармақша 2
2) сәулет және урбандау: сәулет бюроларын, жастар шеберханаларын қолдау, орнықты қалалық шешімдерді дамыту, конкурстарға және сәулет биенналелеріне қатысу;
Тармақша 3
3) цифрлық өнер: блокчейнде жобаларды әзірлеуді және оларды ілгерілетуді қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, цифрлық объектілерді шығару және сақтау инфрақұрылымы;
Тармақша 4
4) жаңа медиа және интерактивті технологиялар: виртуалды болмыс, подкасттар, интерактивті платформалар, бейнеойындар, анимация, көрнекі әсер саласындағы жобалар;
Тармақша 5
5) мультимедиялық кеңістіктер және инсталляциялар: экспозициялар, жарық және дыбыс шоулары, сәулет интерактивті инсталляцияларын әзірлеу, музейлермен және қалалық алаңдармен ынтымақтастықты қолдау.
Тармақ 7
7. Қаржыландыру көздері:
Тармақша 1
1) республикалық бюджет;
Тармақша 2
2) демеушілердің жарналары, халықаралық және жеке қорлар;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының меншікті кірістері;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.
Тарау 3. 3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 8
8. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және/немесе көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының цифрлық платформасында конкурсты өткізу туралы хабарландыру, оның шарттарын, өлшемшарттарын, мерзімдері мен қолдау нысандарын жариялау;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының цифрлық платформасы арқылы электрондық түрде өтінімдерді қабылдау;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген қатысу шарттарына сәйкестігін тексеру;
Тармақша 4
4) комиссияның бағалауы;
Тармақша 5
5) жеңімпаздардың тізбесін және іріктеуден өткен әрбір жоба бойынша қысқаша ақпаратты көрсете отырып, конкурстың қорытындыларын жариялау;
Тармақша 6
6) осы Қағидалардың 18, 19-тармақтарына сәйкес көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы мен конкурстық іріктеуден өткен креативті индустрия субъектілері арасында келісімдер жасасу.
Тармақ 9
9. Конкурстық іріктеуге қатысу шарттары:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген болу (оның ішінде шетелдік өтінім берушілер үшін);
Тармақша 2
2) өтінімді берген сәтте орындалмаған салық берешегінің және бюджетке өзге де орындалмаған міндетті төлемдерінің болмауы;
Тармақша 3
3) Тізбеге сәйкес қызмет түрлеріне сәйкес келуі не осы Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген мамандандырылған бағдарламалар мен инфрақұрылымдық қолдау бойынша креативті индустрияның жекелеген бағыттарына сәйкес келуі; 4) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімінде тіркелген болуы.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының қаржылық қолдау шараларын ұсыну үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының цифрлық платформасында хабарландыру жарияланған кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 11
11. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті ұйымдастырушыға көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының цифрлық платформасы арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілінде конкурсқа қатысуға өтінім береді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның атауы, бағыты, қысқаша сипаттамасы және күтілетін нәтижелері (бизнес-жоспар);
Тармақша 2
2) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжаттар (тіркелуі, жарғы және өзге де заңды құжаттар);
Тармақша 3
3) креативті индустрия өнімдерін коммерцияландыру бойынша іске асырылған жобалардың портфолиосы мен үлгілері (ол болған жағдайда);
Тармақша 4
4) егер өтініш беруші осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген санаттарға жататын болса, мынадай құжаттар: жобаның инклюзивті бағытын растайтын мүгедектік туралы анықтама, медициналық-әлеуметтік сараптама актісі (қорытындысы), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаны туралы анықтама не өзге де құжаттар (ол болған жағдайда) ұсынылады.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде барлық келіп түскен өтінімдердің осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін қарайды. Сәйкессіздік анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге оларды жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды қайта ұсынады. Қайтадан сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы ағымдағы конкурс шеңберінде қайта қатысу құқығынсыз өтінімді қабылдамайды. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы өтінімдерді қабылдау аяқталған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген ескертулерді ескеріле отырып пысықталған өтінімдерді Комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 13
13. Қаржылық қолдау шараларын ұсыну үшін уәкілетті орган мемлекеттік органдар өкілдерінің, креативті индустриялар саласындағы сарапшылардың қатарынан комиссия құрады. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Комиссияның құрамына халықаралық сарапшылар тартылуы мүмкін. Комиссияның ережесі мен құрамы уәкілетті органмен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде 15 (он бес) адамды құрайды. Комиссияның шешімдері Комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия төрағасы Комиссияның жұмысына басшылықты жүзеге асырады, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, Комиссия отырыстарының күн тәртібін бекітеді, Комиссия отырыстарының хаттамаларына қол қояды, Комиссия шешімдерінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. Комиссия хатшысы көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы қызметкерлерінің арасынан айқындалады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Комиссия хатшысы комиссияның отырыстарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Комиссияның отырысы, егер оған оның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін Комиссияның құрамына қаралатын мәселелерге жеке мүдделілігі бар адамдар, сондай-ақ туыстық байланыстары немесе өзге де мән-жайлары Комиссия шешімінің объективтілігіне әсер етуі мүмкін адамдар кіре алмайды. Мүдделер қақтығысы деп Комиссия құрамына кіретін адамдардың жеке мүдделері олардың өз міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін жағдай түсініледі. Мүдделер қақтығысы кезінде комиссия мүшелеріне қарсылық білдіру комиссия төрағасына мүдделер қақтығысының туындағаны немесе туындау мүмкіндігі туралы хабарлауды, содан кейін комиссия мүшесінің өзіне қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) немесе комиссияның басқа мүшесіне қарсылық білдіру рәсіміне бастамашылық жасауды қамтиды. Қарсылық білдіру туралы шешім жазбаша өтініш негізінде қабылданады және комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесі ол туралы комиссияның төрағасын жазбаша нысанда дереу хабардар етеді. Комиссия мүшесі егер оның қабылданатын шешімдердің объективтілігіне әсер етуі мүмкін жеке мүддесі болса, конкурстық комиссияның төрағасына өздігінен бас тарту туралы жазбаша өтініш береді. Егер комиссияның басқа мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаса, ол туралы ақпарат комиссияның назарына жеткізілуі тиіс. Қарсылық білдіру туралы шешім туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы ақпарат болған кезде комиссияның отырысында қабылданады. Қарсылық білдіру туралы шешім комиссияның төрағасы, комиссия мүшелері және хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшесі шеттетілген жағдайда, уәкілетті орган кворумды қамтамасыз ету үшін Комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.
Тармақ 15
15. Комиссия өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдық жүйе бойынша өтінімдерді бағалауды жүзеге асырады. Бағалау қорытындысы бойынша жинаған балдарының кему ретімен өтінімнің рейтингі қалыптастырылады. Комиссияның шешімі конкурстың қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді. Комиссияның хаттамасында жеңімпаз (жеңімпаздар) туралы, сондай-ақ екінші орын алған өтініш беруші туралы мәліметтер қамтылады. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы цифрлық платформада жариялайды. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы бір мезгілде хаттаманы жариялай отырып, өтінімде көрсетілген электрондық поштасы арқылы өтініш берушілерге конкурстың қорытындылары туралы хабарлама жібереді. Комиссияның хаттамасы шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті ұйымдастырушыға жіберіледі. Комиссияның шешімдері мен оның мүшелерінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Даулы мәселелерді шешу мақсатында уәкілетті органның бұйрығымен құрамы оның төрағасын қоса алғанда, мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде 15 (он бес) адамнан тұратын апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия уәкілетті орган қызметкерлерінен, тәуелсіз сарапшылардан, жұртшылық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұрады. Апелляциялық комиссияның құрамына Комиссияның мүшелері кірмейді. Конкурс нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші апелляциялық комиссияға шешімнің қолданылуын апелляция қаралғанға дейін тоқтата тұра отырып, шешімді қайта қарау туралы өтініш беруге құқылы. Апелляцияға өтініш өтініш берушімен уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадрларымен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесіне апелляциялық комиссия төрағасының атына электрондық немесе қағаз түрінде конкурстың қорытындылары туралы хаттама цифрлық платформада жарияланғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі және апелляциялық комиссия тарапынан 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаралады. Апелляциялық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Конкурс қорытындыларымен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысып отырған комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 17
17. Жеңімпаздар тізімін қамтитын конкурстың нәтижелерін қарсылықтарды қарағаннан кейін не егер қарсылықтар келіп түспесе, қарсылықтарды беру мерзімі өткеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссияның хаттамасы негізінде көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы бекітеді. Конкурс жеңімпаздарының тізімі бекітілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының цифрлық платформасында және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады. Жеңімпаздарды хабардар етуді көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы бір мезгілде көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының цифрлық платформасындағы жеңімпаздың жеке кабинетінде хабарламаны орналастыра отырып, жеңімпаздардың тізімі бекітілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы конкурстың түпкілікті нәтижелері бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстың жеңімпазына келісімнің жобасын қоса бере отырып, қаржылық қолдау көрсету туралы келісім жасасу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы жіберіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының цифрлық платформасындағы жеңімпаздың жеке кабинетінде орналастырылады. Конкурстың жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде келісімге қол қоюға және оны көрсетілетін қызметті ұйымдастырушыға ұсынуға міндетті. Келісім көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының цифрлық платформасы арқылы электрондық нысанда не екі данада қағаз тасымалдағышта жасалады. Қаржылық қолдау көрсету туралы келісімде мыналар қамтылуы тиіс:
Тармақша 1
1) тараптардың атауы мен деректемелері;
Тармақша 2
2) келісімнің нысанасы;
Тармақша 3
3) қолдау көрсетудің мөлшері мен нысаны;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық өтінімде ұсынылған бизнес-жоспарға сәйкес қолдау қаражатын пайдалану мақсаттары мен бағыттары;
Тармақша 5
5) қолдауды көрсету мерзімі мен тәртібі (бір реттік немесе кезең-кезеңмен);
Тармақша 6
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 7
7) осы Қағидалардың 7-тарауына сәйкес есептілікке қойылатын талаптар;
Тармақша 8
8) келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, қаражатты қайтару тәртібі мен шарттары;
Тармақша 9
9) тараптардың жауаптылығы;
Тармақша 10
10) келісімге өзгерістер енгізу тәртібі;
Тармақша 11
11) келісімнің қолданылу мерзімі;
Тармақша 12
12) дауларды шешу тәртібі. Қаржыландыру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық өтінімде ұсынылған бизнес-жоспар негізінде келісімде айқындалған жобаны іске асыру кестесіне сәйкес бір реттік немесе кезең-кезеңмен тәртібінде ұсынылады. Қаржыландыруды ұсыну (бір реттік немесе кезең-кезеңмен) тәртібі туралы шешімді көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы қаржыландыру көлемін, жобаны іске асыру мерзімдері мен ерекшелігін ескере отырып, конкурстың нәтижелері бекітілген кезде қабылдайды. Қаржылық қолдау көрсету туралы келісімнің үлгілік нысанын көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы әзірлейді және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Тармақ 19
19. Егер конкурстың жеңімпазы осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген мерзімде келісімге қол қоймаған не келісім жасасудан жазбаша бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссияның хаттамасына сәйкес екінші орын алған өтініш берушіге келісімнің жобасын жібереді. Екінші орын алған өтініш беруші осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес келісімге қол қояды. Конкурстың нәтижелері туралы ресми хабардар етілгеннен кейін конкурс жеңімпазының келісім жасасудан бас тартуын көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы тіркейді.
Тармақ 20
20. Жеңімпаздан кейінгі өтініш беруші болмаған кезде көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының функциялары
4-тарау. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының функциялары
Тармақ 21
21. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы мыналарды:
Тармақша 1
1) конкурстарды жариялауды және өтінімдерді жинауды;
Тармақша 2
2) цифрлық платформаны қолдауды;
Тармақша 3
3) келісімдер жасасуды және олардың орындалуын бақылауды;
Тармақша 4
4) тиімділігін мониторингтеуді;
Тармақша 5
5) жобалар мен қатысушылардың дерекқорын қалыптастыруды;
Тармақша 6
6) өтінім беруден бастап жобаның іске асырылуына дейінгі барлық кезеңдерде инклюзивті қолжетімділікті қолдауды;
Тармақша 7
7) осал топтардың мүдделерін білдіретін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды;
Тармақша 8
8) инфрақұрылымды (хабтар, зертханалар, акселераторлар) дамытуға жәрдемдесуді;
Тармақша 9
9) халықаралық бастамаларды қолдауды;
Тармақша 10
10) креативті индустрия субъектілеріне арналған акселерациялық бағдарламаларды, интенсивтерді, менторлық іс-шараларды жүргізуді және білім беру қызметтерін;
Тармақша 11
11) ұйымдастырушылық шығыстарды, сарапшылардың еңбегіне ақы төлеуді және әкімшілік қолдап отыруды қоса алғанда, инвесторларды тарту үшін таныстырылым сессияларын, креативті жобаларды іріктеу мен жылжытуға арналған конкурстар мен іс-шараларды ұйымдастыруды;
Тармақша 12
12) креативті индустриялар саласында қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын көрсету жөнінде өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша қызметі туралы есепті уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады. Есеп 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жартыжылдықта бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей ұсынылады.
Тарау 5. 5-тарау. Қаржыландыру, жол берілетін шығыстар және қаражаттың пайдаланылуын бақылау
5-тарау. Қаржыландыру, жол берілетін шығыстар және қаражаттың пайдаланылуын бақылау
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушыны қаржыландыру стартаптар мен инновациялық жобаларды гранттық қолдау және бюджеттен тыс тетіктер шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы шығыстарының жол берілетін түрлері:
Тармақша 1
1) гонорарлар мен жалақы;
Тармақша 2
2) жалға алу, логистика, жабдықтау;
Тармақша 3
3) ақпараттық технологиялар саласындағы шешімдер, сайттарды әзірлеу және қолдап отыру, цифрлық платформалар;
Тармақша 4
4) консультациялар, оқыту, аударма;
Тармақша 5
5) ілгерілету, маркетинг;
Тармақша 6
6) әдістемелік материалдар мен зерттеулер.
Тармақ 24
24. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау:
Тармақша 1
1) аралық және қорытынды есептілік;
Тармақша 2
2) нысаналы пайдаланылуын верификациялау;
Тармақша 3
3) келісімнің шарттары бұзылған кезде қаражатты қайтару міндеттемесі.
Тарау 6. 6-тарау. Инклюзивті жобаларды қолдау
6-тарау. Инклюзивті жобаларды қолдау
Тармақ 25
25. Инклюзияны дамытуға бағдарланған жобалар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінімдерді бағалау кезінде қосымша балл алады.
Тармақ 26
26. Жобаның инклюзивтілігі мынадай өлшемшарттар параметрлері бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) мүмкіндігі шектеулі адамдарды креативті контентті жасауға және тұтынуға тарту;
Тармақша 2
2) ымдау тілін дамыту, медиаөнімдерді мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеу;
Тармақша 3
3) мүгедектігі бар адамдар үшін фестивальдар, көрмелер, форумдар және шеберлік сыныптарын өткізу;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдар үшін білім беру бағдарламаларын және консультациялар өткізу.
Тарау 7. 7-тарау. Қаржылық қолдауға мониторинг және есептілік
7-тарау. Қаржылық қолдауға мониторинг және есептілік
Тармақ 27
27. Қаржылық қолдауды алушы: жобаның іске асырылу барысы туралы аралық есептерді жарты жылда бір рет көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде ұсынады; берілген қаражаттың заңдылығын және нысаналы жұмсалғанын растайтын шарттардың көшірмелерін, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, жүкқұжаттарды және өзге де бастапқы құжаттарды қоса алғанда, нәтижелерді және қаражаттың нысаналы пайдаланылғанын құжаттамалық растай отырып қаржылық орындалуын толық көрсете отырып, жобаның аяқталғаны жөніндегі қорытынды есепті ұсынады; мүдделі тараптар үшін деректердің ашықтығы мен оған қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жобаны цифрлық технологиялық платформада орналастырады.
Тармақ 28
28. Қайтарымсыз қаржылық көмекті қоспағанда, мынадай жағдайларда қаржыландыру тоқтатыла тұруы, алдын ала тоқтатылуы, ал қаражат республикалық бюджетке қайтарылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) қолдау қаражатын нысаналы пайдаланбау;
Тармақша 2
2) өтінімде немесе есептілікте анық емес мәліметтер ұсыну;
Тармақша 3
3) келісім бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау;
Тармақша 4
4) белгіленген мерзімде есептілікті ұсынбау;
Тармақша 5
5) қолдау алушыны қайта ұйымдастыру немесе тарату (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 6
6) креативті индустриялар саласындағы қызметті тоқтату жағдайларында. Қаржыландыруды тоқтата тұру, тоқтату және қаражатты қайтару туралы шешімді уәкілетті органмен келісу бойынша көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы қабылдайды. Қолдау алушы қаражатты қайтару туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаражатты республикалық бюджетке қайтаруға міндетті. Қаражатты ерікті түрде қайтармаған жағдайда, өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары 2029 жылға дейін қолданыста болады.
Басқа 1.1. Креативті индустриялар саласында қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының қызметі туралы есеп нысаны
Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларына 1-қосымша Креативті индустриялар саласында қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының қызметі туралы есеп нысаны Кезең: 20__ жылғы ___________________ Көрсетілетін қызметті ұйымдастырушының атауы: _________________________ 1-бөлім. Конкурстар туралы ақпарат № Конкурстың атауы Өткізу кезеңі Өтінімдер саны Қолдау көрсетілген жобалар саны Бөлінген қаражат сомасы (теңге) 1 2 ______________________________________________________________________________________ 2-бөлім. Қаржылық қолдау шаралары № Қолдау түрі Алушылар саны Жалпы сомасы (теңге) Географиясы (қала/өңір) 1 2 3-бөлім. Қаржылық емес қолдау шаралары № Іс-шара (акселерация, менторлық және тағы басқа) Қатысушылар саны Сағат саны Өмірбаянын көрсете отырып, шақырылған сарапшылар саны 1 4-бөлім. Тиімділік мониторингі Көрсеткіш Мәні Ескертпе Нарыққа шыққан жобалар Құрылған жұмыс орындары Қатысушылардың табысының ұлғаюы Тартылған инвестициялар ______________________________________________________________________________________ 5-бөлім. Инклюзия және қолжетімділік Іс-шара Осал топтардың қатысуы Әріптес ұйымдар (Үкіметтік емес ұйымдар және басқалар) Қолжетімділік жөнінде қабылданған шаралар ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ 6-бөлім. Өзге де ақпарат және талдау (сапалық қорытындылар, табысты жобалардың кейстері, қиындықтар және жақсарту жөніндегі ұсыныстар) ____________________________________________________________________________________________ Есепті жасау күні: 20 жылғы «___» __________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы : _______________________________________
Басқа 1.2
Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларына 2-қосымша Нысан Қаржылық қолдау шараларын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінім Өтініш беруші туралы ақпарат Өтініш берушінің атауы Жобаның атауы Сұратылатын сома, теңгемен алғанда (санмен және жазбаша) Жобаның толық құны, теңгемен алғанда (санмен және жазбаша) Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрі (салық төлеушінің жеке кабинетінен үзінді көшірме) Жұмысшылардың нақты саны (болған жағдайда) Құрылу күні Тіркеу деректері Өтінім берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) Банк деректемелері, есеп айырысу шоты, валюталық шоты, банктік жеке коды Валюталық кредиттерді қоса алғанда, алынған, өтелмеген кредиттік қаражаттар Телефоны (мобильді, жұмыс) Электрондық поштасы Ресми сайты Жоба туралы қысқаша ақпарат Жобаның мақсаты Жобаның міндеттері Жобаны іске асыру орны Жобаны іске асыру мерзімі Өткізу нарығы (ел, өңір) Аталған жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма? Иә Жоқ Егер «иә» десеңіз, онда қандай көлемде, бағдарламаның, жобаның атауы мен алынған қаржыландыру сомасын көрсету қажет Жоба командасының құрамы № Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Жобадағы лауазымы / Негізгі жұмыстағы лауазымы Жұмыс тәжірибесі (жобаны іске асыру үшін қажетті) Жобаға тартылуы (%) Осы өтінімде көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы комиссияны, оның ішінде бөгде адамдарды тарта отырып, бағалауды жүргізген кезде оған аталған өтінім бойынша құжаттарды, материалдарды және ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметтерді құрайтын құжаттарды пайдалануға, сондай-ақ өтініш беруші туралы, барлық көздерде кредиторлық берешектің, оның ішінде корпоративтік кредиттік есептің болуы (болмауы) туралы деректерді жинауға өз келісімімді беремін. Осы өтінімде ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің анықтығын растаймын, анық емес деректерді беру фактілері анықталған кезде өтінімді қараудан бас тартылатыны туралы ескертілді. Осы өтінімде қаржылық қолдау шараларын көрсету шарттарымен келісетінімді растаймын. Талап етілетін материалдар және (немесе) құжаттар _____ парақта қоса беріледі. Өтінім беруші ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________ (қолы) Материалдарды және (немесе) құжаттарды алғаны туралы белгі (көрсетілетін қызметті ұйымдастырушы толтырады) Алған күні: 20 __ жылғы «_____» ______________ Өтінімнің тіркеу нөмірі №_____ Тіркеуші ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________ (қолы)
Басқа 1.3
Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларына 3-қосымша Нысан Жобаның (бизнес-жоспар) күтілетін нәтижелері бар жобаның қысқаша сипаттамасы Р/с № Жобаның бизнес-жоспарында сипатталуы қажет мәліметтердің тізбесі 1 Жобаның (жобалардың) атауы, сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттері 2 Жобаны (жобаларды) іске асыру орны 3 Объектіге меншік құқығының туындау негізі. Патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер (ол болған жағдайда) 4 Команда туралы мәліметтер. Жұмыскерлердің штат саны, жобаны іс жүзінде іске асыру үшін қажетті олардың біліктілігі және (немесе) еңбек өтілі, және (немесе) тәжірибесі, сонымен қатар жобаны іске асыруға тартылатын резиденттер мен резидент еместер туралы ақпарат 5 Жобаның (жобалардың) әзірлік сатысы 6 Жобаның (жобалардың) негізгі тиімділік көрсеткіштері 7 Жобаның техникалық сипаттамасы (архитектурасы, құрылымы, қолданылатын шешімдер) 8 Жобаны (жобаларды) іске асыруға жоспарланған шығыстар сметасы 9 Жоба (жобалар) шеңберінде ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, мүліктік құқықтар түрлері. Сату тәсілі және жыл сайынғы күтілетін сату көлемі және жоспарланған табыс (кіріс) 10 Клиенттер/әлеуетті клиенттер 11 Жобаны (жобаларды) іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспары (жобаны іске асыру және дамыту үшін қажетті нақты іс-шаралардың (қадамдардың) сипаттамасы) 12 Жобаның (жобалардың) қоғамдық маңыздылығы 13 Жобаның экспорттық әлеуеті Креативті индустриялар саласында қызметтің бірнеше басым түрлерін жүзеге асыру жоспарланған кезде өтініш беруші бизнес-жоспарда әрбір қызмет түрі шеңберінде барлық жобаларды көрсетеді.
Басқа 1.4
Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларына 4-қосымша Нысан Өтінімдерді бағалау Р/с № Өл­шем­шар­ттар Ең жо­ға­ры балл Сал­мақ ко­эф­фи­ци­ен­ті Ең жо­ға­ры қо­с­қан үле­сі 1 Экс­порт­тық әле­уе­ті 10 4,0 40 балл 2 Жо­ба­ның ин­но­ва­ци­я­лы­лы­ғы 10 2,0 20 балл 3 Ба­сым ба­ғыт­тар­ға сәй­кест­і­гі 10 2,0 20 балл 4 Әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық ма­ңы­зды­лы­ғы 10 1,0 10 балл 5 Ин­ве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­ғы 10 1,0 10 балл 6 Жо­ба­ның ин­клю­зив­ті­лі­гі 10 1,0 10 балл Әрбір өлшемшарт 10 балдық шәкіл бойынша бағаланады, содан кейін алынған балдар тиісті салмақтық коэффициентіне көбейтіледі.