Об утверждении Правил работы, сопровождения и доступа к информационным системам и базам данных Қолданыста
Басқа 0
Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) тармақшаcына, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 79) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 419 бұйрығымен бекітілген
Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) туралы ереженің 15-тармағының 79) тармақшасына сәйкес әзірленген және ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен (бұдан әрі - АЖ) жұмыс істеу, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар АЖ-мен жұмыс істеуші, оларды сүйемелдеуші және қол жеткізуі бар пайдаланушыларға қолданылады.
Тармақ 3
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) АЖ әкімшісі – бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және АЖ-ні сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 2
2) ақпарат – ақпарат иеленушілер жасаған немесе алған және олардың иелігіндегі, кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) ақпаратқа қол жеткізу - әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында бекітілген, мемлекеттің кепілдік берген құқығы;
Тармақша 4
4) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
Тармақша 5
5) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі – ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект;
Тармақша 6
6) ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу – өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттандыру объектісін оған жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан және оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға түзету, түрлендіру жүргізу және оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтитын, мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
Тармақша 8
8) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 9
9) ақпараттық қауіпсіздік әкімшісі (бұдан әрі – АҚ әкімшісі) – АЖ-ға қол жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын адам;
Тармақша 10
10) дерекқорлар – осы деректердің сипаттамаларын, сондай-ақ олардың объектілері арасындағы өзара байланыстарды сипаттайтын тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректер жиынтығы;
Тармақша 11
11) ҚББЖ – ақпараттық жүйелерге қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі;
Тармақша 12
12) қол жеткізу өтінімі – пайдаланушыны тіркеуге (есептік жазба жасауға) және оған ақпараттық жүйелерге қол жеткізу құқығын беруге (немесе оны өзгертуге) арналған өтінім;
Тармақша 13
13) нормативтік-техникалық құжаттама – ақпараттандыру объектілерін құруға және қолдануға (пайдалануға), сондай-ақ олардың ақпараттандыру саласындағы белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауға қойылатын жалпы міндеттерді, қағидалар мен талаптарды айқындайтын құжаттар жиынтығы;
Тармақша 14
14) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 15
15) пайдаланушы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;
Тармақша 16
16) техникалық құжаттама – ақпараттандыру объектісін құру мен дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану өзінің негізінде жүзеге асырылатын ақпараттандыру объектісіне арналған құжаттамалар жиынтығы;
Тармақша 17
17) электрондық ақпараттық жүйелердің меншік иесі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Тармақша 18
18) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық жеткізгіште және ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық-цифрлық нысандағы деректер.
Тарау 2. 2-тарау. Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс істеу тәртібі
2-тарау. Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 4
4. АЖ-мен жұмыс істеу АЖ-мен жұмыс барысында пайдаланушылардың жасайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.
АЖ-ны пайдаланушылардың іс-әрекеттері АЖ-ға құрастырушыларымен енгізілген пәрмендер негізінде жүзеге асырылады. Аталған пәрмендер пайдаланушылардың АЖ-мен жұмысының жүйелі болуына және АЖ-мен жұмыс жасау барысындағы олардың құқықтық жауапкершілігін реттеуге мүмкіндік береді.
Тармақ 5
5. АЖ пайдаланушылары:
Тармақша 1
1) АЖ олардың қолдану мақсатына сәйкес пайдаланады;
Тармақша 2
2) АЖ-мен жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздіктің қағидаларын сақтайды;
Тармақша 3
3) логиндер мен құпиясөздердің сақталуын қамтамасыз етуге, оларды үшінші тұлғаларға беруге жол бермейді;
Тармақша 4
4) құпиясөздерді уақтылы жаңартады;
Тармақша 5
5) АЖ әкімшілерін немесе АҚ әкімшілерін деректердің тұтастығын бұзу фактілері, АЖ жұмыс істеуіндегі ақаулар, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабардар етеді.
Тармақ 6
6. АЖ-мен жұмыс істеу кезінде пайдаланушыларға:
Тармақша 1
1) бөгде адамдардың есептік жазбаларын пайдалануға;
Тармақша 2
2) АЖ жұмыс істеу параметрлерін АЖ әкімшілерінің рұқсатынсыз дербес өзгертуге;
Тармақша 3
3) АЖ-дағы деректерді тиісті өкілеттіктерсіз көшіруге, түрлендіруге, жоюға немесе таратуға;
Тармақша 4
4) қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес мақсаттарда АЖ пайдалануға;
Тармақша 5
5) АЖ-ға АЖ әкімшілерімен келісілмеген бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеуге;
Тармақша 6
6) АЖ жұмыс қабілеттілігінің немесе ақпаратқа қол жеткізудің бұзылуына әкеп соқтыратын іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. АЖ-дағы пайдаланушылардың іс-әрекеттері ҚББЖ-де тіркелуге жатады.
Тармақ 8
8. АЖ жұмыс жүйесіне техникалық қызмет көрсету, жаңарту, өзгерту бойынша барлық жұмыстарды АЖ әкімшілері жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Ақпараттық жүйелерді және дерекқорларды сүйемелдеу тәртібі
3-тарау. Ақпараттық жүйелерді және дерекқорларды сүйемелдеу тәртібі
Тармақ 9
9. АЖ сүйемелдеуді қамтамасыз ету Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарының 30-тармағына сәйкес бекітілген Министрліктің ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі АЖ әкімшілері арқылы жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді, АЖ жұмыс істеу мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел әрекет етуді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. АЖ тәулік бойы қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.
Тармақ 12
12. АЖ жұмыс істеуінде техникалық іркілістің туындауы туралы ақпарат көздері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес кері байланыс нысаны арқылы берілген пайдаланушының хабарламасы;
Тармақша 2
2) АЖ жұмыс істеу мониторингін орындайтын әкімші мамандарының хабарламасы;
Тармақша 3
3) техникалық іркілісті анықтаған, функционалдың жұмыс қабілеттілігі мен қол жеткізуді айқындау үшін пайдаланылатын АЖ ақаулықтарын мониторингілеу және анықтау жөніндегі бағдарламалық-аппараттық құралдар;
Тармақша 4
4) техникалық іркілістің туындауын немесе туындау мүмкіндігін куәландыратын жазбалар тіркелетін АЖ жүйелік журналдары.
Тармақ 13
13. Пайдаланушы техникалық іркілістің туындауы туралы мынадай мәліметтер қамтылған өтінімді АЖ-да көрсетілген электрондық пошта немесе телефон арқылы береді:
Тармақша 1
1) пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, дербес бірегей сәйкестендіргіші (логині);
Тармақша 2
2) жүгіну себебі;
Тармақша 3
3) пайдаланушының байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы).
Тармақ 14
14. Пайдаланушылар АЖ арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық мәселелер болған жағдайда, АЖ әкімшілеріне интернет-ресурста орналастырылған кері байланыс нысаны арқылы жүгінеді. Пайдаланушылардың өтінішінде мынадай мәліметтер бар:
Тармақша 1
1) байланыс деректері;
Тармақша 2
2) тіркеме (файл);
Тармақша 3
3) өтініш тақырыбы;
Тармақша 4
4) өтініштің мәтіні;
Тармақша 5
5) электрондық мекенжайы.
Тармақ 15
15. Егер пайдаланушының жүгіну себебі АЖ-ның жұмыс істеуіне байланысты болса, өтінімді орындау мерзімі пайдаланушының өтінімін берген күннен бастап күнтізбелік үш күннен аспайды.
Тармақ 16
16. АЖ әкімшілері АЖ жұмыс істеуі туралы мынадай:
Тармақша 1
1) мәтіндік және бейне форматтағы нұсқаулықтар, жиі қойылатын сұрақтар және оларға жауаптар;
Тармақша 2
2) пайдаланушыларды хабардар ету үшін интернет-ресурстың жаңа мүмкіндіктері туралы ақпаратты орналастырады.
Тармақ 17
17. АЖ-ның жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында электрондық ақпараттық жүйелердің меншік иесі АЖ әкімшісі арқылы мыналарды:
Тармақша 1
1) мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, АЖ-ның тәулік бойы режимде үздіксіз жұмыс істеуін;
Тармақша 2
2) ақпараттың сақталуы, қорғалуы, істен шыққан немесе бүлінген жағдайда қалпына келтірілуі, АЖ-да ақпараттың резервтік көшірмесі және уақтылы өзектендірілуін бақылау, автоматтандырылған есепке алу, АЖ бойынша барлық өтініштер ақпаратының мерзімді мұрағатталуы және сақталуы;
Тармақша 3
3) өтініштерді шешу шеңберінде АЖ бағдарламалық кодына түзетулер, модификациялар енгізу және АЖ ақауларын жаңғыртуды жүргізбей және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмай және оның тұтастығын сақтау шартымен жою;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және өзге де ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 5
5) ақпараттың қосымша түрлерін орналастыру;
Тармақша 6
6) АЖ жағдайына аудит жүргізу;
Тармақша 7
7) Заңның 7-2-бабына сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің Жедел орталығына қосылуды қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Ақпараттық жүйелерге және дерекқорларға қол жеткізу тәртібі
4-тарау. Ақпараттық жүйелерге және дерекқорларға қол жеткізу тәртібі
Тармақ 18
18. АЖ-ға қол жеткізу үшін пайдаланушыларды АЖ-да тіркеу қажет.
Тармақ 19
19. Пайдаланушыны тіркеу (есептік жазба жасау) және оған АЖ-ға қол жеткізу құқығын беру (немесе оны өзгерту) рәсімі қол жеткізу өтінімімен басталады.
АЖ-ға қол жеткізу туралы өтінім ҚББЖ арқылы беріледі.
Тармақ 20
20. Пайдаланушының есептік жазбасы дербес бірегей сәйкестендіргішті (логинді) және АЖ-ға бірінші кіруге арналған уақытша парольді қамтиды, олар бойынша АЖ-да тіркеледі және жұмыс істейді.
Тармақ 21
21. Пайдаланушыны тіркеу және оған АЖ-ға қол жеткізу құқығын беру немесе өзгерту процестерін ұйымдық қамтамасыз етуді берілген өтінімдер негізінде АҚ әкімшісі жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Келіп түскен АЖ-ға қол жеткізу өтінімдеріне сәйкес АҚ әкімшісі өтінімді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген корпоративтік электрондық поштаға жауап жібереді.
Жауапта бірінші кіру үшін дербес бірегей сәйкестендіргіш (логин) және уақытша пароль, немесе АЖ-ға қол жеткізуді беру үшін негіз болмаған жағдайда, АЖ-ға қол жеткізу өтінімін қанағаттандырудан бас тарту туралы ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Жұмысқа қабылдау, басқа лауазымға ауысу, қызметкерді жұмыстан шығару туралы өтінім берілген күнге дейін бір жыл ішінде бекітілген бұйрық АЖ-ға қол жеткізу өтінімін беру үшін негіз болып табылады. Негіз болған құжаттың көшірмесі қол жеткізу өтініміне қосымшамен жіберіледі.
Тармақ 24
24. АЖ-ға бірінші кіру үшін уақытша парольді пайдаланушы АЖ-ға бірінші рет кірген кезде ауыстырады. Пайдаланушыларды тіркеу процесі пайдаланушы АЖ-ға бірінші кіру үшін құпиясөзді ауыстырғаннан кейін аяқталған болып саналады.
Тармақ 25
25. ҚББЖ автоматты түрде пайдалану жағдайларын қоспағанда, АЖ-ға бірінші кіру үшін пайдаланушыға дербес бірегей сәйкестендіргішті (логинді) және уақытша парольді беруді АҚ әкімшісі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушыларды тіркеу және дербес бірегей сәйкестендіргіштерді (логиндерді) беру журналында тіркейді.
Тармақ 26
26. АЖ жұмыс істеу кезінде:
Тармақша 1
1) бірнеше пайдаланушының бір дербес бірегей сәйкестендіргішті (логинді) пайдалануы;
Тармақша 2
2) пайдаланушының өзінің дербес бірегей сәйкестендіргіші (логині) мен парольін басқа тұлғаларға беруі рұқсат етілмейді.
Тармақ 27
27. Өтініш беруші ұйым ішінде жұмыстан босатылған, басқа жұмысқа ауыстырылған, АЖ-да жұмыс істеуге байланысты пайдаланушының функционалдық міндеттерін кеңейткен (азайтқан) жағдайда, жаңадан берілген өтінім негізінде пайдаланушының құқықтарын өзгерту жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Пайдаланыла отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам АЖ-ға кіру жүзеге асырылмаған жағдайда және/немесе ақпараттық қауіпсіздікті бұзушылықтар анықталған пайдаланушының есептік жазбасы бұғатталады.
Тармақ 29
29. Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген негіз бойынша бұғатталған есепке алу жазбаларын іске қосу үшін, сондай-ақ пароль және (немесе) дербес бірегей сәйкестендіргіш (логин) жоғалған, дербес бірегей сәйкестендіргіш (логин) пен парольдің сақталуы жөніндегі талаптар қамтамасыз етілмеген кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан өтінім береді.
Тармақ 30
30. АЖ-ға қол жеткізу мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің қызметтік өкілеттіктері шеңберіндегі жұмыс жасайтын қызметкерлеріне ғана беріледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге тұлғаларға АЖ-ға қол жеткізуге жол берілмейді.
Тармақ 31
31. Пайдаланушылар АЖ-ды пайдалану кезінде Заңды және нормативтік-техникалық құжаттаманы, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік стандарттарды, электрондық ақпараттық жүйелері иесінің ақпараттық қауіпсіздік саясатын басшылыққа алады.
Басқа 1-1. Пайдаланушыларды тіркеу және дербес бірегей сәйкестендіргіштерді (логиндерді) беру журналы
Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Пайдаланушыларды тіркеу және дербес бірегей сәйкестендіргіштерді (логиндерді) беру журналы
№
Өңір / өтініш берушінің хатының шығыс нөмірі, күні және АЖ иесінің хатының кіріс нөмірі, күні
Қол жеткізетін ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардың атауы
Пайдаланушыларды тіркеу және дербес бірегей сәйкестендіргіштерді (логиндерді) беру күні
Негіз
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) әкімшісінің
Ескертпе
Басқа 1-2. Пайдаланушының есептік жазбасын тіркеуге (құруға) және оған ақпараттық жүйелерге қол жеткізу құқықтарын беруге (немесе оны өзгертуге) өтінім
Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Пайдаланушының есептік жазбасын тіркеуге (құруға) және оған ақпараттық жүйелерге қол жеткізу құқықтарын беруге (немесе оны өзгертуге) өтінім
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(өтінім берілетін негізді көрсете отырып, пайдаланушының ақпараттық жүйеге кіру, бұғаттау, құқықтарды өзгертуді)
№
Пайдаланушының Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН, логині, жұмыс телефоны, ұялы телефоны, компьютердің ip-мекенжайы
Пайдаланушы лауазымының, өтініш берушінің құрылымдық бөлімшесінің атауы
Қол жеткізетін ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардың атауы
Ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылатын функциялардың (іс-қимылдардың) атауы
Деректерді _______________ электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.
______________ 20__ жыл
___________________________________/__________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 419 бұйрыққа қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отырудың және оларға қол жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 63 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 13371 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 121 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 20295 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 78 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 11-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 22354 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы «Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отырудың және оларға қол жеткізудің кейбір мәселелері туралы» № 63 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 349 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24532 болып тіркелген).