Об утверждении Положения Коммунального государственного учреждения «Центр социального обслуживания» отдела занятости и социальных программ Сайрамского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына және Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 2 шілдедегі №5194-25-00-4/317 шешіміне сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы ережені әділет органдарында тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 20 маусымдағы «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» №243 қаулының 1-қосымшасының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Басқа 6. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Сайрам ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №905 қаулысына қосымша Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына және басқа қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес құрастырылды.
Тармақ 3
3. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ары қарай - «мекеме») жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйым болып табылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеменің меншік түрі: Коммуналдық.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 тамызындағы №655 қаулысымен құрылды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – Сайрам ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 7
7. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері:Қазақстан Республикасы,Түркістан облысы, 160800, Сайрам ауданы, Алаш ауылы, Б. Қыстаубаева көшесі №8А.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
Тармақ 9
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттар, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 10
10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 11
11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапта болады.
Тармақ 12
12. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 13
13. Коммуналдық мекеме қызметінің мәні аудан аумағында: – бөгде адамның күтіміне мұқтаж азаматтарға; – ардагерлер мен мүгедектігі бар адамдарға; – өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтарға; –жалғыз тұратын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және қарттарға; – тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға; – психоневрологиялық потологиясы бар мүгедектігі бар балаларға; – психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты :
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау білім беру және басқада қоғамдық органдармен бірлесіп үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж жалғызбасты қарттарды, мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды анықтау және есепке алу;
Тармақша 2
2) жалғысбасты қартты, мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік зерделеу, оның мүддесі мен мұқтаждығын білу мақсатында қоршаған микроортаны зерделеу;
Тармақша 3
3) ата-аналарға ауру баланы жалпы күтудің практикалық машықтарын, әдістерін және баланың дамуына жәрдемдесетін тәсілдерді үйрету;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларында балаларды жүріп тұру мен әлеуметтік машықтарға (киіну, жуыну, асхана құралдарымен пайдалану, ақша ұстау, заттар сатып алу және тамақ әзірлеу, телефонмен, көлікпен пайдалану және т.б), мінез-құлық, өзін-өзі бақылау мен қарым-қатынас дағдыларын үйретуге көмек көрсету;
Тармақша 5
5) оңалту іс-шараларын іске асыру және жалғызбасты қартарды, мүгедектігі бар адамдарды, баланы қоғамдық ортаға, отбасыға бейімдеу мақсатында жеке азаматтармен, ата-аналармен жұмыс жүргізу;
Тармақша 6
6) жалғызбасты қарттың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың бос уақытын ұйымдастыру (ойындар, кітаптар, газет, журналдар оқу, оларды талқылау, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, басқа азаматтармен хат-алмасуды ұйымдастыру және т,б);
Тармақша 7
7) жалғызбасты қарттармен, мүгедектігі бар адаммен, ата-аналармен жеке және топтық іс-шаралар (семинарлар, тренингтар және т.б.) ұйымдастыру арқылы ағарту-профилактикалық жұмыстар жүргізу;
Тармақша 8
8) қажетті арнайы медициналық жәрдем алуға және медициналық қызмет көрсетуге, атап айтқанда дәрігерді үйге шақыруға, емханаға бірге баруға көмектесу, шұғыл жағдайларда бірінші медициналық көмек көрсету;
Тармақша 9
9) жалғызбасты қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына демеуші көмек көрсету үшін, бұрын еңбек еткен ұжымдармен және қайырымдылық қорларымен тығыз байланыс жасау және дамыту;
Тармақша 10
10) қамқорлықты, қорғаншылықты белгілеу, жәрдемақыларды тағайындау, интернат үйлеріне немесе аумақтық орталықтарға медициналық әлеуметтік мекемелерге орналастыру және көмектің басқа түрлері үшін құжаттар рәсімдеуге жәдемдесу;
Тармақша 11
11) консультативтік, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар беру мәселелері бойынша көмек көрсету;
Тармақша 12
12) аз қамтамасыз етілген қатарындағы мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар рәсімдеуге жәрдемдесу;
Тармақша 13
13) жалғызбасты қарт, мүгедектігі бар адамдар қайтыс болған жағдайда жерлеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) жалғызбасты қартқа, мүгедектігі бар адамдардың үйлеріне азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын, дәрі-дәрмектерін жеткізіп отыру;
Тармақша 15
15) жалғызбасты қарттың, мүгедектігі бар адамдардың киімдерін және үй-тұрмыстық заттарын химиялық тазалауға, жөндеуге тапсырып, қайта жеткізіп беру;
Тармақша 16
16) жалғызбасты қарттың, мүгедектігі бар адамдардың тұрғын үйін тазалауға, үйін жөндеуге ықпал жасау;
Тармақша 17
17) медициналық көрсеткіштер жеке оңалту бағдарламасы бойынша протез-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Тармақша 18
18) мүгедектігі бар адамдар және зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтендіру үшін қолжетімді жағдайлар жасау;
Тармақша 19
19) мүгедектігі бар адамдардың және зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оларды белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке және ұрпақтар сабақтастығына тартуға бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмыстарының инфрақұрылымын құру.
Тармақ 15
15. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: – әлеуметтік-тұрмыстық; – әлеуметтік-медициналық; – әлеуметтік - психологиялық; – әлеуметтік-педагогикалық; – әлеуметтік - мәдени қызмет; – әлеуметтік - экономикалық; – әлеуметтік құқықтық; – әлеуметтік - еңбек; Психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес беру мекемесінің мамандары жасайтын жеке бағдарламаны есепке ала отырып, жеке оңалту жоспарын түзу.
Тармақ 16
16. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге осы ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тарау 4. 4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
Тармақ 17
17. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Тиісті саланың уәкілетті органы заңмен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 5
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 6
6) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымнан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 8
8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
Тармақша 10
10) жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 11
11) осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысын Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Сайрам ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың жергілікті атқарушы органына тікелей бағынады және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 21
21. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызетінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 22
22. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 23
23. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру барысында коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет ете алады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді:
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іс-сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) тиісті саланың өкілетті органының келісімімен орынбасарын, ал коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жеке жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және жергілікті атқарушы органның жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 24
24. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құнын оның теңгерімде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналар:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
Тармақ 25
25. Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 27
27. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін тиісті саланың жергілікті атқарушы органы қаржыландырады.
Тармақ 28
28. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 29
29. Коммуналдық мемлекеттік мекемеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
Тармақ 30
30. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі мекеменің ішкі тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 31
31. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
Тарау 8. 8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары.
8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары.
Тармақ 32
32. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік заңды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 34
34. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Тармақ 36
36. Таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.