Об определении перечня должностей специалистов в области культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет
және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармағы мен 139-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Айқындалған азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң «Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2022 жылғы 11 сәуірдегі №144 қаулысының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 мамырда № 28209 болып тiркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. «Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 7. Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін спорт және мәдениет саласындағы мамандар лауазымының тізбесі
Төлеби ауданының әкімдігі
2025 жылғы «__»
желтоқсандағы
№ ____ қаулысына қосымша
Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін спорт және мәдениет саласындағы мамандар лауазымының тізбесі
Тармақ 1
1. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы
Тармақша 2
2) Оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Тармақша 3
3) Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тармақша 4
4) Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары
Тармақша 5
5) Қаржыгер
Тармақша 6
6) Бас есепші
Тармақша 7
7) Есепші
Тармақша 8
8) Мемлекеттік сатып алу маманы
Тармақша 9
9) Тәрбиеші
Тармақша 10
10) Нұсқаушы, нұсқаушы-спортшы, әдіскер
Тармақша 11
11) Барлық мамандықтағы дәрігер
Тармақша 12
12) (Мамандандырылған) медициналық бике/аға
Тармақша 13
13) Диеталық бике
Тармақша 14
14) Психолог
Тармақша 15
15) Жаттықтырушы
Тармақша 16
16) Аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы
Тармақша 17
17) Бөлім менгерушісі
Тармақша 18
18) Іс жүргізуші
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1)мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
Тармақша 2
2)мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 3
3)кітапхана филиал меңгерушісі, кітапханашы
Тармақша 4
4)барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 5
5)барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 6
6)музыкалық жетекші;
Тармақша 7
7)режиссер;
Тармақша 8
8)хореограф;
Тармақша 9
9)ұжым (үйірме) басшысы;