О профилактике правонарушений Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Бөлім 1. 1-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ
1-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік бейімдеу – қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені;
Тармақша 2
2) әлеуметтік оңалту – өмірде қиын жағдайда қалған адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық және (немесе) моральдық зардапты еңсеру процесі;
Тармақша 3
3) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу – педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушыларды ерте анықтауға және оларға уақтылы қолдау көрсетуге бағытталған жеке әлеуметтік және психологиялық-педогогикалық шаралар кешені;
Тармақша 4
4) заңға бағынатын мінез-құлық – адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін саналы мінез-құлқы;
Тармақша 5
5) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек көрсетуге арналған кабинеттер;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу – балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бітімі, адамгершілік, психикалық, мәдени, зияткерлік жағынан дамуына және оны әлеуметтік ортаның теріс әсерінен қорғауға бағытталған мінез-құлық қағидалары мен нормаларын дарыту бойынша ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыскерлері тарапынан әсер етудің үздіксіз процесі;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға немесе қоғамға жат мінез-құлық танытуға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактика жөніндегі шаралармен бірге жиынтықта жүзеге асырылатын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар кешені;
Тармақша 8
8) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар – осы Заңға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
Тармақша 9
9) күш көрсету – дене күшін қолдану және дене мүшесін ауырту арқылы денсаулыққа қасақана зиян келтіру;
Тармақша 10
10) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау жоқ кәмелетке толмаған бала;
Тармақша 11
11) қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен өмір салтына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс;
Тармақша 12
12) қоғамға жат мінез-құлық – жеке тұлғаның жалпы қабылданған мінез-құлық пен мораль нормаларын, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүддесін бұзатын, оның ішінде әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін әрекеттері;
Тармақша 13
13) қоғамдық көмекші – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;
Тармақша 14
14) қоғамдық орын – тізбесі осы Заңда көзделген, халықтың пайдалануына, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге, азаматтарға қызмет көрсетуге және олардың демалуына арналған, елді мекендер шегіндегі немесе олардан тыс жерлердегі ортақ пайдаланылатын орын;
Тармақша 15
15) құқық бұзушылық – Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келетін құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк);
Тармақша 16
16) құқық бұзушылық жасауға бейім адам – өзінің қоғамға жат мінез-құлқының қауіптілігіне байланысты ықтимал құқық бұзушылық жасау қауіп-қатері бар не құқық бұзушылық жасаған, профилактикалық есепте тұрған жеке тұлға;
Тармақша 17
17) құқық бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;
Тармақша 18
18) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шаралар – құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы, жеке және арнаулы шаралар;
Тармақша 19
19) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесі – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің, түрлері мен шараларының жиынтығы, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру және мониторингтеу;
Тармақша 20
20) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері – құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдары мен азаматтары;
Тармақша 21
21) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы – нақты адамның немесе адамдар тобының құқық бұзушылықтан жәбір көру қауіп-қатерін азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды қолдану бойынша құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметі;
Тармақша 22
22) құқықтық тәрбие – азаматтардың заңға бағынатын мінез-құлқын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, білім беру сипатындағы, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені;
Тармақша 23
23) отбасылық-тұрмыстық қатынастар – ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар;
Тармақша 24
24) панасыз қалған бала – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала;
Тармақша 25
25) психологиялық қысым жасау – қорқыту, қорлау, бопсалау арқылы, немесе құқық бұзушылықты немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене бітімі және тұлғалық жағынан дамуының бұзылуына әкелетін іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы адамның психикасына қасақана әсер ету, ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту;
Тармақша 26
26) сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қол сұғатын қасақана құқыққа қайшы әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер;
Тармақша 27
27) тұрмыстық зорлық-зомбылық – бір адамның отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында басқа адамға (адамдарға) қатысты тән азабын және (немесе) психикалық азап шектіретін немесе сондай қатері бар қасақана құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекеті немесе әрекетсіздігі);
Тармақша 28
28) экономикалық қысым жасау – адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына негізделеді, осы Заңнан, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары құқық бұзушылық профилактикасы саласында адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту болып табылады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат мынадай негізгі қағидаттарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) жариялылық;
Тармақша 3
3) ғылыми негізділік;
Тармақша 4
4) құпиялылық;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;
Тармақша 6
6) кешенділік пен жүйелілік;
Тармақша 7
7) әрбір адамға және азаматқа қолданатын жеке тәсіл;
Тармақша 8
8) ізгілік;
Тармақша 9
9) отбасын қолдау және сақтау;
Тармақша 10
10) адамға және азаматқа тән азабын және (немесе) психикалық азап шектіруге жол бермеу.
Бап 4
4-бап. Осы Заңның негізгі міндеттері Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддесін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық деңгейін төмендету;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу;
Тармақша 4
4) құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру;
Тармақша 5
5) жәбірленушілер мен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылық профилактикасына азаматтардың белсенді түрде қатысуын арттыру;
Тармақша 7
7) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою;
Тармақша 9
9) азаматтардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және адамгершілік жағынан дамуына жәрдемдесу, қоғам мүддесімен, Қазақстан халқының дәстүрлерімен, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерімен ұштастырылған патриотизмге, азаматтыққа және бейбітсүйгіштікке тәрбиелеу;
Тармақша 10
10) баса педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды әлеуметтік оңалту және кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактика жөніндегі шараларды жүргізу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру;
Тармақша 12
12) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауы;
Тармақша 13
13) қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар арқылы мемлекеттік қолдау.
Тарау 2. 2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ
2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Бап 5
5-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Осы Заңда көрсетілген мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады және оны іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді және жағдайларды талдайды, анықтайды, оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды қолданады;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қолданады;
Тармақша 7
7) саламатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 9
9) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы масс-медиада ақпараттық жұмыс жүргізеді;
Тармақша 10
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
Тармақ 2
2. Осы Заңда көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары құқық бұзушылық профилактикасы бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапты болады.
Бап 6
6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құқықтары Қазақстан Республикасының азаматтары:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасына ерікті түрде қатысуға;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге, басқа азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне профилактикалық іс-шараларда жәрдем көрсетуге;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық бұзушылық жасау фактілері және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар туралы хабарлауға;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылықты тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды қолдануға;
Тармақша 6
6) құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысуға;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, құқық бұзушылық профилактикасы саласында түсіндіру жұмысы мен құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8)  құқық бұзушылық профилактикасы саласында құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Бап 7
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық санының өсуіне алып келетін дағдарысты демографиялық процестерге жол бермеу, жұмыссыздықтың күрт өсуін және халықтың өмір сүру деңгейінің құлдырауын тежеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ережесін, құрамын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президентіне Қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы енгізеді;
Тармақша 6
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 8
8-бап. Жергілікті өкілді органдардың құзыреті Жергілікті өкілді органдар:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасына арналған шығыстар бөлігінде жергілікті бюджеттерді бекітеді және олардың атқарылуын бақылайды;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдайды;
Тармақша 3
3) әкімнің ұсынуы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын бекітеді;
Тармақша 4
4) азаматтар мен ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты тиісті әкімдіктер әзірлеген бюджеттік бағдарламаларды қарайды және бекітеді;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі тиісті әкімдіктердің комиссияларының қызметін бақылайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) өңірлерді дамыту жоспарларындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 3
3) жергілікті деңгейде құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
Тармақша 5
5) жергілікті деңгейде құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6)  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күтіп-бағуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күтіп-бағуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандар, оның ішінде бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, арнаулы білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыруды қамтамасыз етеді және олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 9
9) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11)  құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындайды;
Тармақша 14
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтың жалпы профилактикасы жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және оны іске асыруға жауапты болады;
Тармақша 2
2) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізеді, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 7
7) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларды құрады;
Тармақша 8
8) ресми алдын ала ескерту шығарады;
Тармақша 9
9) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастырады;
Тармақша 10
10) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) қызметі құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 12
12) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен, психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 14
14) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерін ашады;
Тармақша 15
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10
10-бап. Отбасын қолдау орталықтарының құзыреті
Тармақ 1
1. Отбасын қолдау орталықтары жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аудандарда және қалаларда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылады және (немесе) ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Отбасын қолдау орталықтары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыруды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
Тармақша 3
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесуді;
Тармақша 4
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігімен қолдау көрсетуді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік отбасылық саясаттың бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;
Тармақша 6
6) мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік отбасылық саясат үрдістерін мониторингтеу мен талдауды;
Тармақша 8
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсету жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыруды;
Тармақша 9
9) құқық қорғау органдары мен басқа да уәкілетті органдарға кәмелетке толмағандар арасында анықталған зорлық-зомбылық пен қылмыс фактілері және зорлық-зомбылықтан көмек сұрап жүгінген адамдар туралы хабар беруді;
Тармақша 10
10) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерді есепке алуды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асырады.
Бап 11
11-бап. Мобильді топтардың құзыреті Мобильді топтар:
Тармақша 1
1) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) құқық қорғау органдары мен басқа да уәкілетті органдарға кәмелетке толмағандар арасында анықталған зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылық фактілері және зорлық-зомбылықтан көмек сұрап жүгінген адамдар туралы хабар береді;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және құқық бұзушылық профилактикасының өзге де субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 12
12-бап. Прокуратура органдарының құзыреті Прокуратура органдары:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады және арнаулы есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 13
13-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Ішкі істер органдары:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды іске асырады;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасы саласында халықпен профилактикалық, ақпараттық-құқықтық жұмыс жүргізеді;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтайды, профилактикалық есепке алуды жүргізеді және оларға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық жасауға бейiм адамдарды әлеуметтік бейiмдеу және әлеуметтiк оңалту үшiн олар туралы мүдделi мемлекеттiк органдарға хабар береді;
Тармақша 5
5) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды кәмелетке толмаған адамдарға қатысты анықталған құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабардар етеді;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі барысында ұстап алынған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
Тармақша 7
7) жәбірленушінің пікірін ескере отырып, оны көмек көрсету жөніндегі ұйымға немесе денсаулық сақтау ұйымына жібереді;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;
Тармақша 10
10) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) күзет қызметі субъектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандарға тәрбиелік тұрғыдан әсер етуді жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдарды әкімшілік қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) ресми алдын ала ескерту шығарады;
Тармақша 16
16) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ғылыми және оқу басылымдарын құзыреті шегінде әзірлейді және басып шығарады;
Тармақша 17
17) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауы және олардың құқық бұзушылық фактілеріне ден қоюы қағидаларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 18
18) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 19
19) егер құқық бұзушының болуы жәбірленуші мен оның кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін болса, оның тұрғынжайларға, жергілікті жердің белгілі бір учаскелеріне кіруін немесе онда болуын шектейді, оған уақытша тыйым салады;
Тармақша 20
20) профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
Тармақша 21
21) қорғау нұсқамасын шығарады;
Тармақша 22
22) сот алдында құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу туралы өтінішхат береді;
Тармақша 23
23) сот мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеген адамдарды психологиялық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 25
25) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 26
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14
14-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырады және іске асырады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 4
4) әдіснамалық қолдау шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіреді, квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқыту іс-шараларын және ақпарат алмасуды жүргізеді;
Тармақша 5
5) сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерін сыртқы талдаудың нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды жүргізеді және сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындау үшін қажетті әлеуметтік зерттеулер жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 15
15-бап. Әділет органдарының құзыреті Әділет органдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың құқықтық насихат жөніндегі қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін нормалардың қабылдануының алдын алу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізеді;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 16
16-бап. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыреті Экономикалық тергеп-тексеру қызметі:
Тармақша 1
1) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 2
2) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың мәліметтері мен цифрлық жүйелерін пайдалана отырып анықтайды, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынулар енгізеді;
Тармақша 3
3) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықты ерте анықтау және оның профилактикасы әдістемелерін әзірлейді;
Тармақша 4
4) орын алып отырған тәуекелдер мен қатерлер, сондай-ақ экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылыққа байланысты қабылданатын алдын алу шаралары (масс-медиада, әлеуметтік желілерде, азаматтар көп жиналатын орындарда және басқа да ақпарат көздерінде) туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 5
5) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қаржы мониторингі субъектілерімен, салалық қауымдастықтармен және қоғамдық бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен және волонтерлік қозғалыстармен, азаматтық қоғаммен және инфлюенсерлермен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 6
6) ведомстволық профилактикалық есепке алуды жүргізеді және экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жариялайды;
Тармақша 7
7) құзыреті шегінде профилактикалық әңгімелесу, ресми алдын ала ескерту нысанында экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы және жеке шараларды, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 9
9) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтардың құқықтық даярлығын ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандары мен түрлерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
Тармақша 12
12) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шараларды, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 13
13) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қауіп-қатерді анықтау және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көлеңкелі экономикаға неғұрлым бейім салалар мен сондай аяларда стратегиялық талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) экономикалық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін ведомствоішілік қауіп-қатерге мониторинг жүргізеді;
Тармақша 15
15) құзыреті шегінде құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша, оның ішінде бұғаттау жөнінде шаралар қабылдай отырып, Интернет желісінде ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізеді;
Тармақша 16
16) заманауи цифрлық технологиялар мен құралдарды пайдаланады, жедел ден қою, экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық туралы деректерді жинау және талдау, сондай-ақ оларды жасау қауіп-қатерін болжау, құқық бұзушылық профилактикасы үшін таралу ошақтарын және нысаналы аудиториясын анықтау үшін оларды интеграциялауды жүргізеді;
Тармақша 17
17) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша үздік практикаларды зерделеу және ендіру және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру үшін халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық салалық ұйымдарға, комитеттерге және жұмыс топтарына қатысады;
Тармақша 18
18) құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдай отырып, әлеуметтік бағдарланған жобаларды іске асырады;
Тармақша 19
19) мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуын анықтау тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық мониторинг жүргізеді, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттің негізсіз шығыстарын қысқарту, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды қаржыландыруды қайта қарау, нәтижесіз делдалдарды, алыпсатарлық схемаларды болдырмау және нарықтарды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 20
20) жұртшылықпен экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасының өзекті мәселелерін талқылау және осы салада жаңа бастамаларды әзірлеу үшін ашық диалог алаңдарын ұйымдастырады;
Тармақша 21
21) құзыреті шегінде халықтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға қатысады;
Тармақша 22
22) құзыреті шегінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қаржылық және құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру мекемелерімен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ олар үшін экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
Тармақша 23
23) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша оқу курстарын, лекцияларды, семинарларды ұйымдастырады;
Тармақша 24
24) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдар дайындауды, бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығаруды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 17
17-бап. Əскери басқару органдарының құзыреті
Тармақ 1
1. Əскери басқару органдары:
Тармақша 1
1) əскерлерде тәрбиелік, идеологиялық, әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен насихат жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеуді жүргізеді;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтың алдын алу, əскери тəртіпті және жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) әскери қызметшілерге қатысты құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілерді анықтайды және құзыреті шеңберінде ден қою үшін әскери полиция органдарына және (немесе) әскери-тергеу органдарына хабар береді;
Тармақша 5
5) әскери бөлімдердің (мекемелердің) аумағында және (немесе) қызмет өткеру орны бойынша құқық бұзушылық жасаған және (немесе) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілердің мінез-құлқын, оның ішінде әскери полиция органдары мен құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) құзыреті шегінде құқықтық тәртіптің жай-күйіне және құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жүргізілетін жұмыстарға жауап береді;
Тармақша 7
7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша азаматтармен және ұйымдармен, мемлекеттік органдармен өзара ic-қимыл жасайды;
Тармақша 8
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүргізу әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарда қызмет өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бап 18
18-бап. Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдарының құзыреті Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдары:
Тармақша 1
1) әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеуге қатысады;
Тармақша 2
2) әскери қызметшілерге қатысты заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағдарланған құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу нысанында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шараларды қабылдайды;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық жасаған және (немесе) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілермен профилактикалық әңгімелесу нысанында құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды және әскери бөлімдер (мекемелер) басшылығының алдында олардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруға жазбаша бастама жасайды;
Тармақша 4
4) әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер (мекемелер) басшылығының қарауына әскери бөлімдердің (мекемелердің) қызметінде орын алып отырған қауіп-қатерді, жүйелі проблемаларды, құқық бұзушылықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен, әскери бөлімдердің (мекемелердің) басшылығымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 19
19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдарға құқық бұзушылық профилактикасына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар береді.
Бап 20
20-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік негіздері мен саламатты өмір салтын дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың, жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мәселелері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 21
21-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдары:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына кәмелетке толмағандардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелерін ендіреді;
Тармақша 3
3) қосымша білім беру ұйымдары желісін дамытуды қамтамасыз етеді, олардың қызметін талдайды, жетілдіреді және оларға кәмелетке толмағандарды тартады;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 5
5) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың, жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мәселелері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзудың анықталған фактілері туралы құқық қорғау органдары мен өзге де уәкілетті органдарға дереу хабар береді;
Тармақша 8
8) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың орта білім алуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) ерекше назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкілдерін анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға және олармен құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды жүргізуге қатысады;
Тармақша 10
10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне тоқсан сайын талдау жүргізеді;
Тармақша 11
11) білім беру ұйымдарының жұмысына қоғамға жат мінез-құлық танытқан кәмелетке толмағандарды анықтау құралдарын ендіреді.
Бап 22
22-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құзыреті Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган:
Тармақша 1
1) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысады;
Тармақша 2
2) зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді;
Тармақша 3
3) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 4
4) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды жеке қолдап отыруды жүргізеді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде мобильді топтардың жұмысына қатысады;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы сотқа өтініш береді.
Бап 23
23-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті Білім беру ұйымдары:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауы немесе оларға қатысты құқық бұзушылықтың жасалуы, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жасайды;
Тармақша 3
3) баса назар аударуды талап ететін білім алушыларды педагогикалық сүйемелдеуді жүргізеді және оларға уақтылы қолдау көрсетеді;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелерін іске асырады;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен бірлесіп, білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 7
7) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылықтың кез келген нысанына қарсы тұруға бағытталған қауіпсіз білім беру ортасын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармай жүрген кәмелетке толмағандарды анықтайды және есепке алуды жүргізеді, олармен және олардың заңды өкілдерімен баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу шеңберінде жұмыс жүргізеді;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерімен жұмыс жүргізеді;
Тармақша 11
11) кәмелетке толмағандарға арналған қолжетімді секциялар мен үйірмелердің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың орта білім алуына көмек көрсетеді;
Тармақша 13
13) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік оңалту көрсетеді;
Тармақша 14
14) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты анықтау және оның алдын алу бойынша профилактикалық кеңестер құрады;
Тармақша 15
15) қоғамға жат мінез-құлық танытқан кәмелетке толмағандарды анықтайды;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 24
24-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі саясатты қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) тәуелділігі (алкогольге, есірткі заттарына, психотроптық заттарға, сол тектестерге, басқа да есеңгірететін заттарға), оның ішінде ойынға тәуелділігі (лудомания) бар адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласында нашақорлықтың, алкоголизмнің және суицидтердің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды үйлестіреді;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде денсаулық сақтау саласындағы бірлескен іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 25
25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) саламатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдары мен мекемелеріне консультативтік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) тәуелділігі (алкогольге, есірткі заттарына, психотроптық заттарға, сол тектестерге, басқа да есеңгірететін заттарға), оның ішінде ойынға тәуелділігі (лудомания) бар адамдарға медициналық көмекті ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша денсаулық сақтау жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 26
26-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті Денсаулық сақтау ұйымдары:
Тармақша 1
1) адамдарды зерттеп-қарауды, динамикалық байқауды, емдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ тәуелділігі (алкогольге, есірткі заттарына, психотроптық заттарға, сол тектестерге, басқа да есеңгірететін заттарға), оның ішінде ойынға тәуелділігі (лудомания) бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдардың жүгінуі және оларға көрсетілген медициналық көмек фактілері туралы ішкі істер органдарына хабар береді;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың денсаулық сақтау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарынан тыс кәсіби қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлайды;
Тармақша 4
4) психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді;
Тармақша 5
5) зерттеп-қарау және емдеу кезеңінде заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған үш жасқа дейінгі адасқан, тастанды және басқа да балаларды тәулік бойы қабылдауды және күтіп-бағуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі кәмелетке толмағандарды тәулік бойы қабылдауды және оларға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) қылмыстық қудалау органы мен соттың сұрау салуы бойынша кәмелетке толмаған балаға оның әлеуметтік-психологиялық жай-күйі тұрғысынан жүргізілген диагностика туралы қорытынды ұсынады;
Тармақша 8
8) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды профилактикалық және міндетті медициналық қарап-тексеруді жүргізеді;
Тармақша 9
9) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандардың денсаулығының жай-күйі туралы қорытындыны белгіленген тәртіппен әзірлейді;
Тармақша 10
10) құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандар арасындағы психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланысты психикасы мен мінез-құлқы бұзылған (ауыратын) адамдар туралы ақпарат береді;
Тармақша 11
11) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен, психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 27
27-бап. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
Тармақша 2
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 28
28-бап. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдардың құзыреті Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдар:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 3
3) құзыреті шегінде азаматтарды құқықтық тәрбиелеуге қатысады;
Тармақша 4
4) баспанасыз адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі ұйымдар желісін дамытуды үйлестіреді;
Тармақша 5
5) құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс кәсіби қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлайды;
Тармақша 6
6) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ психологиялық, медициналық көмекке және заң көмегіне қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және ұсыныстарды білім беру және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 7
7) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) анықтау және қолдаумен қамту мәселелері бойынша отбасын қолдау орталықтарының, мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ықтимал түрде мұқтаж деп танылуы мүмкін негіздерді анықтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) өмірде қиын жағдайдағы адамдарды (отбасыларды) қолдап отыруды және мұндай жағдайдан шығаруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің түрлері, оларды алу тәсілдері, осы елді мекенде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бар-жоғы туралы хабар береді;
Тармақша 12
12) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша әлеуметтік жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 29
29-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және өз құзыреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары:
Тармақша 1
1) халықты дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырыс іске асырылатын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының қызметтерін көрсетеді;
Тармақша 4
4) құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 30
30-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық насихат жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарында құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің жариялануына ықпал етеді;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 31
31-бап. Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жастар арасында құқық бұзушылыққа төзбеушілік идеологиясын қалыптастырады;
Тармақша 2
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 32
32-бап. Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың құзыреті Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік ұйымдар:
Тармақша 1
1) жастарды құқыққа қайшы әрекетке тарту қауіп-қатерін төмендету және олардың Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) мыналарға: жастарды әлеуметтік пайдалы қызметке тартуға; жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға; жастар кәсіпкерлігін қолдауға; сапалы білім мен жұмысқа орналасуға қолжетімділік беруге бағытталған бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлейді, іске асырады;
Тармақша 3
3) құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 33
33-бап. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, тіркеп-белгілеуге бағытталған цифрлық технологияларды дамытуға ықпал етеді;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтың профилактикасы мақсатында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың қолда бар цифрлық жүйелерін интеграциялайды;
Тармақша 4
4) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің цифрлық инфрақұрылымын дамытады;
Тармақша 5
5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көрген азаматтарға әртүрлі коммуникация арналары арқылы консультация береді, психологиялық көмек көрсетеді;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 34
34-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның құзыреті Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) қаржылық қызметтер көрсету саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің орын алып отырған қатерлері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 2
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 35
35-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары Кәсіпкерлік субъектілері:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласында мемлекеттік органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) жария консультациялар мен қоғамдық кеңестерге қатысуға;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық жасау фактілері және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға;
Тармақша 5
5) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдарды қолдануға;
Тармақша 6
6) құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықты болғызбауға және ашуға, оның ішінде күдікті әрекеттер немесе адамдар туралы деректер ұсыну арқылы жәрдемдесуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Бап 36
36-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестіктері төрағаларының құзыреті Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің төрағалары:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісінде тұру (болу) қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарды олардың мінез-құлқының құқықтық салдары туралы хабардар етуге;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық жасау фактілері және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға;
Тармақша 3
3) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдарды қолдануға;
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісінде пәтердің меншік иелерінің тұруына (болуына) қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) ішкі істер органдарында құқықтық даярлықтан өтуге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Бап 37
37-бап. Көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік ұйымдар:
Тармақша 1
1) жәбір көрген адамдарға, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарға қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық көмекті, заң көмегін беруді ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 3
3) психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық жасау фактілері немесе оларды жасау қатері туралы құқық қорғау органдарына хабар береді;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) құқық бұзушылықтан жәбір көргендерді уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен көмек көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарына жібереді;
Тармақша 8
8) құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдар:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық-үгіт жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтан жәбір көргендерді уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен көмек көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарына жібереді;
Тармақша 3
3)  отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында кәмелетке толмаған адамдарға қатысты құқық бұзушылық жасау фактілері немесе оларды жасау қатері туралы құқық қорғау органдарына хабар береді;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 6
6) әлеуметтік бейімделуге көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) құқық бұзушылық салдарынан жәбір көрген адамдарға қажетті психологиялық, педагогикалық көмек, заң көмегін беруді ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды.
Тарау 3. 3-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУЫ
3-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУЫ
Бап 38
38-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық топ құрылады, оның қызметі жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. Ведомствоаралық топтың ұсынымдары құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында қаралады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы, өкiлеттiктерi мен қызмет ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ережеде айқындалады. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік (аудандық) ведомствоаралық комиссиялардың өкілеттіктері мен қызмет ету тәртібін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары айқындайды.
Бап 39
39-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру және олардың өзара іс-қимыл жасауы
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру және олардың өзара іс-қимыл жасауы құқық бұзушылықтың уақтылы алдын алу, анықтау және жолын кесу, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша олармен келісілген әрекеттерді әзірлеу және жүзеге асыру арқылы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру және олардың өзара іс-қимыл жасауы мынадай негізгі нысандарда:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 2
2) ақпарат алмасу;
Тармақша 3
3) оң тәжірибені зерделеу және тарату;
Тармақша 4
4) бірлескен профилактикалық іс-шаралар жүргізу;
Тармақша 5
5) отырыстар мен кеңестер өткізу;
Тармақша 6
6) бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған, өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы осы органдарға дереу хабар беруге міндетті.
Бап 40
40-бап. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндама
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының аумағындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халыққа жыл сайын хабар беру мақсатында жасалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндамада мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласының ағымдағы жай-күйі;
Тармақша 2
2) криминогендік ахуалдың ағымдағы жай-күйі;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шаралардың тиімділігін бағалау;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, азаматтарды зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан, қоғамға жат мінез-құлықтан қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндаманы дайындау, оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және жариялау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Бөлім 2. 2-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
2-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
Тарау 4. 4-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ШАРАЛАР
4-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ШАРАЛАР
Бап 41
41-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шаралар
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шаралар құқық бұзушылық жасаудың әлеуметтік-экономикалық себептері мен жағдайларын жою арқылы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шаралар мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өзге де жоспарлау құжаттарын әзірлеу, іске асыру, талдау және мониторингтеу;
Тармақша 2
2) халық арасында құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ақпараттық және идеологиялық жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 3
3) ғылым мен техниканың жетістіктерін интеграциялау;
Тармақша 4
4) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту болып табылады.
Бап 42
42-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өзге де жоспарлау құжаттарын әзірлеу, іске асыру, талдау және мониторингтеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өзге де жоспарлау құжаттарын әзірлеу, іске асыру, талдау және мониторингтеу, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалау жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Бап 43
43-бап. Халық арасында құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ақпараттық және идеологиялық жұмыстарды жүргізу
Тармақ 1
1. Халық арасында құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ақпараттық және идеологиялық жұмыстарды жүргізу қоғамда құқық бұзушылыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастыруға, азаматтардың жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға бағынатын мінез-құлыққа, жанжалдарды конструктивті шешу дағдыларын дамытуға және әлеуметтік жауапкершілікті түсінуге бағдарланған құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін, адамгершілік қасиеттерін арттыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері ақпараттық және идеологиялық жұмыстарды құқықтық түсіндіру жұмысы арқылы проактивті форматта жүргізеді, ол құқықтық ақпараттың қолжетімділігіне, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауына негізделуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтық тәртіпті ұстап тұруға белсенді қатысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 3
3. Құқықтық түсіндіру жұмысы азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттырудың ақпараттық, цифрлық, білім беру және өзге де тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Бап 44
44-бап. Ғылым мен техниканың жетістіктерін интеграциялау
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасы саласында ғылым мен техниканың жетістіктерін интеграциялау профилактика шараларының тиімділігін жақсарту, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен көрсетілетін қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Ғылым мен техниканың жетістерін интеграциялауды пайдалану:
Тармақша 1
1) криминогендік статистиканы талдау, ықтимал құқық бұзушылық үрдістерін анықтау және болжау, мемлекеттік органдардың ресурстарын кейіннен ұтымды түрде қайта бөлу және құқық бұзушылық профилактикасы бойынша мақсатты шараларды әзірлеу үшін деректерді талдау мен машиналық оқытудың қазіргі заманғы әдістерін ендіру;
Тармақша 2
2) биометрия және сәйкестендіру технологияларын қолдану;
Тармақша 3
3) әртүрлі цифрлық және геоақпараттық жүйелерді, дерекқорларды интеграциялау және пайдалану;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылықты бейне тіркеп-белгілеудің техникалық құралдарын, жасанды интеллектіні қолдану;
Тармақша 5
5) цифрлық жүйелер мен азаматтардың дербес деректерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында оқыту;
Тармақша 6
6) криминология саласында, қоғамға жат мінез-құлық себептеріне ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) мамандарды даярлау, олардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылық профилактикасын талдау әдістерін әзірлеу;
Тармақша 9
9)  құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік оңалту бағдарламаларын ғылыми деректер негізінде әзірлеу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген басқа да цифрлық құралдар мен ғылыми әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Бап 45
45-бап. Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту
Тармақ 1
1. Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес құқық қорғау органдарына ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға ниет білдірген азамат құқық қорғау органына өтінішпен жүгінеді, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Азамат көрсетілген құжаттарға өмiрі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктiң көшiрмесiн қоса беруге құқылы.
Тармақ 3
3. Құқық қорғау органы өтініш келіп түскен күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматты наркологиялық, психикалық-неврологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, содан кейін ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті өтінішхатпен жүгінеді, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса береді не өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартып, қабылданған шешімнің себептерін көрсетеді.
Тармақ 4
4. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішхатты жеті жұмыс күні ішінде қарайды, тіркеу жүргізеді және оны қоғамдық көмекші ретінде есепке қояды, бұл туралы құқық қорғау органына жазбаша хабар береді.
Тармақ 5
5. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға:
Тармақша 1
1) кәмелет жасына толмаған;
Тармақша 2
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан;
Тармақша 3
3) осы Заңда көзделген профилактикалық есепте тұрған;
Тармақша 4
4) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
Тармақша 5
5) наркологиялық, психикалық-неврологиялық диспансерлерде есепте тұрған не сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтар жіберілмейді.
Тармақ 6
6. Өтiнiштiң қабылданбауы оны қабылдаудан бас тартуға негiз болған себептер жойылған жағдайда, өтiнiш берушiнiң қайта жүгінуіне кедергi болмайды.
Тармақ 7
7. Құқық бұзушылық профилактикасына қоғамдық көмекшінің қатысуын тоқтату үшін:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасына одан әрі қатысқысы келмейтіні туралы өтініші;
Тармақша 2
2) қылмыстық жауаптылыққа тартылуы;
Тармақша 3
3) қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылуы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық профилактикасына одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың болуы (психикасының, мінез-құлқының бұзылуы (ауыруы), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін өзге де ауруына байланысты бұзылуы (ауыруы) не қайтыс болуы) негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті құқық қорғау органының ұсынуы бойынша осы азаматты қоғамдық көмекшілер есебінен шығарады.
Бап 46
46-бап. Қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер өз қызметін:
Тармақша 1
1) құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 2
2) консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық көмекшілердің осы Заңның 6-бабында көрсетілген құқықтардан басқа, мыналарға:
Тармақша 1
1) құқық қорғау органдарының профилактикалық есебіне қоюға жататын адамдар туралы хабар беруге және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тікелей қатысуымен олармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысуға;
Тармақша 2
2) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру және жинау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктердің жабайы өсетін егістері фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабар беруге;
Тармақша 3
3) есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар, сондай-ақ осындай мақсаттар үшін ықтимал жарамды үй-жайлар туралы құқық қорғау органдарына хабар беруге;
Тармақша 4
4) ішкі істер органдары қызметкерлерінің тікелей басшылығымен қоғамдық орындарда, сондай-ақ әртүрлі спорттық, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге, қылмыстарды ашуға жәрдем көрсетуге;
Тармақша 6
6) құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін оқиға орнын күзетуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) жатақханалар мен оқу-өндірістік шеберханаларды қоса алғанда, оқу орындарының аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасын және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстап алу мақсатында, егер көрсетілген мақсаттарға өзге де тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа да құралдарды қолдануға құқығы бар. Бұл ретте осы үшін қажетті шаралардан асып кетуге жол берілмеуге тиіс.
Тармақ 3
3. Қоғамдық көмекшілер:
Тармақша 1
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
Тармақша 2
2) дайындалып жатқан не жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың өздеріне белгілі болған фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабар беруге;
Тармақша 3
3) азаматтардың талап етуі бойынша өзінің құқық бұзушылық профилактикасына қатысуының құқыққа сыйымдылығын растайтын куәлікті көрсетуге;
Тармақша 4
4) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстап алынған азаматтарға оларға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының негіздерін түсіндіруге;
Тармақша 5
5) құпиялылықты сақтауға;
Тармақша 6
6) құқықтық даярлықтан өтуге міндетті.
Тармақ 4
4. Қоғамдық көмекшілерге:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттiк органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған процестік және өзге де қызметтi жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттіктерін иемденуге;
Тармақша 3
3) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіруге;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде куәгер болуға;
Тармақша 5
5) адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын не азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа сыйымсыз шектейтін әрекеттер жасауға;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде құқық қорғау органдары қаруланатын арнаулы құралдарды пайдалануға;
Тармақша 7
7) әйелдер, мүгедектік белгілері анық адамдар, жасы белгілі немесе анық көрініп тұрған кәмелетке толмағандар қаруланып не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты дене күшін және басқа да құралдарды қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Осы баптың күші Қазақстан Республикасының заңдарында регламенттелетін, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
Тармақ 6
6. Ішкі істер органдары учаскелік полиция пункттерінің базасында қоғамдық көмекшілерді құқықтық даярлауды ұйымдастырады.
Бап 47
47-бап. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын адамдарды көтермелеу шаралары
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді көтермелеу шаралары мыналар:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен наградтау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы төлеу;
Тармақша 4
4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
Тармақша 5
5) ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.
Тармақ 2
2. Қоғамдық көмекшілерді көтермелеу мәселелері мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияда қаралады. Егер қоғамдық көмекшілер ретінде жергілікті атқарушы органдарда тіркелмеген азаматтар құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға ықпал етсе, комиссия осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды да көтермелеуге құқылы.
Тармақ 3
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнiң фото- және бейнежазбасын қоса бере отырып уәкiлеттi органдарға хабарлама жiберген азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi бойынша құқық бұзушыдан өндiрiп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуi мүмкiн. Азамат сыйақы алушы ретінде қайырымдылық ұйымын көрсетуге құқылы. Көтермелеу тәртібін, түрлерін және мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Тарау 5. 5-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖЕКЕ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
5-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖЕКЕ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
Бап 48
48-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралар
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралар адам не адамдардың шектеулі тобы тарапынан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында олардың құқықтық санасы мен мінез-құлқына жүйелі түрде нысаналы әсер ету үшін қолданылады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды осы Заңға сәйкес мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдары, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың уәкілетті адамдары қолданады.
Тармақ 3
3. Мыналар құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралар болып табылады:
Тармақша 1
1) профилактикалық әңгімелесу;
Тармақша 2
2) ресми алдын ала ескерту;
Тармақша 3
3) жақындауға тыйым салу;
Тармақша 4
4) әкімшілік жазалау;
Тармақша 5
5) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алу;
Тармақша 6
6) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеу;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыну;
Тармақша 9
9) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
Тармақша 10
10) профилактикалық есепке алу және бақылау;
Тармақша 11
11) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу;
Тармақша 12
12) қорғау нұсқамасы;
Тармақша 13
13) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу;
Тармақша 14
14) әкімшілік қадағалауды белгілеу;
Тармақша 15
15) арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу;
Тармақша 16
16) тәрбиелік тұрғыдан әсер ету шаралары;
Тармақша 17
17) ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала асырап алудың күшін жою, қорғаншылар мен қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;
Тармақша 18
18) психологиялық көмек көрсету.
Тармақ 4
4. Мүдделi тұлғалар құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Уәкілетті мемлекеттік орган профилактикалық есепке алудың қолданылу мерзімі өткен соң шектеулер немесе міндеттер жүктеген органның алдында құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды ұзарту туралы өтінішхат бере алады.
Тармақ 6
6. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қолдану осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 49
49-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдау себептері мен негізі
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдауға мынадай мән-жайлар:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың хабарлары немесе өтініштері, сондай-ақ масс-медиадағы хабарлар;
Тармақша 2
2) уәкілетті лауазымды адамның құқық бұзушылықтың жасалуы не құқық бұзушылықты жасау қатерінің төнуі фактісін тікелей анықтауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар себеп болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар құқық бұзушылықтың жасалуы немесе құқық бұзушылықты жасау қатерінің төнуі туралы өтініштер мен хабарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Тармақ 3
3. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қолдануға мыналарды:
Тармақша 1
1) адамның құқық бұзушылық жасауға жағдай туғызатын іс-әрекетін (әрекетін немесе әрекетсіздігін);
Тармақша 2
2) адамның қоғамға жат мінез-құлқын;
Тармақша 3
3) заңды күшіне енген сот актісін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады.
Бап 50
50-бап. Профилактикалық әңгімелесу
Тармақ 1
1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері қоғамға жат мінез-құлықтың, құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, себептері мен жағдайларын анықтау, олардың әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру және заңға бағынатын мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.
Тармақ 2
2. Профилактикалық әңгімелесуді мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік ұйымдардың уәкілетті адамы жүргізеді.
Тармақ 3
3. Профилактикалық әңгімелесу жүргізілетін адамға құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі туралы ескертіледі.
Тармақ 4
4. Профилактикалық әңгімелесу құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметтік үй-жайларында, тұратын жері, оқу, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде, сондай-ақ онлайн форматта жүргізіледі және бір сағаттан артық жүргізілмейді.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгімелесу оның заңды өкілдерінің немесе педагогтердің қатысуымен жүргізіледі.
Бап 51
51-бап. Ресми алдын ала ескерту
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік ұйымдардың уәкілетті адамының жеке тұлғаға оның қоғамға жат мінез-құлықты жалғастыруына жол бермеу не құқық бұзушылық жасау себептері мен жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамасы ресми алдын ала ескерту болып табылады.
Тармақ 2
2. Ресми алдын ала ескерту адамға қолын қойғызып жарияланады, ал оған қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жүргізіледі. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасын жүзеге асыруға жауапты лауазымды адам ресми алдын ала ескерту жарияланған адамның жұмыс (оқу) орны бойынша жұмыс берушiге (әкiмшiлiкке) немесе оның тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi басқару органына ресми алдын ала ескертудің шығарылғаны туралы хабарлауға құқылы.
Тармақ 3
3. Алдын ала ескертудің көшірмесі жарияланғанынан кейін жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
Тармақ 4
4. Ресми алдын ала ескерту шығарылған адамды уәкілетті мемлекеттік органдар профилактикалық есепке қояды.
Тармақ 5
5. Ресми алдын ала ескертудің қолданылу мерзімі ол ресми алдын ала ескерту шығарылған адамға табыс етілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды.
Тармақ 6
6. Ресми алдын ала ескертудің қолданылу кезеңінде мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік ұйымдардың уәкілетті адамдары оның сақталуын бақылауды айына екі реттен сиретпей жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Ресми алдын ала ескертуді бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 52
52-бап. Жақындауға тыйым салу
Тармақ 1
1. Жақындауға тыйым салу жәбірленушіні және іске қатысатын өзге адамдарды қорғау мақсатында күдіктінің, айыпталушының, сотталушының оларды іздестіруін, олардың ізіне түсуін, оларға баруын, олармен телефон арқылы сөйлесуін және өзге де тәсілдермен қарым-қатынас жасауын шектеуден тұрады.
Тармақ 2
2. Жақындауға тыйым салуды қолдану негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде регламенттеледі.
Бап 53
53-бап. Әкімшілік жаза
Тармақ 1
1. Әкiмшiлiк жаза Қазақстан Республикасының заңымен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған адамды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе оларды шектеуді қамтиды. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылық жасаған адамды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және құқықтық тәртіпті құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, басқа адамдардың да тағы құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
Тармақ 2
2. Әкімшілік жаза негіздері, мақсаттары, мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде регламенттеледі.
Бап 54
54-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алу
Тармақ 1
1. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алуды мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үшін отбасын қолдау орталықтары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алуды жүргізу негіздері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алуды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік отбасылық саясат саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бап 55
55-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды құқық бұзушылық профилактикасының уәкілетті субъектілері өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамға (отбасыға) көмектің жеке жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Бап 56
56-бап. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеу
Тармақ 1
1. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеу мыналарға:
Тармақша 1
1) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларға;
Тармақша 2
2) заңды күшіне енген сот актісі негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты жеке профилактика жөніндегі шара болып табылады.
Тармақ 2
2. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеуді ішкі істер органдары соттың санкциясымен қолданады және ол осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге уақытша оқшаулаудан тұрады.
Тармақ 3
3. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеуді қолдану тәртібі мен шарттары, сондай-ақ ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінен босату негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 57
57-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыну
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жағдайда, мемлекеттік органның уәкілетті адамы тиісті ұйымның басшысына немесе лауазымды адамына оларды жою туралы ұсыну жібереді.
Тармақ 2
2. Тиісті ұйымның басшысы немесе лауазымды адамы құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін шаралар қабылдайды және ұсынуды алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік органға ұсынуды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ақпаратты жазбаша түрде жіберуге міндетті.
Тармақ 3
3. Істі қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және басқа да адамдардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты мұндай шараларды қабылдамауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 58
58-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Тармақ 1
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланысты психикасы, мінез-құлқы бұзылған (ауыратын), қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, емделуге мұқтаж деп танылған адамға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.
Тармақ 2
2. Психикасы, мінез-құлқы бұзылған (ауыратын) адамдарды психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға мәжбүрлеп емделуге жіберу сотталғандыққа алып келмейді.
Тармақ 3
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану және оларды орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Бап 59
59-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау
Тармақ 1
1. Профилактикалық есепке алу және бақылау мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған.
Тармақ 2
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) қорғау нұсқамасы шығарылған адамды;
Тармақша 2
2) мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды;
Тармақша 3
3) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданған адамды;
Тармақша 4
4) әкімшілік қадағалау белгіленген адамды;
Тармақша 5
5) ресми алдын ала ескерту шығарылған адамды;
Тармақша 6
6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза немесе қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шаралары қолданылған адамды;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкілдерін;
Тармақша 8
8) қадағалаусыз және панасыз қалғандарды;
Тармақша 9
9) арнаулы білім беру ұйымдарын, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын бітірушілерді;
Тармақша 10
10) адамның психикалық және тәндік функциялары мен мінез-құлқына теріс әсер ететін алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді және өзге де күшті әсер ететін заттарды шамадан тыс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды;
Тармақша 11
11) тәрбиелік тұрғыдан әсер ету шаралары қолданылған кәмелетке толмағандарды;
Тармақша 12
12) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесi мекемелерiнен босатылған кәмелетке толмағандарды;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылған кәмелетке толмағандарды;
Тармақша 14
14) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық тұрғыдан дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын, қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандарды;
Тармақша 15
15) күзетпен қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған немесе күдiк келтірілген кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қояды. Қазақстан Республикасының заңдарында адамдарды профилактикалық есепке қою үшін өзге де негіздер көзделуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Экономикалық құқық бұзушылық жасаған адамдар экономикалық тергеп-тексеру қызметінің профилактикалық есебіне қойылады.
Тармақ 4
4. Профилактикалық есепке қойған кезде адамға (заңды өкіліне) оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығы түсіндіріледі.
Тармақ 5
5. Мүдделі тұлғалар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Тармақ 6
6. Профилактикалық есепке алуда қамтылған мәліметтер құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Профилактикалық есепке алу құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралардың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Профилактикалық есепке алу:
Тармақша 1
1) егер құқық бұзушылық жасауға бейім адамның түзелу жолына түскені анықталса, тұрғылықты жері бойынша немесе еңбек қызметінде жағымды мінездеме берілсе, мерзімінен бұрын;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралардың мерзімі өткен соң, егер оны ұзартуға негіздер болмаса;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық жасауға бейім адамның бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған баланың он сегіз жасқа толуына байланысты;
Тармақша 5
5) қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
Тармақ 9
9. Профилактикалық есепке алу құқық бұзушылық жасауға бейім адамның жеке ерекшеліктері, оның қоғамға жат мінез-құлқының сипаты мен дәрежесі, ол жасаған іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) қауіптілігі ескеріле отырып, құқық бұзушылық жасау ықтималдығы жойылғанға дейін ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Профилактикалық бақылау құқық бұзушылық жасауға бейім адамды профилактикалық есепке алу мерзімі ішінде жүзеге асырылады және:
Тармақша 1
1) профилактикалық есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді сақтауын және жүктелген міндеттерді орындауын;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің мінез-құлқын жүйелі түрде байқаудан тұрады. Осы адамдардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, профилактикалық бақылаудың кезеңділігі құқық бұзушылық жасау ықтималдығын бағалау негізге алына отырып айқындалады.
Тармақ 11
11. Кәмелетке толмаған адамдарға қатысты профилактикалық есепке алу мен бақылау осы Заңның 82-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Уәкілетті мемлекеттік органдар профилактикалық есепте тұрған адамға тиісінше бақылауды жүзеге асыру және оның тұрған жері туралы ақпарат алу үшін электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
Тармақ 13
13. Профилактикалық есепке алуды жүргізу уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 60
60-бап. Қорғау нұсқамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстап алуды не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүргізу үшін негіздер болмаған кезде жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық полиция органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі инспекторлар құқыққа қайшы іс-әрекеттерді жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасын шығарады, ол зорлық-зомбылық жасаған не зорлық-зомбылық жасау қатерін төндіретін адамға орындау үшін қолын қойғызып табыс етіледі. Қол қоюдан бас тартқан жағдайда, қорғау нұсқамасында бұл туралы жазба жасалады. Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайдағы құқықтық салдары түсіндіріліп, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолын қойғызып ұсынылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Қорғау нұсқамасы шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты шығарылады.
Тармақ 3
3. Қорғау нұсқамасында зорлық-зомбылық жасауға, отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, жәбірленушінің еркіне қарамастан оны іздестіруге, ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және онымен өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны және кімге қатысты шығарылғаны, зорлық-зомбылық жасалған немесе жасалу қатері төнген орын, уақыт және мән-жайлар, жәбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қайшы әрекеттер жалғасқан және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасау құқығы көрсетіледі. Қорғау нұсқамасының шығарылғаны туралы хабарлама (хабархат) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжайы бойынша мәтіндік хабармен не хабархаттың немесе шақырудың тіркеп-белгіленуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
Тармақ 5
5. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға табыс етілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды. Тексеру кезеңділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір рет болады.
Тармақ 6
6. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 7
7. Ішкі істер органдары қорғау нұсқамасы шығарылған адамды профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.
Бап 61
61-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу
Тармақ 1
1. Сот құқық бұзушының тағы құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу қылмыстық-құқықтық немесе әкімшілік-құқықтық әсер ету шарасы болып табылады және ол жаза тағайындаған кезде не қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылған кезде, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.
Тармақ 3
3. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу тәртібі, оның қолданылу мерзімі, шектеулердің тізбесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.
Тармақ 4
4. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 5
5. Ішкі істер органдары мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.
Бап 62
62-бап. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны немесе өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын қолдану
Тармақ 1
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адамның және басқа да адамдардың тағы қылмыстық құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында жаза қолданылады. Жазалау тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
Тармақ 2
2. Ішкі істер органдары қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза қолданылған адамды профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны немесе өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын қолдану тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде айқындалады.
Тармақ 4
4. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны орындау шарттарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 63
63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамды, егер сот түзелуі үшін оның тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет емес деп таныса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының негіздері бойынша сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға жазасының қалған өтелмеген бөлігі ішінде сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша пробациялық бақылау белгілейді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде адамға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген міндеттер де жүктеледі.
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдары бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды жазасының өтелмеген бөлігі мерзіміне профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады. Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адам жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жағдайда, пробациялық бақылау он жыл мерзімге белгіленеді.
Тармақ 4
4. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылауды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
Бап 64
64-бап. Әкімшілік қадағалау
Тармақ 1
1. Әкімшілік қадағалау қылмыстың қайталап жасалуының алдын алу нысаны болып табылады, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған, өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған шектеулер белгіленген адамдардың мінез-құлқын байқауды белгілеу түріндегі мәжбүрлеу шарасы ретінде ішкі істер органдары судьяның қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Әкімшілік қадағалау бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты:
Тармақша 1
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін – жазасын өтегеннен кейін үш жылға;
Тармақша 2
2) ауыр қылмыстар үшін – жазасын өтегеннен кейін алты жылға;
Тармақша 3
3) аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтегеннен кейін сегіз жылға белгіленеді.
Тармақ 3
3. Әкімшілік қадағалаудағы адам әкімшілік қадағалау қағидаларын немесе өзіне жарияланған шектеулерді бұзған, сол сияқты құқық бұзушылық жасаған жағдайларда, белгiленген әкiмшiлiк қадағалау мерзiмi iшкi iстер органдарының уәжді ұсынуы бойынша судьяның қаулысымен әрбiр кезде алты айға ұзартылады.
Тармақ 4
4. Әкімшілік қадағалауды белгілеу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) осы баптың 2-тармағында аталған адамдарға қатысты заңды күшіне енген сот үкімі;
Тармақша 2
2) осы баптың 3-тармағында аталған адамдарға қатысты ішкі істер органдарының материалдары негіз болып табылады.
Бап 65
65-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды белгiлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Әкімшілік қадағалау сот отырысында:
Тармақша 1
1) мекеме бастығының ұсынуы бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің орналасқан жері;
Тармақша 2
2) ішкі істер органы бастығының уәжді ұсынуы бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша белгіленеді. Сот қаулысы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің бастығына не әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) ішкі істер органының бастығына орындау үшін жіберіледі. Әкімшілік қадағалауды белгілеу, оның мерзімін ұзарту немесе шектеулерін өзгерту туралы сот қаулыларын әкімшілік қадағалаудағы адамға – ішкі істер органының бастығы, ал қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесіндегі адамға мекеме бастығы қолын қойғызып жариялайды. Бұл ретте әкімшілік қадағалаудағы адамға – оның мiндеттерi, әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзғаны үшiн жауаптылығы, ал қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесi мекемесiнен босатылар алдында әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамға таңдаған тұрғылықты жерiне белгiлі бір мерзiмде келмегенi үшiн жауаптылығы түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу туралы судьяның қаулысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен прокурордың өтінішхаты бойынша немесе тiкелей жоғары тұрған сот арқылы күшін жоюы немесе өзгертілуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Әкiмшiлiк қадағалау белгiленген адамдарға қатысты өмір сүру салтына, отбасындағы және тұрғылықты жерiндегi мінез-құлқына, әкімшілік қадағалаудағы адамның жеке басын сипаттайтын басқа да мән-жайларға қарай мынадай:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетуге;
Тармақша 2
2) ауданның (қаланың) ішкі істер органдары айқындаған жерлерінде болуға;
Тармақша 3
3) қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз аудан (қала) шегінен тыс жерлерге шығуға;
Тармақша 4
4) ата-аналарының не заңды өкілдерінің келісімінсіз кәмелетке толмағандарды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілмен қарым-қатынас жасауға;
Тармақша 5
5) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға тыйым салу түріндегі шектеулер толық көлемде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкін. Әкімшілік қадағалаудағы адамға арналған шектеулердің тізбесін судья ішкі істер органының уәжді ұсынуы бойынша оның өмір сүру салты мен мінез-құлқын ескере отырып, бірақ осы тармақта көзделген шектеулер шегінде қысқартуы немесе толықтыруы мүмкін.
Тармақ 3
3. Әкімшілік қадағалаудағы адам:
Тармақша 1
1) осы Заңда көзделген, өзіне қатысты белгіленген шектеулерді сақтауға;
Тармақша 2
2) шақыру бойынша ішкі істер органдарына көрсетілген мерзімде келуге, әкімшілік қадағалау қағидаларын орындауға байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге;
Тармақша 3
3) әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органының қызметкерлерін жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы, сондай-ақ қызметтік және жеке істері бойынша аудан (қала) шегінен тыс жерлерге шығуы туралы бір тәулік ішінде хабардар етуге;
Тармақша 4
4) ішкі істер органының рұқсатымен басқа елді мекенге шыққан және онда бір тәуліктен астам болған кезде өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруы үшін жергілікті ішкі істер органында тіркелуге;
Тармақша 5
5) әкімшілік қадағалау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге міндетті.
Тармақ 4
4. Әкімшілік қадағалаудағы адамның:
Тармақша 1
1) әкімшілік қадағалауды белгілеу және шектеулерді қолдану туралы істің материалдарымен сотта танысуға;
Тармақша 2
2) түсініктеме беруге, дәлелдемелер ұсынуға;
Тармақша 3
3) әкімшілік қадағалауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен жағымды мінездеме не тұрғылықты жері немесе еңбек қызметі бойынша жағымды мінездеме болған кезде), сондай-ақ өзіне қатысты белгіленген шектеулердің күшін жою не тұрақты тұрғылықты жерінен қысқа мерзімге шығу туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге;
Тармақша 4
4) әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулымен ішкі істер органында танысуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Әкімшілік қадағалаудағы адам әкімшілік қадағалау қағидаларын немесе өзіне қатысты белгіленген шектеулерді бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады.
Бап 66
66-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi
Тармақ 1
1. Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамды қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесi мекемесiнен босатар алдында мекеме әкiмшiлiгi адамның таңдаған тұрғылықты жерiндегі iшкi iстер органына сот қаулысын, оған мінездеме беретін материалдар мен оның келетін уақыты туралы хабарлама жiбередi. Әкімшілік қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның тұрған жерін және келмеу себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді. Әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрған жері анықталмаған кезде ішкі істер органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды, бұлтартпау шарасын таңдай отырып, оған іздестіру жариялайды.
Тармақ 2
2. Ішкі істер органдары әкімшілік қадағалау белгіленген адамды профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) әкімшілік қадағалау белгіленген адамды есепке қойғаннан кейін әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның жергілікті атқарушы органдарға келуін қамтамасыз етуге және әкімшілік қадағалауды белгілеу туралы сот қаулысының көшірмесін олардың мекенжайына жіберуге;
Тармақша 2
2) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша оның мінез-құлқын жүйелі түрде байқауға;
Тармақша 3
3) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның қоғамдық тәртіпті, адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүддесін бұзуының алдын алуға және жолын кесуге;
Тармақша 4
4) әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы белгіленген тәртіппен және жағдайларда жасауға және оны қарау үшін сотқа жіберуге міндетті.
Тармақ 4
4. Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің:
Тармақша 1
1) әкімшілік қадағалаудағы адамның мінез-құлқы туралы мәліметтерді оның жұмыс орны мен тұрғылықты жері бойынша меншік нысанына қарамастан ұйымның әкімшілігінен, сондай-ақ жеке тұлғалардан сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) әкімшілік қадағалаудағы адамды ішкі істер органдарына профилактикалық әңгімелесуге шақыруға, келісімдері болған кезде туыстарының қатысуымен профилактикалық әңгімелесу жүргізуге;
Тармақша 3
3) әкімшілік қадағалаудағы адамнан әкімшілік қадағалау қағидаларын орындауға байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер талап етуге;
Тармақша 4
4) әкімшілік қадағалаудағы адамның мінез-құлқын және белгіленген шектеулерді сақтауын байқау мақсатында тәуліктің кез келген уақытында оның тұрғынжайына баруға құқығы бар, бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен болмаса, қарап-тексеруге, тінту жүргізуге жол берілмейді;
Тармақша 5
5) әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрған жері туралы ақпарат алу үшін электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқығы бар. Электрондық бақылау құралдарын қолдану және әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру бойынша ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Әкiмшiлiк қадағалау осы Заңның 59-бабының 8-тармағында айқындалған негiздер бойынша тоқтатылады. Ішкі істер органының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері осы Заңның 59-бабы 8-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулы шығарады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді. Ішкi iстер органының бастығы осы Заңның 59-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда әкiмшiлiк қадағалауды мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы сотқа уәжді ұсыну жiбередi, ол он күндік мерзiмде қаралуға тиіс. Судьяның немесе iшкi iстер органының әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулысы адамға қолын қойғыза отырып хабарланады.
Бап 67
67-бап. Тәрбиелік тұрғыдан әсер ету шаралары
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмаған балаға қатысты тәрбиелік тұрғыдан әсер ету шаралары сот шешімі бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданылады.
Тармақ 2
2. Сот мынадай тәрбиелік тұрғыдан әсер ету шараларын тағайындауы мүмкін:
Тармақша 1
1) ескерту жасау;
Тармақша 2
2) заңды түсіндіру;
Тармақша 3
3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған баланың бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу;
Тармақша 5
5) ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
Тармақша 6
6) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру;
Тармақша 7
7) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу;
Тармақша 8
8) пробациялық бақылауды белгілеу.
Бап 68
68-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала асырап алудың күшін жою, қорғаншылар мен қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу
Тармақ 1
1. Ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала асырап алудың күшін жою, қорғаншылар және қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу баланың қауіпсіздігі мен саламаттылығын қамтамасыз етуге, оның мүддесі мен денсаулығына зиянды болғызбауға, оның үйлесімді дамуы үшін жағдай жасауға бағытталады.
Тармақ 2
2. Ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала асырап алудың күшін жою, қорғаншылар мен қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу тәртібі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінде айқындалады.
Бап 69
69-бап. Психологиялық көмек көрсету
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарға, сондай-ақ жәбірленушілерге психологиялық көмек адамға психологиялық проблемалардың алдын алу, шешу, өзін-өзі бақылау мен эмоциясын басқаруды дамыту, өмірдегі қиын, дағдарыстық жағдайлар мен олардың салдарын еңсеру кезінде жәрдемдесуге бағытталған және психикалық әрі соматикалық денсаулығын қолдауға, психикалық дамуын оңтайландыруға, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру тұрғысынан бейімделуге және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Тармақ 2
2. Психологиялық көмек көрсету адамның психологиялық жай-күйін бағалауды, эмоциялық қолдау көрсетуді, нақты психологиялық проблемаларды шешуге немесе тұлғалық өсуге қол жеткізуге бағытталған жеке немесе топтық терапиялық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды қамтиды. Сот Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен психологиялық көмектен өтуді тағайындаған адамдар:
Тармақша 1
1) барлық курстарға баруға;
Тармақша 2
2) құпиялылық шараларын сақтауға және курстарға басқа да қатысушылардың құқықтарын құрметтеуге;
Тармақша 3
3) әдеп стандарттары мен мінез-құлық қағидаларын, курстарды ұйымдастырушылар белгілеген талаптар мен ұсынымдарды сақтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар:
Тармақша 1
1) жәбірленушілерді және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қажетті психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, осы адамдарды медициналық көмек көрсету және одан әрі оңалту үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық жасаған адамдармен ерікті психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;
Тармақша 4
4) зорлық-зомбылық фактілері немесе оларды жасау қатері туралы ішкі істер органдарына хабар береді;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; Осы бапта көзделген көмек тұратын жеріне қарамастан көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар құрады.
Тармақ 5
5. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ШАРАЛАР
6-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ШАРАЛАР
Бап 70
70-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі арнаулы шаралар
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі арнаулы шаралар құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің профилактикасына, осы құқық бұзушылық түрлерін жасау себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған.
Тармақ 2
2. Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, адам мен азаматтың жеке басының, қоғам мен мемлекеттің мүддесіне қол сұғатын сын-тегеуріндер мен қатерлердің туындауы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі арнаулы шараларды қолдануға негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Мыналар құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі арнаулы шаралар болып табылады:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ғылыми және әлеуметтанушылық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шаралар;
Тармақша 4
4) халықтың белгілі бір әлеуметтік тобы арасында қоғамға жат мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің оң тәжірибесін қорыту және тарату;
Тармақша 6
6) профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
Бап 71
71-бап. Құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шаралар Мыналар құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шаралар болып табылады:
Тармақша 1
1) тұлғаның жеке, гендерлік және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге қатысты профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 2
2) халықты, оның ішінде құқық бұзушылықтан жәбір көргендерді тұлғааралық жанжалдарды шешу тәсілдеріне оқыту;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтан жәбір көргендерді анықтау және қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құру;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылықтан жәбір көргендердің тәндік және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзін-өзі қорғау тәсілдері мен құралдары туралы хабар беруге бағытталған арнаулы кешенді шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) қоғамға жат мінез-құлық салыстырмалы түрде жиі байқалатын немесе құқық бұзушылық жасалатын орындарды (аумақтарды) жүйелі түрде бақылау;
Тармақша 7
7) шабуыл жасалған жағдайда қорғану шаралары туралы мәліметтерді тарату арқылы халықты құқықтық тәрбиелеу және үйрету;
Тармақша 8
8) қоғамға жат мінез-кұлық, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған құқық бұзушылық туралы ақпарат алу мақсатында құқық бұзушылық профилактикасын тікелей жүзеге асыратын орган немесе мекеме жанынан сенім телефондарын, «қауырт желілерді», құтқару қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) профилактикалық бағдарламалар мен іс-шаралардың жобаларын жалпыға ортақ талқылауды ұйымдастыру, оларды жүргізу кезіндегі проблемалар мен кемшіліктерді анықтау және жою мақсатында веб-сайттар, блогтар, чаттар ұйымдастыру, интернет желісінде роликтерді тарату;
Тармақша 10
10) виктимизация ауқымдары мен факторларын, мемлекеттік органдар мен құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерінің құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге қызметтер көрсету сапасын анықтауға бағытталған виктимологиялық зерттеулер жүргізу және виктимологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерінің қызметін жетілдіру;
Тармақша 11
11) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасының заманауи әдістері туралы әдебиетті тарату;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қабылдау.
Бап 72
72-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық қысым жасау, сексуалдық зорлық-зомбылық және (немесе) экономикалық қысым жасау түрінде болуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау мақсатында мобильді топтар құрады. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдар (отбасылар) туралы мәліметтер отбасын қолдау орталықтарына жіберіледі, онда оларға әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдем беріледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер немесе психологиялық көмек алуына, оның ішінде олардың бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұруына мүмкіндік беріледі.
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдары:
Тармақша 1
1) азаматтардың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы әрбір хабары, өтініші бойынша жедел ден қоюдың құқықтық шараларын қабылдайды;
Тармақша 2
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы бір тәулік ішінде құқық бұзушылық профилактикасының мүдделі субъектілерін хабардар етеді;
Тармақша 3
3) жәбірленуші құқық бұзушымен ортақ тұрғынжайдан жеке гигиена заттарын, маусымдық киімдері мен жеке басын куәландыратын құжаттарын алып шыққан кезде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың виктимологиялық профилактикасы мақсатында өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлейді. Жарты жылда бір рет құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтаудың және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастырудың тиімділігіне баға беріледі. Қарау нәтижелері бойынша өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарына тиісті өзгерістер енгізіледі. Проблемалық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына шығару үшін жұмыс органына ақпарат жіберіледі.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірге мансап орталығы жасаған жұмыспен қамтуға және (немесе) әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу бойынша өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамға (отбасыға) жеке көмек жоспарының іс-шараларын орындайды.
Тармақ 6
6. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарға психологиялық көмек бойынша жәрдем көрсетеді.
Тармақ 7
7. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігіне баға беріледі.
Тармақ 8
8. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды үйлестіру мемлекеттік отбасылық саясат саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.
Тармақ 9
9. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асыруға құқылы.
Бап 73
73-бап. Қылмыстың қайталап жасалуы профилактикасының ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Қылмыстың қайталап жасалуының профилактикасы мақсатында ішкі істер органдары мынадай арнаулы іс-шараларды жүргізеді:
Тармақша 1
1) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдар арасында құқық бұзушылық жасау себептері мен жағдайларын анықтау, жою;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабында көзделген алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар адамдарды профилактикалық есепке алу және бақылау;
Тармақша 3
3) қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын белгілеу;
Тармақша 4
4) әкімшілік қадағалауды белгілеу;
Тармақша 5
5) пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) электрондық бақылау құралдарын қолдану;
Тармақша 7
7) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметтік оңалтуға және әлеуметтік бейімдеуге даярлау;
Тармақша 8
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарға криминалдық субмәдениеттің ықпалына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 9
9) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін жазасын өтеген адамдарды өмір бойы есепке алу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Қылмыстың қайталап жасалуының профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру ішкі істер органдарына жүктеледі.
Бап 74
74-бап. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өз құзыреті шегінде мынадай арнаулы іс-шараларды жүргізеді:
Тармақша 1
1) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланысты психикасы, мінез-құлқы бұзылған (ауыратын) адамдарды анықтау, есепке қою және оңалту;
Тармақша 2
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану;
Тармақша 3
3) динамикалық есепте тұрған адамға денсаулық сақтау ұйымдарында одан әрі профилактикалық байқау үшін медициналық зерттеп-қараудан өту қажеттігі туралы ресми алдын ала ескерту шығару;
Тармақша 4
4) есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз сақтаудың, олардың айналымының, оларды тасудың, өткізу мен пайдаланудың, оларды тұтынудың, сондай-ақ алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру мен өткізудің алдын алу;
Тармақша 5
5) психикаға белсенді әсер ететін заттардың әсерімен, масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, себептері мен жағдайларын анықтау және жою;
Тармақша 6
6) жергілікті атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат берген сауда ұйымдары мен көпшілікті тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішетін немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдағы адамгершілік нормаларын қорлайтындай масаң күйде болатын адамдарды анықтау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарының бұзылуын анықтау;
Тармақша 8
8) құқық бұзушының не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігіне баға беріледі.
Тармақ 3
3. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру ішкі істер органдарына жүктеледі.
Бап 75
75-бап. Қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Қоғамдық орындарға:
Тармақша 1
1) білім беру және демалу ұйымдары;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау ұйымдары;
Тармақша 3
3) көпшілікті тамақтандыру пункттері;
Тармақша 4
4) кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт, тамашалау және көрме залдары, спорт ареналары және жалпы көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық құрылысжайлар, оның ішінде түнгі клубтар мен дискотекалар;
Тармақша 5
5) музейлер, кітапханалар мен лекторийлер;
Тармақша 6
6) жергілікті және алыс қатынастағы пойыздар, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелері, қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердің және қалалық электр көлігінің салондары;
Тармақша 7
7) әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттары, теміржол вокзалдарының перрондары және метрополитендер;
Тармақша 8
8) рұқсаттамалық режимді пайдаланбайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үй-жайлары;
Тармақша 9
9) бұзақылық жасалған жағдайларда еңбек ұжымдары жұмыс істеу үшін пайдаланатын рұқсаттамалық режимі бар объектілердегі жұмыс орындары болып табылатын үй-жайлар;
Тармақша 10
10) үйлердің кіреберістері;
Тармақша 11
11) осы баптың 2-тармағында көзделген өзге де орындар жатады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық орындар:
Тармақша 1
1) тұрақты (кез келген уақытта кіруге болатын орындар: көшелер, тұйық көшелер, скверлер, бульварлар, жағалаулар, алаңдар, вокзалдар, аулалар (жеке үйлердің аулаларын қоспағанда);
Тармақша 2
2) мерзімді (белгілі бір сағаттарда халыққа қызмет көрсетуге және халықтың демалуына арналған үй-жайлар: базарлар, білім беру және емдеу-сауықтыру мекемелері, демалыс аймақтары, мәдени мекемелер, ойын-сауық, спорт мекемелері, қоғамдық көлік, сауда кәсіпорындары, жолаушылар вагондары, көпшілікке арналған дәретханалар) болып бөлінеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін орындау үшін, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайлары кезінде, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдар үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, қоғамдық орындарда адамның бет келбетін тануға кедергі келтіретін киім-кешек заттарын киюге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы мақсатында мынадай арнаулы іс-шаралар жүргізіледі:
Тармақша 1
1) бейнебақылау камераларын орнату;
Тармақша 2
2) ішкі істер немесе күзет органдарының қатысуын ұлғайту;
Тармақша 3
3) қоғамдық патрульдерді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) жұртшылықты хабардар ету жөнінде профилактикалық әңгімелесулер мен науқандар жүргізу;
Тармақша 5
5) қоғамға жат мінез-құлық салыстырмалы түрде жиі байқалатын немесе құқық бұзушылық жасалатын орындарды (аумақтарды) жүйелі түрде бақылау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 5
5. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігіне баға беріледі.
Тармақ 6
6. Қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды үйлестіру ішкі істер органдарына жүктеледі.
Бап 76
76-бап. Экономикалық құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Экономикалық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін ведомствоішілік қауіп-қатерді мониторингтеу:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құқықтық және өзге де актілеріндегі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі ведомствоішілік қауіп-қатерді анықтауды қамтиды.
Тармақ 2
2. Экономикалық тергеп-тексеру қызметі ведомствоішілік қауіп-қатерге мониторинг жүргізуге арнаулы білімі бар мамандарды немесе сарапшыларды тартуға құқылы. Экономикалық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін ведомствоішілік қауіп-қатерге мониторинг жүргізу тәртібі қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
Тармақ 3
3. Экономикалық тергеп-тексеру қызметі ведомствоішілік қауіп-қатерді мониторингтеудің нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ұсынымдар енгізеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен ведомствоішілік қауіп-қатерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 5
5. Профилактикалық есепке алу экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жеке және виктимологиялық шараларды қабылдау үшін пайдаланылады.
Тармақ 6
6. Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тiзiлiмiне енгiзу тәртiбi қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде бекiтiледi. Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізілімі профилактика жасау және экономикалық құқық бұзушылық саласында орын алған тәуекелдер мен қатерлер туралы қоғам мен кәсіпкерлік субъектілеріне хабар беру үшін пайдаланылады.
Бап 77
77-бап. Балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері Мыналар балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі арнаулы шаралар болып табылады:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас, жәбірлеу (буллинг) мәселелерін зерделеу және осындай мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3)  кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың профилактикасы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің оң жұмыс тәжірибесін қорыту және тарату, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тармақша 5
5) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмаған баланы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-анасына немесе заңды өкілдеріне беру.
Бап 78
78-бап. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдары педагогикалық сүйемелдеу шеңберінде баса назар аударуды талап ететін білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Мынадай кәмелетке толмағандар педагогикалық сүйемелдеуге жатады:
Тармақша 1
1) оқу пәндері бойынша үлгермейтіндер;
Тармақша 2
2) қадағалаусыз, панасыз қалғандар, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен айналысатындар;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымының жарғысын және (немесе) ішкі тәртіптеме қағидаларын өрескел немесе бірнеше рет бұзғандар;
Тармақша 4
4) дәлелді себепсіз сабаққа бір ай ішінде төрт және одан да көп күн үнемі бармайтындар;
Тармақша 5
5) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар;
Тармақша 6
6) алкогольдік, энергетикалық сусындарды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), темекі бұйымдарын тұтынатындар;
Тармақша 7
7) ойынқұмарлықтан (лудоманиядан) зардап шегетіндер;
Тармақша 8
8) жүктілер;
Тармақша 9
9) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшырағандар немесе зорлық-зомбылықтың куәсі болғандар;
Тармақша 10
10) зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас жасағандар, жәбірлегендер (буллинг жасағандар);
Тармақша 11
11) арнаулы білім беру ұйымдарын бітіргендер;
Тармақша 12
12) қоғамға жат мінез-құлық жасағандар.
Тармақ 3
3. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеуді тағайындау мәселесі білім беру ұйымының профилактика кеңесінің отырысында кәмелетке толмаған баланың және оның заңды өкілдерінің қатысуымен қаралады.
Тармақ 4
4. Заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы педагогикалық сүйемелдеуден бас тартқан жағдайда, білім беру ұйымы мәліметтерді кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға одан әрі қарау үшін береді.
Бап 79
79-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жанынан, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық, қалалық комиссиялар – қалада, аудандық комиссия тиісті жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) жанынан құрылады.
Тармақ 3
3. Қажет болған кезде комиссия аудан орталығынан едәуір алшақ орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жанынан құрылуы мүмкін. Кенттік, ауылдық комиссиялар мен ауылдық округ комиссиясын құру туралы шешімді қалалық, аудандық әкімдік қабылдайды, ал дербес құрамын тиісті қаланың, ауданның мәслихаты бекітеді.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелері мен хатшыдан тұратын құрамда құрылады. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі басқаратын кенттік, ауылдық комиссиялар мен ауылдық округ комиссиясын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің орынбасары комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы тиісті мемлекеттік органның аппаратында штаттық лауазымды атқарады. Хатшыға өзге де функционалдық міндеттерді жүктеуге тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттар депутаттары, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, отбасын қолдау орталықтарының өкілдері, Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдері, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдері, психологтар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдар кіреді.
Тармақ 6
6. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылық пен қоғамға жат мінез-құлқына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың профилактикасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларына бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас, жәбірлеу (буллинг) мәселелерін зерделейді;
Тармақша 5
5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісін дамытуға жәрдем көрсетеді және олардың қызметін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін қорытады және таратады, оларға әдістемелік және ұйымдастырушылық-практикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдайды және жетекшілік ететін мәселелер бойынша олардың арасында өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастырудағы және тұрмыстық жағдайын жасаудағы мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға ұшыраған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды;
Тармақша 10
10) отбасын қолдау орталықтарымен бірлесіп, өмірде қиын жағдайға ұшыраған кәмелетке толмағандарға қатысты шаралар қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
Бап 80
80-бап. Арнаулы білім беру ұйымдары
Тармақ 1
1. Арнаулы білім беру ұйымдары оқыту-тәрбиелеу мекемелері болып табылады және әкімшілік ықпал ету шараларына алып келетін құқық бұзушылықты үнемі жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алудан қасақана жалтарып жүрген, отбасынан, білім беру ұйымдарынан үнемі өз бетінше кетіп қалатын, өзге де қоғамға жат мінез-құлық жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтік оңалту мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберудің орындылығы туралы шешімді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өтініші бойынша сот не ішкі істер органы қабылдайды. Алкогольді ішімдіктерді, есірткі заттары мен психотроптық заттарды, сол тектестерді шамадан тыс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде оларға психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылуынан (ауыруынан) емделуден өтуді тағайындаудың орындылығы міндетті түрде зерделенеді.
Тармақ 3
3. Кәмелетке толмаған бала алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған баланың арнаулы білім беру ұйымында болуы, егер арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін енді осы шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынуы негізінде сот тәртібімен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында болуының сот айқындаған мерзімін осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот мынадай:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған баланың өтінішхаты негізінде кәмелетке толмаған баланың жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлықты аяқтауы қажет болған;
Тармақша 2
2) әкiмшiлiк ықпал ету шараларына алып келетін құқық бұзушылықты үнемі жасаған, орта бiлiм алудан қасақана жалтарған, арнаулы бiлiм беру ұйымынан өз бетінше кетіп қалған, өзге де қоғамға жат мінез-құлық жасаған жағдайларда ғана ұзартуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Арнаулы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушісі қылмыс белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайда, қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін ол ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.
Тармақ 8
8. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды осы баптың 2-тармағында аталған кәмелетке толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалады.
Тармақ 10
10. Арнаулы білім беру ұйымдарының әкімшілігі:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарды күтіп-бағудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етедi, бұған көрсетілген мекеменiң аумағын күзету, тәрбиеленушiлердiң жеке қауiпсiздiгi және олардың терiс әсерден барынша қорғалуы, көрсетілген мекеменiң аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн және одан тәрбиеленушiлердiң өз бетінше кетіп қалуын шектеу, кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы қабылдау, кәмелетке толмағандарды, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген уақытта байқау және бақылау, кәмелетке толмағандарды, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын жеке қарап-тексеруді жүргізу кіреді;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған баланың арнаулы білім беру ұйымында орта білім алуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) көрсетілген мекеменің орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз бетінше кетіп қалу фактілері туралы хабар береді және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерi бойынша кәмелетке толмағандардың iстері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияға мекемеде болу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемінде бiр ай бұрын оның көрсетілген мекемеден шығуы туралы хабархатты, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi және онымен алдағы уақытта құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды жүргiзу және оның жұмысқа орналасуы мен тұрмыстық жағдайын жасауға жердемдесу қажеттiгi туралы ұсынымдарды жiбередi.
Тармақ 11
11. Кәмелетке толмаған бала тұрғылықты жері бойынша келгеннен кейін жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына оңалту жоспарын жасай отырып, оны алдағы уақытта одан әрі оқыту, жұмыспен қамту мәселесін шығаруға міндетті.
Тармақ 12
12. Арнаулы білім беру ұйымдарында ұстау мен оқытуға кедергi келтіретін аурулары бар кәмелетке толмағандарды көрсетілген ұйымдарға орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 13
13. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарын құру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды ұстау жағдайлары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен осы ұйымдар туралы ережеде де айқындалады.
Тармақ 14
14. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қабылдайды.
Бап 81
81-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы
Тармақ 1
1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы оқыту-тәрбиелеу мекемесі болып табылады және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететiн және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететiн:
Тармақша 1
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына не татуласуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған;
Тармақша 2
2) егер олар ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатса, он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар орналастырылады.
Тармақ 3
3. Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберудің орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынуы бойынша сот қабылдайды. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы ұсынуды ішкі істер органдары аталған кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді. Айрықша жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органдарының немесе прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдар сотқа жіберер алдында кәмелетке толмаған балаға және оның заңды өкілдеріне танысу үшін ұсынылады. Мүдделі адамдар көрсетілген материалдармен танысқандығы туралы ұсынылған материалда тиісті жазба жасайды.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында ұстауға:
Тармақша 1
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот шешімі;
Тармақша 2
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот үкімі негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуы, егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін енді осы шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мекеме әкімшілігінің, ішкі істер органдарының ұсынуы негізінде сот тәртібімен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуының сот айқындаған мерзімі осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен мынадай:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған баланың келісімімен не оның өтінішхаты бойынша кәмелетке толмаған баланың жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлауды аяқтауы қажет болған;
Тармақша 2
2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайларда ғана ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалады. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарды жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде айқындалады.
Тармақ 11
11. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының әкімшілігі:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарды ұстаудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етеді, бұған ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзету, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігі және олардың теріс әсерден барынша қорғалуы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз бетінше кетіп қалуын шектеу, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта байқау және бақылау, кәмелетке толмағандарды, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын жеке қарап-тексеруді жүргізу кіреді;
Тармақша 2
2) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз бетінше кетіп қалуы фактілері туралы хабар береді және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында орта білім алуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, ішкі істер органдарына ұйымда болу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын оның ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан шығуы туралы хабархатты, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мінездемені және онымен алдағы уақытта жеке профилактикалық жұмыс жүргізу және оның жұмысқа орналасуы мен тұрмыстық жағдайын жасауға жәрдемдесу қажеттігі туралы ұсынымдарды жібереді.
Тармақ 12
12. Кәмелетке толмаған бала тұрғылықты жері бойынша келгеннен кейін жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына оңалту жоспарын жасай отырып, оны алдағы уақытта одан әрі оқыту, жұмыспен қамту мәселесін шығаруға міндетті.
Тармақ 13
13. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында ұстау мен оқытуға кедергі келтіретін аурулары бар кәмелетке толмағандарды көрсетілген ұйымдарға орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 14
14. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, олардың қызметін ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды ұстау жағдайлары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен осы ұйымдар туралы ережеде айқындалады.
Тармақ 15
15. Жергілікті атқарушы органдар ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қабылдайды.
Бап 82
82-бап. Профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарға құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қолдану ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Профилактикалық есепте тұратын кәмелетке толмағандарға қолданылатын құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралар оларды әлеуметтік оңалтуға, мінез-құлқын түзетуге және қайталап құқық бұзушылық жасауды болғызбауға бағытталған.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралар мынадай:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік интеграциялауға, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға және кәсіптік бағдарлануына бағытталған әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі бағдарламаларға қатысу;
Тармақша 2
2) мінез-құлықты түзету, жанжалдың жағдайларды еңсеру және эмоцияларды басқару дағдыларын дамыту үшін психологиялық қолдау, консультациялар, психологпен жеке немесе топтық сабақтар;
Тармақша 3
3) білім беру қызметіне тарту – білімі мен құзыретінің деңгейін арттыру үшін білімге, кәсіптік оқытуға немесе қосымша білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қоғамға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және еңбек дағдыларын дамытуға ықпал ету үшін қоғамға пайдалы қызметке қатысуға тарту;
Тармақша 5
5) тәлімгерлік жүйені қолдану – кәмелетке толмаған балаға қолдау көрсететін және әлеуметтік бейімделуіне көмектесіп, сүйемелдейтін ересек тәлімгерді тағайындау;
Тармақша 6
6) қолайсыз ортамен байланысты шектеу – кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тартатын адамдармен олардың қарым-қатынасын шектеуге бағытталған шараларды қолдану;
Тармақша 7
7) тәуелділік профилактикасы жөніндегі бағдарламалар – психикаға белсенді әсер ететін заттарды, алкоголь мен темекі өнімдерін тұтынуын болғызбауға бағытталған бағдарламаларға қатысу;
Тармақша 8
8) отбасылық консультация беру және қолдау – отбасы ішіндегі қарым-қатынасты жақсарту және тәрбиеге қолайлы орта жасау мақсатында кәмелетке толмаған баланың отбасымен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды ескеруге тиіс. Көрсетілген шаралар кәмелетке толмаған баланың жеке ерекшеліктерін, ол жасаған іс-әрекеттің сипаты мен мән-жайларын ескере отырып, сондай-ақ қайталап құқық бұзушылық жасау қауіп-қатерін барынша азайту мақсатында қолданылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмаған балаға қатысты судья ішкі істер органының уәжді ұсынуы бойынша өмір сүру салтына, отбасындағы және тұрғылықты жеріндегі мінез-құлқына, оның жеке басын сипаттайтын басқа да мән-жайларға қарай мынадай:
Тармақша 1
1) ауданның (қаланың) ішкі істер органдары айқындаған жерлерінде болуға;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз аудан (қала) шегінен тыс жерлерге шығуға;
Тармақша 3
3) өзіне теріс әсер ететін адамдармен байланысқа түсуге;
Тармақша 4
4) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын, психотроптық заттарды тұтынуға шектеулерді толық көлемде немесе жеке-жеке белгілеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған балаға арналған шектеулер тiзбесiн судья ішкi iстер органының уәжді ұсынуы бойынша оның өмір сүру салты мен мiнез-құлқын ескере отырып қысқартуы немесе толықтыруы мүмкін.
Бөлім 3. 3-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 83
83-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 2
2. Жеке өмірі, жеке басының құпиясы мен отбасылық құпия туралы мәліметтер жария етуге жатпайды. Адамның жеке басының құпиясын немесе отбасылық құпияны құрайтын жеке өмiрi туралы мәлiметтердi жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 84
84-бап. Құқық бұзушылық профилактикасын тікелей жүзеге асыратын және оған қатысатын органдар мен мекемелердің қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасын тікелей жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекет қызметі құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік емес, коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері арқылы қолдайды.
Бап 85
85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін «цифрлық жүйелерін», «цифрлық жүйелер», «цифрлық технологиялар», «Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның», «Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган», «цифрлық және геоақпараттық жүйелерді» деген сөздер тиісінше «ақпараттық жүйелерін», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық технологиялар», «Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның», «Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган», «ақпараттық және геоақпараттық жүйелерді» деген сөздер болып есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап:
Тармақша 1
1) «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;
Тармақша 2
2) «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;
Тармақша 3
3) «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;
Тармақша 4
4) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының;
Тармақша 5
5) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.