Об утверждении перечня систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27 - бабы 2 - тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 339 «Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 213889 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Облысы әкімдігінің 2025 жылғы ____ _______________ № _______ қаулысына қосымша Ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі № Аудандар, қалалар бойынша объектілердің атауы Қаратал ауданы 1 «Қаратал таза су» су шаруашылығы ұйымы (Көпбірлік ауылы) 2 «Қаратал таза су» су шаруашылығы ұйымы (Қарақұм ауылы)