Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Алатау Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алатау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы ​ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 - бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алатау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3.​ Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Алатау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «____» ___________ № _____ қаулысына қосымша Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:
Тармақша 1
1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;
Тармақша 2
2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар. Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді. Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.
Тармақ 3
3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
Тармақ 4
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
Тармақ 5
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
Тармақ 7
7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
Тармақша 1
1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;
Тармақша 2
2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.
Тармақ 8
8. Халықтан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау үшін тұрғын халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлінеді: тұрғындарының саны 300 мың адамға дейінгі елді мекендерде учаскелер абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады; халқының саны 300-ден 500 мың адамға дейінгі елді мекендерде – 1 %; тұрғындарының саны 500 мың адамнан асатын елді мекендерде – 0,5% (оның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).
Тармақ 9
9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
Тармақ 10
10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
Тармақ 11
11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.
Тармақ 12
12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.
Тармақ 13
13. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.
Тармақ 14
14. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.
Тармақ 15
15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізеді.
Тармақ 16
16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына деректерді (масса, көлем) енгізеді.
Тармақ 17
17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.
Тармақ 18
18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады. Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:
Тармақша 1
1) күн сайын әкету кезінде – өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;
Тармақша 2
2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.
Тармақ 19
19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.
Тармақ 20
20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
Тармақ 21
21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3): V конт = h*S мұндағы һ - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м; S – контейнер түбінің алаңы, м2;
Тармақша 2
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса: Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3... мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mконт=m3- mп мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг; mп– қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
Тармақша 4
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mтәу=mконт1+mконт2+mконт3... мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 5
5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз). Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша. Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі: Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7 мұндағы Vтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
Тармақша 6
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mмаус=mтәу1+ mтәу2+...+ mтәу7 мұндағы mтәу1 mтәу2 – белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
Тармақша 7
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vтм, м3): Vтм = Vмаус/(nxa) массасы бойынша (mтм, кг): mтм = mмаус/(nxa) мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны; а – есептік бірліктің саны.
Тармақша 8
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vтом, м3): Vтом= (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n массасы бойынша (mтом, кг): mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста – "қ", көктемде – "к", жазда – "ж", күзде "кү" – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді; n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
Тармақша 9
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vж, м3): Vж= Vтожх nк массасы бойынша (mж, кг): mж= mтожX nк мұндағы nк – жылдағы күннің саны.
Тармақ 22
22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
Тармақша 1
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі: qcp = m/V, мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
Тармақша 2
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша: Кбе = Vом/Vж массасы бойынша: Кбе = mом/mж
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша: Кмбе= Vmax.тәу./Voм мұндағы Vmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3 массасы бойынша: kсн= mmaxтәу./moм мұндағы mmax.тәу.– маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.
Тармақ 23
23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Басқа 49
Алатау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 1-қосымша Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері № Ком­му­нал­дық қал­дық­тар жи­нақ­та­ла­тын объ­ек­ті­лер Есеп­тік бір­лік 1 Жай­лы және жай­лы емес үй­лер 1 тұр­ғын 2 Жа­тақ­ха­на­лар, ин­тер­нат­тар, ба­ла­лар үй­ле­рі, қарт­тар үй­ле­рі және сол си­яқ­ты­лар 1 орын 3 Қо­нақ үй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі 1 орын 4 Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай және бас­қа да мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер 1 орын 5 Ме­ке­ме­лер, ұй­ым­дар, офи­стер, кең­се­лер, банк­тер, бай­ла­ныс бө­лім­ше­ле­рі 1 қыз­мет­кер 6 Ем­ха­на­лар, ме­ди­ци­на­лық ор­та­лық­тар 1 ке­ліп ке­ту 7 Ау­ру­ха­на­лар, өзге де ем­деу-са­уық­ты­ру ме­ке­ме­ле­рі 1 тө­сек-орын 8 Мек­теп­тер және өзге де оқу орын­да­ры 1 оқу­шы 9 Мей­рам­ха­на­лар, дәм­ха­на­лар, бас­қа­да кө­ніл кө­те­ре­тін ғи­ма­рат­тар және қо­ғам­дық та­мақ­та­ну ме­ке­ме­ле­рі 1 оты­ра­тын орын 10 Те­атр­лар, ки­но­те­атр­лар, кон­церт зал­да­ры, түн­гі клуб­тар, ой­ы­н­ха­на­лар, ой­ын ав­то­мат­та­ры­ның за­лы, ин­тер­нет-ка­фе­лер, ком­пью­тер­лік клуб­тар 1 оты­ра­тын орын 11 Мұ­ра­жай­лар, көр­ме­лер Жал­пы ала­ңы 1м2 12 Ста­ди­он­дар, спорт алаң­да­ры Жо­ба бой­ын­ша 1 орын 13 Спорт, би және ой­ын зал­да­ры Жал­пы ала­ңы 1 м2 14 Азық-тү­лік, өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар дү­кен­де­рі, су­пер­мар­кет­тер Са­уда ала­ңы 1 м2 15 Ма­ши­на­лар­дан са­ту Са­уда ор­ны­ның 1 м2 16 Ба­зар­лар, са­уда па­ви­льон­да­ры, дүң­гір­шек­тер, сө­ре­лер Са­уда ала­ңы 1 м2 17 Өнер­к­ә­сіп­тік, азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның кө­тер­ме ба­за­ла­ры, қой­ма­ла­ры Жал­пы ала­ңы 1 м2 18 Тұр­мыстық қыз­мет кор­се­ту үйі: ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту Жал­пы ала­ңы 1 м2 19 Вок­зал­дар, ав­то­вок­зал­дар, әу­е­жай­лар Жал­пы ала­ңы 1 м2 20 Жа­ға­жай­лар, жол­дар­дан кө­ше сме­та­ла­ры Жал­пы ала­ңы 1 м2 21 Дә­рі­ха­на­лар Са­уда ала­ңы 1 м2 22 Ав­то­тұ­рақ­тар, ав­то­мо­биль­ді жуу орын­да­ры, АЖС 1 ма­ши­на-орын 23 Ав­то­мо­биль ше­бер­ха­на­ла­ры 1 жұ­мыс­шы 24 Га­раж ко­опе­ра­тив­те­рі, га­раж­дар, пар­кинг­тер 1 га­раж­ға 25 Ша­шта­раз­дар, кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар 1 жұ­мыс ор­ны 26 Кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу орын­да­ры, тігін ате­лье­сі Жал­пы ала­ңы 1 м2 27 Зер­гер­лік, аяқ ки­ім­ді, са­ғат­тар­ды жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры Жал­пы ала­ңы 1 м2 28 Кі­ші­гі­рім жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры (кі­лт­тер жа­сау және сол си­яқ­ты­лар.) 1 жұ­мыс ор­ны 29 Мон­ша­лар, сау­на­лар Жал­пы ала­ңы 1 м2 30 Қа­ла ау­ма­ғын­да жап­пай іс-ша­ра­лар ұй­ым­да­сты­ра­тын заң­ды, са­ябақ қал­дық­та­ры 1000 қа­ты­су­шы 31 Бау-бақ­ша ко­опе­ра­тив­те­рі 1 учас­ке
Басқа 50
Алатау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 2-қосымша Нысан Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________________ 1. Мекенжайы _____________________________________________________ 2. Қабаттылығы ___________________________________________________ 3. Үйдің нөмірі ____________________________________________________ 4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ______________________________ 5. Жайлылық деңгейі: ______________________________________________ а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ______________________________ б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) _____________________ в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ __________ г) қоқыс құбырының болуы _________________________________________ д) аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________ жасыл екпелер бар _________________________________________________ жабыны қатты ____________________________________________________ оның ішінде жаяусоқпақтар _________________________________________ 6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы _____________ 7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_________________________________ 8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) _______________________________________________ 9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі _______________________________ 10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі______________________________ 11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) ______________________________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы Нысан Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________________ 1. Объектінің атауы ________________________________________________ 2. Мекенжайы _____________________________________________________ 3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ___________________________________________________________ 4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) ______________ 5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _______________________________________ ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _________________________ қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________ 6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _________________________ 7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ______________________________________ сауда алаңы ______________________________________________________ қоймалық және қосалқы алаң ________________________________________ 8. Аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________ жасыл екпелер бар _________________________________________________ жабын қатты ______________________________________________________ 9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы _____________ 10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі __________________________________ 11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ____________________________________ 12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ____________________________ 13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_____________________________ 14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Басқа 51
Алатау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 3-қосымша Формасы Бастапқы жазба бланкісі ______________________ (күні) объектісі бойынша _________________________________________________ (атауы, мекенжайы) Кон­тей­нер­дің р/с № Жи­нал­ған қал­дық­тар қа­ба­ты­ның би­ік­ті­гі, һ, м Кон­тей­нер негі­зі­нің ала­ңы, S, м2 Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың кө­ле­мі, V, h*S, м3 Қал­дық­тар ти­ел­ген кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), m3, кг Бос кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), mп, кг Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың мас­са­сы, mконт, m3 - mп 1 2 ... Тәу­лік ішін­де­гі жиы­ны Vт­әу Мт­әу
Басқа 52
Алатау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 4-қосымша Нысан Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі 20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейін Жайлылық типі ___________________________________________ Ап­та­ның күн­де­рі Объ­ек­ті­нің ата­уы Объ­ек­ті­нің қыз­мет тү­рі Есеп­тік бір­лік­тің са­ны Жи­нақ­тал­ған ком­му­нал­дық қал­дық­тар­дың кө­ле­мі/мас­са­сы Ор­та­ша тығ­ы­зды­ғы, кг/м3 Бар­лы­ғы қай­та­ла­ма ши­кі­зат ірік­теп алын­ды (бө­лек жи­на­ған кез­де) жал­пы 1 есеп­тік бір­лік­ке кг м3 кг м3 кг м3 Дүй­сен­бі Сей­сен­бі Сәр­сен­бі Бей­сен­бі Жұ­ма Сен­бі Жек­сен­бі Тәу­лі­гіне ор­та­ша Қолдары Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Басқа 53. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Алатау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 5-қосымша Нысан Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі Жайлылық типі ______________________________________________ Объ­ект Ай Өл­ше­не­тін бір­лік­тің са­ны Қал­дық­тар­дың жи­на­луы Бір­тек­ті емес ко­эф­фи­ци­ент Бө­лек жи­нау, кг жал­пы өл­ше­не­тін 1 бір­лік­ке жал­пы 1 өл­ше­не­тін бір­лік­ке м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Барлығы ____________ Тәулігіне орташа _______________ Қолдары ______________ Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы __________________________________