Об утверждении перечня систем водоснабжения Алматинской области, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «29» желтоқсандағы № 392 қаулысына қосымша Алматы облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі Балқаш ауданы 1 «Ақжар» ауылының сумен жабдықтау жүйесі 2 «Береке» ауылының сумен жабдықтау жүйесі 3 «Құйған» ауылының сумен жабдықтау жүйесі Талғар ауданы 1 «Панфилов (СНК)» ауылының сумен жабдықтау жүйесі 2 «Белбұлак» ауылының сумен жабдықтау жүйесі Қонаев қаласы 1 «Шеңгелді» ауылының сумен жабдықтау жүйесі 2 «Ақөзек» ауылының сумен жабдықтау жүйесі 3 «Кербұлақ» ауылының сумен жабдықтау жүйесі 4 «Сарбұлак» ауылының сумен жабдықтау жүйесі