О проведении месячника по безопасному использованию газа Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі айлық өткізу туралы Сұйытылған газды тұрмыс пен өндірісте қауіпсіз пайдалану ережелерін кеңінен насихаттау, газдандырылған объектілердің техникалық пайдаланылуын жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үстіміздегі жылдың 15 қазанынан 15 қарашасы аралығында облыста «Газ және біздерге арналған ережелер» атты қауіпсіздік айлығы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Қ.Қайруллаев, келісім бойынша) айлық өткізу кезеңінде облыс тұрғындары арасында газды қауіпсіз пайдалану эдістерін белсенді насихаттасын, газдандырылған объектілердің қауіпсіз және апатсыз пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс аумағында газды тарататын жэне біліктілік талаптарға сэйкес мемлекттік лицензиялары бар шаруашылық субъектілерінің басшыларына бағынысындағы жұмыскерлердің кұрылыс нормаларын және талаптарын, қауіпсіздік техникасы ережесі мен технологиялық нұсқаулардың талаптарын сақтау жөніндегі жұмысты күшейту, газдандырылған объектілерге профилактикалық қызмет жасаудың сапасына бақылау, газды қауіпсіз пайдалану тәртібі жөніндегі нұсқаулық беру мен тұрғындардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Меншік түріне қарамастан ұйымдар мен мекемелердің басшыларына айлық өткізу кезеңінде газдандырылған объектілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық «Сыр бойы» (Ж.Рахматулла), «Кызылординские вести» (И.В.Корнилов) газеттерінің редакцияларына, «Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы» жабық ақционерлік коғамының Қызылорда филиалы (А.Шәріп, келісім бойынша) облыстық газеттерде, радио мен теледидарда газды қауіпсіз пайдалану айлығы туралы кеңінен насихаттауды қамтамасыз етсін. Облыстық білім басқармасы (М.Өтемұратов), жоғары және орта арнаулы оку орындарының басшыларына (келісім бойынша) облыс аумағында газды таратумен айналысатын шаруашылық субъектілері өкілдерінің қатысуымен мектептердің және оқу орындарының оқушылары арасында газ пайдалану ережелерін кеңінен насихаттауды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Қ.Қайруллаев, келісім бойынша), газды таратумен айналысатын шаруашылық субъектілері басшылары (келісім бойынша) осы қаулыны орындау бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпаратты облыс әкімінің аппаратына 2003 жылғы 25 қарашаға дейін берсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Есеновке жүктелсін.