Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры, архивов и документации Алматинской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені аумақтық уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 394 қаулысына қосымша «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағында мәдениет, архивтер және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 ықшам ауданы 45 «г» әкімшілік ғимараты.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қзаақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы облысының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу.
Тармақша 2
2) архивтер және құжаттама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру; басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
Тармақша 3
3) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың жергілікті атқарушы органдарының және аудан әкімі аппараттарының, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
Тармақша 7
7) өңірлік көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 8
8) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 10
10) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
Тармақша 11
11) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 15
15) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
Тармақша 16
16) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
Тармақша 17
17) көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» («Үлгілі») атағын беруге өтінімдерді қабылдайды;
Тармақша 18
18) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді;
Тармақша 19
19) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) Мәдениет басқармасының құзыреті шегінде мәдениетті дамыту саласындағы құқықтық актілерді, келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Тармақша 23
23) «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
Тармақша 24
24) Мемлекет басшысының жарлықтары мен актілерінің, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Министрліктің және облыс әкімдігінің қаулылары мен бұйрықтарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақша 25
25) мемлекеттік орган қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасайды;
Тармақша 26
26) ашық деректер интернет порталында Алматы облысында жетекшілік ететін салалары бойынша жинақ ашық деректерді өзектендіруді қамтамасыз ету және орналастырады;
Тармақша 27
27) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 28
28) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтерімен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 29
29) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдерімен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 30
30) облыстың аумағында архив iсi және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Тармақша 31
31) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 32
32) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 33
33) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
Тармақша 34
34) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
Тармақша 35
35) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
Тармақша 36
36) облыстың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасы ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, облыстың аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;
Тармақша 38
38) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
Тармақша 39
39) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекiту;
Тармақша 40
40) ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
Тармақша 41
41) облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
Тармақша 42
42) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияларды құрады;
Тармақша 43
43) Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу және қорғау бойынша жұмыстар жүргізеді;
Тармақша 44
44) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 45
45) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi;
Тармақша 47
47) уәкілетті органмен келісу бойынша тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;
Тармақша 48
48) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде мәртебесінен айырады және оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастайды;
Тармақша 49
49) Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспары негізінде жүргізіледі.
Тармақша 50
50) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
Тармақша 2
2)Басқарма қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 3
3) Өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;
Тармақша 4
4) Өз құзыреті шегінде Басқарманың мүдделерін мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 5
5) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады.
Тармақша 6
6) Басқарманың штат кестесін, жұмыс жоспарын, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) бөлім басшыларын және бас мамандарды, мемлекеттік қызметші емес жұмысшыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 8
8) қызметтік тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
Тармақша 10
10) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын тағайындайды және босатады;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Басқарманың барлық қызметшілерінің орындауы міндетті болып табылатын нұсқаулар береді;
Тармақша 12
12) басқарманы мемлекеттік органдарда және басқа мекемелер мен ұйымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық соттарында басқарма атынан әрекет етеді;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдауға жауапты және өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін заңда көздеген тәртіпте жауаптылықта болады;
Тармақша 14
14) басқарманың барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 15
15) Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді; Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқармада мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқармада өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Басқармада қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 3
3) «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 4
4) «Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Атамекен тарихи-мәдени орталығы»» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 7
7) «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 8
8) «Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) «Алматы облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) «Алматы облыстық музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.