Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление по защите прав детей акимата Костанайской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 164-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін:
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, Қостанай облысының аумағында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрілер және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-құрылыс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен басқаруға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;
Тармақша 2
2) бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;
Тармақша 4
4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылықтар болған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде сұрау салулар жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алу; тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қостанай облысының аумағында бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайдағы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді үйлестіру;
Тармақша 7
7) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 9
9) облыстың аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің балалар еңбегін пайдалану, балалар саудасы фактілерін жою, адам саудасынан зардап шеккен балалардың құқықтарын қорғауды және қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және мониторингілеу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және профилактикасы мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) кәмелетке толмағандарға қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) облыстың аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы және қонақ отбасы мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 12
12) Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, сондай-ақ олардың өңірдегі өкілдерімен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен, үкіметтік емес ұйымдармен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарымен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) қолайсыз отбасылардан шыққан өмірлік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды бақылау, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттарға жататын балалардың жағдайына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру; мұндай балалардың мұқтаждығын анықтау, мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдау шараларын үйлестіру, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да субъектілермен балалардың құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 15
15) балалар арасында және оларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің, буллингтің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
Тармақша 16
16) қатыгездікке (буллингке), кибербуллингке және балалар құқықтарының басқа да бұзылуына ұшыраған немесе куә болған балаларға көмек көрсету;
Тармақша 17
17) жыныстық тәрбие беру және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылықтардың профилактикасы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 18
18) жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 19
19) білім беру ұйымдарында психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметін үйлестіру және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) психологиялық дағдарыс жағдайында қалған балаларға, олардың отбасыларына шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметіне жүйелі талдау жүргізу, оларға әдістемелік көмек көрсетуді үйлестіру;
Тармақша 22
22) су айдындарында суға бату, биіктіктен құлау (оның ішінде терезелерден), тамақтан улану, жануарлардың тістеуі, аттракциондық техниканың істен шығуы, электр тоғының соғуы, өрт, жол-көлік оқиғалары және басқа да себептер бойынша балалардың жарақаттануы мен балалармен жазатайым оқиғалардың қауіпсіздігі мен алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органда айқындалған тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың басшыларын лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату;
Тармақша 24
24) облыстың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгізу;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
Тармақ 16
16. Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы Басқармаға басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма мүдделерін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасасады;
Тармақша 4
4) Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерін көтермелейді;
Тармақша 7
7) Басқарманың құрылымын бекітеді;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 9
9) бұйрықтарға қол қояды және Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 10
10) сенімхаттар береді;
Тармақша 11
11) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.